русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

сұрақтар-жауаптар - Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есеп айырысу (6)


Сұрағыңызды қойыңыз

<<| [1] |>>

22.05.2019 (сұрақтың нөмірі 1431)

сұрақ қойылды: Алтеков  

Сұрақ: Сәлеметсіздер ме ? Осы ОСЕ бойынша қарыз неге бітпейді? Квитанция да алд. көрсет 1637, қаз.көрсеткіш 1659 деп тұр яғни тұтынған суыма 1931тг төлеуім керек. Енді, ОСЕ бойынша қарыз 6674тг деп тұр. Ескерту қағазы келіп тұр 8605тг деп 3күнде төле деп. Бұны қалай түсінем мен тек тұтынған суымды ғана төлеймін.

Жауап: Сіздің өтінішіңіз бойынша, келесіні хабарлаймыз : Сіздің су құбырлар желілеріңіз, тұрғындардың өз қаражат есебінен салынған және ортақ бірлескен меншігі болып табылады (жеке желі). Баланстың бөлу шекарасында Жеткізушінің жалпыкөшелік су есептегіш құралы орнатылған, ол көше тұрғындарының пайдаланған су көлемін есепке алады.Жалпы су есептегіш құралымен жеке су есептегіш құралы көрсеткіштерінің арасындағы айырманы төлеу меншік иелеріні жүктеледі. Қазіргі уақытта, Сіздің мекен-жайыңыз бойынша ЖСӨ-ның қарызы -6674теңгені құрайды және жеке су есептегіш құралы бойынша 1931 теңге қарызыңыз бар. Жалпы мамыр айына қарызыңыз -8605 теңге, қарызыңызды ережеге сәйкес 25 күніне дейін төлеуіңіз керек. Сіз төлемді жартылай 06.05.2019 - 3850 теңге су есептегіш құралы бойынша төлегенсіз, жалпы су есептегіш құралы бойынша төлемегенсіз, сол себепті қарызыңыз көбейген.

22.02.2015 (сұрақтың нөмірі 651)

сұрақ қойылды: басканбаева гульнур куатбековна 

Сұрақ: салеметсиздерма! менин еки балам бар 10 жаска толмаган оларга да су ушин акша толеймизбе7 балаларга женилдик жокпа

Жауап: Құрметті Басканбаева Г.К. Сіздің сайтқа жазған хабарламаңызға төмендегідей хабарлаймыз: сайт ОҚО Шымкент қаласы тұрғындарына арналған. Сымтетік арқылы хабарласқанымызда Сіздің Алматы облысы Үшарал қаласында тұратыныңыз анықталды. Сұрақтарыңыз бойынша тұрғылықты жеріңізге хабарласуыңыз қажет. Халықпен жұмыс істеу бөлім бастығы О.Әлімқұлов

24.01.2015 (сұрақтың нөмірі 637)

сұрақ қойылды: Кенесова Зульфия Бахтияровна 

Сұрақ: 2014жылдың желтоқсан айына келген квитанцияда: алдыңғы көрсеткіш - 1610, соңғы көрсеткіш - 1612, ОСЕ бойышша қарыз - 2193 тенге деп көрсетілген. Ал бұрынғы квитанцияларда тариф бағасы жазылатын. Алдыңғы айларда қарызым болған емес.Сонда мен неге 2куб.м. суды пайдаланғаным үшін - 2193 тенге төлеуге тиіспін? Немесе басқа себептері бар ма?

Жауап: Құлметті Кенесова Зульфия! Сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру жөніндегі қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 5.10.т. сәйкес келесі есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі. Тұтынушыға берілген түбіртекте 25 дейінгі төленген төлем есептеледі. Сіз желтоқсан айына берілген түбіртекті 09.01.15ж төлегенсіз, сол себепті түбіртекке 2193т қарыз болып шыққан. Қаңтар айының түбіртегінде толенген төлеміңіз есептеліп 161т қарызыңыз бар. Қарызыңызды келісіш-шартқа сәйкес төлеуіңіз керек. ХҚКБ басшысы: Әлімқұлов. О

02.12.2014 (сұрақтың нөмірі 599)

сұрақ қойылды: Жумабеков Мадияр Уалиевич 

Сұрақ: Мен 17мкрн 1-үй 64 пәтерде тұрамын. Қараша айының суды пайдаланғаным үшін төлейтін түбіртекте өзім пайдаланған сумен бірге қосымша бөлек 149 тенге қарыз деп келді.Север мкрн-дағы кассаға төлеуге барғанымда, мен осы мәселені сұрағанымда, олар маған подвалдан утечка кеткен сол үшін сіз 149 тенге қарыз болып тұрсыз дейді.Ал, мен оларға ол суды мен пайдаланғаным жок, ол кандай утечка біздің подвал былтыр ғана тазаланып ремонттан өткен, мен пайдаланбаған суға неге мен төлеуім керек, бұл қаншалықты заңды деген сұрағыма ол жактағылар жауап бере алмады. Олардын берген жауабы баратын жағынызға бара берініз Әкімге немесе прокуротураға деп жауап берді. Ал енді мен сіздерден сұрайтыным , біз пайдаланбаған суға не себептен төлеуіміз керек және ол қаншалықты заңды Қазақстан Республикасынын қандай занында қай баптарында жазылған. Осы мәселе бойынша сіздерден нақты жауап алсам деймін, Алдын ала жауаптарынызға рахмет!


б

Жауап: Құрметті Мадияр! ОҚО Әділет департаменті бойынша 17 мөлтек ауданы 1 үй кондоминиум объектісі болып тіркелген. 28 қараша 2003жылы №1194 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 11 тармағына сәйкес, сондай-ақ 15.10.2004жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігімен келісілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шартқа сәйкес «Жеке есептеу құралдары 100% болған кезде жалпы үйдің есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес кондоминиум объектісі меншік иелерінің ақы төленуіне жатады». Қараша айында ортақ су есептеу құралы көрсеткіші мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық анықталып нақты тұратын адамдардың санына сәйкес қосымша төлем ақы есептелген. Сізге ұсынылған түбіртектегі 149теңге қосымша төлем ақыны төлу керек екенін хабарлаймыз Халықпен жұмыс істеу бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.

01.05.2014 (сұрақтың нөмірі 429)

сұрақ қойылды: Б Н Т 

Сұрақ: Д/есеп 53524 бойынша 2014 жылдың сәуір айында 1991-2015 яғни 24 куб су пайдаланыптық, алайда 12 куб-ты 55,98 тарифпен, ал 12 куб-ты 74,60 тарифпен есептеп 1567 тенге төлеуге шығарған, ал 298 тенге не үшін ОСЕ б-ша қарыз деген не сұмдық. Егерде шығын деп есептесе біз шығын үшін, 74,60 тарифімен есептеліп отыр. ҚР заңы бойынша 1 әрекетке азаматтар 2 рет &amp;amp;quot;жазаланбайды&amp;amp;quot; , яғни 1 адам басына (3 куб ), артық жаққан 12 куб суға артығы үшін 74,60 тенгемен санап отырсыздар. ал 298 тенге не үшін,

Жауап: Құрметті Батырова. Жеке су өлшегіш құралымен пайдаланған ауыз су төлем ақысы диференциалды тарифпен дұрыс есептелген. ОСЕ- деген ортақ су есептегіш құралымен есептелеген қарыз. ОҚО Әділет департаменті бойынша Түркістан көшесі 2/7 үй кондоминиум объектісі болып тіркелген. 28 қараша 2003жылы №1194 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 11 тармағына сәйкес, сондай-ақ 15.10.2004жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігімен келісілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шартқа сәйкес «Жеке есептеу құралдары 100% болған кезде жалпы үйдің есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес кондоминиум объектісі меншік иелерінің ақы төленуіне жатады». 2014жылы сәуір айында Түркістан көшесі 2/7 үйде ортақ су есептеу құралы көрсеткіші мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық анықталып нақты тұратын адамдардың санына сәйкес қосымша төлем ақы есептелген. Халықпен жұмыс істеу бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.

24.05.2013 (сұрақтың нөмірі 285)

сұрақ қойылды: Жайлаубаев М. 

Сұрақ: Неге контролер су өлшеуіш құралымен жұмыс істемейді?.Қазіргі уақытта бұл мекен-жайда ешкім тұрмайды.Бірақ квитанция келеді. Яғни ойдан жаза салады.Өтініш қадағалаңыздар.

Жауап: Құрметті Мейірбек мырза ! Сіздің жеке су өлшегіш құралыңыз 339м3 көрсетуде. Сіздің жеке су өлшегіш құралыңыз бойынша соңғы төленген төлем ақыңыз 16 қаңтар 2013 жылы 325м3 суға 1145теңгені құрайды. Көрсеткіш бойынша төленбей қалған қарызыңыз 14м3 суға 573 теңге.

<<| [1] |>>

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары