+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.7%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.9%
БАҚ
13.2%
Басқа
14.4%
барлық дауыс: 3588
сұрақтар мұрағаты

СҰРАҚТАР-ЖАУАПТАР

Сұрақ беру

Сұрақтар-жауаптар санаттары


Техникалық шарттар (1)
- Қалалық су құбыры мен кәріз желілеріне қосылуға Техникалық шарт алу; жобалық-сметалық құжаттамалар дайындау мәселелері;

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есеп айырысу (6)
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін есептеу және төлеу мәселелері

Су есептегіш құралдары  (3)
- Су есептегіш құралдарын орнату, тексеру, жөндеу және ауыстыру мәселелері.

Су құбыры және кәріз желілеріне қызмет көрсету (пайдалану)  (5)
- Ауыз су сапасы жөніндегі мәселелер;
- Судың болмауы, ауыз су қысымының төмендеуі бойынша мәселелер;
- Су құбыры және кәріз желілерінде су кету, ақаулығы, апаттар бойынша мәселелер;
- Кәріз желілерінің бітеліп қалу мәселелері;
- Су құбыры және кәріздердің үй ішілік желілеріне техникалық қызмет көрсету мәселелері.

Су құбыры желілерін қайта құру және ауыстыру  (0)
- Тозған су құбыры желілерін қайта құру, ауыстыру мәселелері (келісім-шарттар, есептеулер, орындалған жұмыстың сапасы, және т.б.)

Басқа (12)
- Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қызметіне қатысты сұрақтар
- Ұсыныстар, ескертулер, пікірлер.




Соңғы сұрақтар

22.05.2019 (сұрақ нөмірі 1431)
сұрақ қойды:: Алтеков  
Сұрақ: Сәлеметсіздер ме ? Осы ОСЕ бойынша қарыз неге бітпейді? Квитанция да алд. көрсет 1637, қаз.көрсеткіш 1659 деп тұр яғни тұтынған суыма 1931тг төлеуім керек. Енді, ОСЕ бойынша қарыз 6674тг деп тұр. Ескерту қағазы келіп тұр 8605тг деп 3күнде төле деп. Бұны қалай түсінем мен тек тұтынған суымды ғана төлеймін.

Жуап:
Сіздің өтінішіңіз бойынша, келесіні хабарлаймыз : Сіздің су құбырлар желілеріңіз, тұрғындардың өз қаражат есебінен салынған және ортақ бірлескен меншігі болып табылады (жеке желі). Баланстың бөлу шекарасында Жеткізушінің жалпыкөшелік су есептегіш құралы орнатылған, ол көше тұрғындарының пайдаланған су көлемін есепке алады.Жалпы су есептегіш құралымен жеке су есептегіш құралы көрсеткіштерінің арасындағы айырманы төлеу меншік иелеріні жүктеледі. Қазіргі уақытта, Сіздің мекен-жайыңыз бойынша ЖСӨ-ның қарызы -6674теңгені құрайды және жеке су есептегіш құралы бойынша 1931 теңге қарызыңыз бар. Жалпы мамыр айына қарызыңыз -8605 теңге, қарызыңызды ережеге сәйкес 25 күніне дейін төлеуіңіз керек. Сіз төлемді жартылай 06.05.2019 - 3850 теңге су есептегіш құралы бойынша төлегенсіз, жалпы су есептегіш құралы бойынша төлемегенсіз, сол себепті қарызыңыз көбейген.


02.11.2017 (сұрақ нөмірі 1131)
сұрақ қойды:: Cатыбалдиев Жүрсінбек Көпбаевич 
Сұрақ: Саламатсыздар ма? Мен өзім 2-ші топтағы мүгедекпін. Біздің көшеден өтетін канализация трубалары (4-ші коллектор) ескіріп, әбден тозығы жеткен. Жаңбырлы күндері тесілген канализация трубаларынан су атқылап, кір-лай су тасып, біздің және көрші үйді су басып қала береді. Үйден шыға алмай, балаларымыз сабақтан да қалып жатады.Бұл бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Сіздердің тараптарыңыздан жұмысшылар келіп трубаны тазалағанмен еш нәтиже жоқ. Кішкене арық қазып береді,су ағып кетсін деп, бірақ оны судың қатты ағысы бұзып біздің үйге қарай су тасып кете береді..Бұлай жалғаса берсе үйіміздің опырылып құлап қалуы ғажап емес. Міне қайтадан жаңбырдың сезоны басталайын деп жатыр, яғни біздің үйімізді су басып қалу проблемасы басталғалы жатыр. Ескірген канализация трубаларын қашан дұрыстап жөндеп бересіздер, немесе жаңа трубаларға ауыстырасыздар? Сіздерге сол жаңбырлы күнгі бірнеше суретті жіберіп отырмын.

5.11 Mb

Жуап:
Хатыңызда көрсетілген мәселеге байланысты Нұрсат мөлтекауданының ирригация /арық/ жүйелері «Дендросаябақ» аумағынан тоқтаған, нөсер жауын-шашын кезінде барлық артық сулар «Дендросаябақ» аумағына жиналғандықтан тұрғындар кәріз құдықшаларының қақпақтарын ашып, артық суларды кәріз жүйесіне жіберуде, сол себепті Солтүстік-Батыс м/а, Ізгілік көшесінде «Дендросаябақ» аумағынан келетін ауқымды сулар кәріз жүйелерінен сыртқа тасып, аталған көше сайлы аумақта орналасқандықтан барлық артық жауын-шашын сулары осы көше бойына жиналатындығы анықталды.
Аталған мәселеге байланысты «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметкерлерімен Солтүстік-Батыс м/а, Ізгілік көшесі бойынша д-1000мм-лік орталық кәріз құбырына 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығында тазалау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда аталған кәріз коллекторына 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ/ПСД) әзірленген.
Осыған орай жоғарыда көрсетілген кәріз коллекторға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру 2018 жылы жоспарлануына байланысты, аталған кәріз коллекторға күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілетіндігін хабарлаймыз.


08.06.2017 (сұрақ нөмірі 1053)
сұрақ қойды:: Уксумбаева Рахима  
Сұрақ: су өлшегіштін жанындағы басты винтелдин жоқтығына байланысты,,,оган кім жауапты? және контолердин басты миндеттер кандай?

576.97 Kb

Жуап:
Тұтынушымен кездесу барысында, тұтынушының су есептегіш құралы үй жанындағы арнайы қорапта орналасқаны,су құбырының пайдалану тиесілігі бөлу шекарасы жәшіктегі су есептегіш құралының алдыңғы жағында орнатылған бұру жүйесі (вентиль) болып табылатындығы түсіндірілді. Бұру жүйесінен (вентиль) кейін үйдегі кранға дейін Сіздің меншігіңіз болып табылады. Су құбыры жүйесін жүргізу кезінде, Сіз үйдің ауласына апатты бұру жүйесін вентиль орнатуыңыз қажет.
Қызмет берушінің өкілі ұсынылған қызметтер үшін уақытылы және толық көлемде ақы алуға, төлем құжатын ұсынуға, су есептегіш құралының көрсеткішін кесте бойынша алуға және тұтынушыларға қызмет көрсетудің теңдік жағдайын ұстауға міндетті.


24.05.2017 (сұрақ нөмірі 1037)
сұрақ қойды:: Аблаев Наби Маханұлы 
Сұрақ: Сәлеметсізба Менин сураиын дегеним Тузелбаев кошесинде жол жондеу жумыстары журип жатыр кәріз жүиеси жургізілген бирак ешкимге косылмаган асфалт тоселмеи жатып кәріз жуиесіне косылсак деген едик тузелбаев кошеси тургындары атынан билеин деген едим ол ушин не істеу керек не кұжат керек кімге жолыгып білуге болады

Жуап:
«Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС қызметкерлері хатыңызда көрсетілген Түзелбаев көшесі бойынша анықтау жұмыстарын жүргізді. Анықтау барысында Сіздің аталған көше бойымен өтетін д-250мм-лік кәріз /канализация/ жүйесіне қосылуға мүмкіншілігіңіз бар екендігі анықталды.


Сізге жоғарыда көрсетілген кәріз жүйесіне қосылу үшін:

1. Кәріз жүйесіне қосылуға арыз жазу (Су ресурстары-Маркетинг);

2. Топографиялық сызба дайындау;

3. Кәріз жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттар беруге қорытынды алу;

4. Берілген қорытындыға сәйкес техникалық шарт алу;

5. Алынған техникалық шартқа сәйкес сметалық-жобалық құжаттар дайындау, СЖҚ сәйкес құрылыс жүргізу. Аталған құрылысты лицензиясы бар мекеме жүргізуі тиіс. Сметалық-жобалық құжаттарды дайындау және СЖҚ сәйкес құрылысты абонент өз есебіненжүргізуі қажет екендігін хабарлаймыз.


01.03.2017 (сұрақ нөмірі 1009)
сұрақ қойды:: иманкулова жанар нурымбетовна 
Сұрақ: Саламатсиздарма!менин сурагым маган осы акпан айына суга 5192 тенге келген.Биз уйде болмаймыз неге осы айга коп сомма келген?

Жуап:
При встрече с выездом на место, произведена проверка, при которой показания прибора учета на 03.03.2017года составляют 2136м3 пломбы имеются, показания соответствуют. Вам дано разъяснение по поводу утечки на Вашей линии, которую устранили по заявке аварийной службой в феврале месяце. Зафиксированный расход воды прибором учета составил 63 м3 которые вами оплачены 28.02.2017года в сумме 4862 тенге и по ОВМ 232 тенге. Абонент с разъяснением согласна и претензии не имеет.


07.06.2016 (сұрақ нөмірі 876)
сұрақ қойды:: Айнабеков  
Сұрақ: Саламатсыздарма. ком.услиганы каспий терминалы аркылы толеуге боладыма

Жуап:
Саламатсыз ба ! Айнабеков мырза
Сіздің WEB-сайтқа жолдаған сұрағыңызға коммуналдық қызметті Каспий терминалы арқылы төлеу мумкін .Сіз Kaspi KZ cайтына кіріп тіркелуіңіз қажет.
Қосымша Каspi KZ сайтына тіркелу парағы.
https://cloud.mail.ru/public/3QyH/HmucihyUu


“Cу ресурстары-Маркетинг”
ЖШС-нің бас директоры Орман А.О.


Орын: Алиева Л.Б.
Тел 32-11-96


22.02.2015 (сұрақ нөмірі 651)
сұрақ қойды:: басканбаева гульнур куатбековна 
Сұрақ: салеметсиздерма! менин еки балам бар 10 жаска толмаган оларга да су ушин акша толеймизбе7 балаларга женилдик жокпа

Жуап:
Құрметті Басканбаева Г.К.

Сіздің сайтқа жазған хабарламаңызға төмендегідей хабарлаймыз: сайт ОҚО Шымкент қаласы тұрғындарына арналған. Сымтетік арқылы хабарласқанымызда Сіздің Алматы облысы Үшарал қаласында тұратыныңыз анықталды.
Сұрақтарыңыз бойынша тұрғылықты жеріңізге хабарласуыңыз қажет.

Халықпен жұмыс істеу бөлім бастығы О.Әлімқұлов



24.01.2015 (сұрақ нөмірі 637)
сұрақ қойды:: Кенесова Зульфия Бахтияровна 
Сұрақ: 2014жылдың желтоқсан айына келген квитанцияда: алдыңғы көрсеткіш - 1610, соңғы көрсеткіш - 1612, ОСЕ бойышша қарыз - 2193 тенге деп көрсетілген. Ал бұрынғы квитанцияларда тариф бағасы жазылатын. Алдыңғы айларда қарызым болған емес.Сонда мен неге 2куб.м. суды пайдаланғаным үшін - 2193 тенге төлеуге тиіспін? Немесе басқа себептері бар ма?

Жуап:
Құлметті Кенесова Зульфия!

Сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру жөніндегі қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 5.10.т. сәйкес келесі есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі.
Тұтынушыға берілген түбіртекте 25 дейінгі төленген төлем есептеледі. Сіз желтоқсан айына берілген түбіртекті 09.01.15ж төлегенсіз, сол себепті түбіртекке 2193т қарыз болып шыққан. Қаңтар айының түбіртегінде толенген төлеміңіз есептеліп 161т қарызыңыз бар.
Қарызыңызды келісіш-шартқа сәйкес төлеуіңіз керек.

ХҚКБ басшысы: Әлімқұлов. О



02.12.2014 (сұрақ нөмірі 599)
сұрақ қойды:: Жумабеков Мадияр Уалиевич 
Сұрақ: Мен 17мкрн 1-үй 64 пәтерде тұрамын. Қараша айының суды пайдаланғаным үшін төлейтін түбіртекте өзім пайдаланған сумен бірге қосымша бөлек 149 тенге қарыз деп келді.Север мкрн-дағы кассаға төлеуге барғанымда, мен осы мәселені сұрағанымда, олар маған подвалдан утечка кеткен сол үшін сіз 149 тенге қарыз болып тұрсыз дейді.Ал, мен оларға ол суды мен пайдаланғаным жок, ол кандай утечка біздің подвал былтыр ғана тазаланып ремонттан өткен, мен пайдаланбаған суға неге мен төлеуім керек, бұл қаншалықты заңды деген сұрағыма ол жактағылар жауап бере алмады. Олардын берген жауабы баратын жағынызға бара берініз Әкімге немесе прокуротураға деп жауап берді.
Ал енді мен сіздерден сұрайтыным , біз пайдаланбаған суға не себептен төлеуіміз керек және ол қаншалықты заңды Қазақстан Республикасынын қандай занында қай баптарында жазылған. Осы мәселе бойынша сіздерден нақты жауап алсам деймін, Алдын ала жауаптарынызға рахмет!

11.05 Kb

Жуап:
Құрметті Мадияр!

ОҚО Әділет департаменті бойынша 17 мөлтек ауданы 1 үй кондоминиум объектісі болып тіркелген.
28 қараша 2003жылы №1194 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 11 тармағына сәйкес, сондай-ақ 15.10.2004жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігімен келісілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шартқа сәйкес «Жеке есептеу құралдары 100% болған кезде жалпы үйдің есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес кондоминиум объектісі меншік иелерінің ақы төленуіне жатады». Қараша айында ортақ су есептеу құралы көрсеткіші мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық анықталып нақты тұратын адамдардың санына сәйкес қосымша төлем ақы есептелген. Сізге ұсынылған түбіртектегі 149теңге қосымша төлем ақыны төлу керек екенін хабарлаймыз

Халықпен жұмыс істеу
бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.


04.11.2014 (сұрақ нөмірі 580)
сұрақ қойды:: Изенова Салтанат Бакытжанкызы 
Сұрақ: Мен. Мкр "Акжайык"кайтпас-2 тургынымын. Осымен тортинши рет жазып отырмын сиздерге. Су маселесин накты Кашан шешип бересиздер? Осыдан 20 кун бурын телевидение шакыртып тусирген болатын. Осыдан кейн оширмеуге уаде беремиз деп акталган болатын. Ертесине оширип тастады содан бери су козин кормедик. Улкен еси бар окыган кисилер мине битирип беремиз ертеннен бастап су беремиз деп алдап жургендерине мине 3 жыл кетип бара жатыр.Уят кой Уят! Кулагымызга тагы нешинши отирикти илесиздер? Жазда жаз деди енди кыс болды гой Су Кашан Болады?

Жуап:
С.Б. Изенова ханымға

Сіздің WEB сайтқа жазған арызыңыз біздің тарапымыздан шұғыл түрде тексерілді. Тексеру кезінде 2010 – 2011 жылдары «Ақ - бұлақ» бағдарламасымен мемлекеттің қаржысына су құбырлары жүргізілген. Тапсырма беруші: Қалалық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық бөлімі. Мердігер: «Энерго строй сервис» ЖШС-гі. Салынған құбырдың сапасыздығынан аптасына екі -үш рет жарылып, тұрғындар ауыз сусыз қалуда. «Су ресурстары - маркетинг» ЖШС – нің қатысы жоқ. Ал бұл мәселені түбегейлі шешу үшін, құбырды қайтадан салу керек. Сонда ғана тұрғындар үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Бас директор А. Орман


Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж