русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

сұрақтар-жауаптар - Су құбыры және кәріз желілеріне қызмет көрсету (пайдалану) (5)


Сұрағыңызды қойыңыз

<<| [1] |>>

24.05.2017 (сұрақтың нөмірі 1037)

сұрақ қойылды: Аблаев Наби Маханұлы 

Сұрақ: Сәлеметсізба Менин сураиын дегеним Тузелбаев кошесинде жол жондеу жумыстары журип жатыр кәріз жүиеси жургізілген бирак ешкимге косылмаган асфалт тоселмеи жатып кәріз жуиесіне косылсак деген едик тузелбаев кошеси тургындары атынан билеин деген едим ол ушин не істеу керек не кұжат керек кімге жолыгып білуге болады

Жауап: «Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС қызметкерлері хатыңызда көрсетілген Түзелбаев көшесі бойынша анықтау жұмыстарын жүргізді. Анықтау барысында Сіздің аталған көше бойымен өтетін д-250мм-лік кәріз /канализация/ жүйесіне қосылуға мүмкіншілігіңіз бар екендігі анықталды.
Сізге жоғарыда көрсетілген кәріз жүйесіне қосылу үшін:
1. Кәріз жүйесіне қосылуға арыз жазу (Су ресурстары-Маркетинг);
2. Топографиялық сызба дайындау;
3. Кәріз жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттар беруге қорытынды алу;
4. Берілген қорытындыға сәйкес техникалық шарт алу;
5. Алынған техникалық шартқа сәйкес сметалық-жобалық құжаттар дайындау, СЖҚ сәйкес құрылыс жүргізу. Аталған құрылысты лицензиясы бар мекеме жүргізуі тиіс. Сметалық-жобалық құжаттарды дайындау және СЖҚ сәйкес құрылысты абонент өз есебіненжүргізуі қажет екендігін хабарлаймыз.

05.09.2014 (сұрақтың нөмірі 543)

сұрақ қойылды: Жетписбаев Толеген Ерсайнович 

Сұрақ: Біздің Асқаров көшесі 34 үйде, су қысымы қарбалас (час-пик) уақытта, яғни таңғы 7-9 сағат, кешкі 19-21 сағаттарда төмендеп кетеді, сондықтан газколонкалар қосылмай, ыстық суды пайдалана алмаймыз. Ал басқа уақытта су қысымы өз деңгейіне жетеді. Білетіндердің айтуынша біздің үйге келетін құбырдағы ашу-жабу құлағы жартылай ғана ашық тұр екен, оның қандай мақсатта толық ашылмауының себебін білмейміз. Қазіргі жағдай бойынша ауыз сумен қамту стандарттарға сай келмей отыр, сондықтан тұтынушыларды қорғау агенттігіне жүгінбес алдын қызмет көрсетуші ұйымның жауабын алуды жөн көрдік.

Жауап: Т.Е. Жектписбаев мырзаға Сіздің WEB сайт арқылы пәтеріңізде ауыз судың қысымы төмендігін Абай ауданы су құбырын пайдалану бөлімінің жұмысшыларымен орнына шығып тексерілді. Тексеру кезінде үйдің жертөлесінде орналасқансн жалпы су өлшегіш құралына дейін және жалпы су өлшегіш құралынан кейін ауыз судың қысымы жеткілікті екені анықталды (Р – 2,4 ати). Қысымның жеткіліксіз болған себебі, пәтердің ішіндегі су есептегіш құралының сүзгіші толып қалғаны анықталды. «Водомер» ЖШС – нің жұмысшылары сүзгішті тазалағаннан кейін, ауыз судың қысымы жеткілікті. Акт түзілді. Бас директор А. Орман Орын: Қ. Асырауов

07.04.2014 (сұрақтың нөмірі 415)

сұрақ қойылды: нысанбаев Ержан несипбекулы 

Сұрақ: 2014жылдын кантар айынан бастап судын ар кубына толем акы нешеден болды???

Жауап: Құрметті Ержан Несіпбекұлы Сіздің су мен сарқынды суды бұру қызметін қолдануыңызға байланысты, 2014 жылдың қаңтар айынан бастап дифференциалды тариф бойынша 1 тұтынушыға 1 айға 3 м3 – тен бірінші топ бойынша 55,98 тенге, 3 м3 –тан жоғары қолдансаңыз екінші топ бойынша 74,60тенгеден есептеледі. Халықпен жұмыс істеу бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.

10.03.2014 (сұрақтың нөмірі 403)

сұрақ қойылды: Раймкулов Полат Пернебаевич 

Сұрақ: Салеметсiздерме. Мен канализация жайлы сурайын деген едiм, мен енбекшински район крижижановский кошесiнде турамын канализацияга костыра аламын ба? канализациянын трубасы кай жерден откенiн бiлмейтiн едiм. Егер канализациянын трубасы асфальттын ортасымен журсе калай коса аламын?

Жауап: Құрметті Полат Пернебайұлы! Ауыз су және кәріз жүйелеріне қосылу үшін http://www.wrm.kz сайтында «Тұтынушға» бөліміндегі «Техникалық шарт беру тәртібі» менюінде көре аласыз. Крижижановский көшесіндегі жұмыс істеп тұрған диаметрі 900 мм коллекторға қосылу мүмкіндік бар екенін хабарлаймз.

14.05.2013 (сұрақтың нөмірі 262)

сұрақ қойылды: Ислам 

Сұрақ: Біздің көшенің трубасы жарылып асфальттың астынан су шығып жатқанына 7 күн болды, Кошедегі уйлерге су кіріп жатыр Аваринный водоканал қызметкерлері келип жондеп кетсе де су тоқтамады. Соны дұрыстап жондеуіне шұғыл тұрде көмек беріңіздер! Коше тұрғындары наразылық білдіріп сотқа шағымданамыз деп жатыр.

Жауап: Сіз атаған мекен жайдағы, яғни Мелдеходжаев көшесіндегі су құбыры қала бюджеті есебінен мердігер “Бекназ” ЖШС – мен жүргізілген. Мердігердің осы жұмысты сапасыз орындағанының салдарынан су құбыры жиі – жиі жарылуда. Бұл туралы тиісті шара қолдану үшін мердігерге бірнеше рет хат жолданды. Ал бүгінгі күнге, Қорғасын мөлтек ауданының су құбырын пайдалану бөлімі жұмысшыларының күшімен су құбырының ақауы түзетілді.

<<| [1] |>>

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары