+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
13.0%
Басқа
14.1%
барлық дауыс: 3307
сұрақтар мұрағаты

ЖАҢАЛЫҚТАР - 18.02.2019

Кез-келген қызметкер автоматтандырудың өте пайдалы іс екенін айта алады. Онсыз әлемді елестету қиын, өйткені бүгінгі күні өмірдің барлық салалары автоматтандырылған. Мекемені автоматтандыру – өте маңызды мәселе. Осы үрдісті дұрыс ұйымдастырған жағдайда өте жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің бөлімі болып табылады. Бұл бөлім «Сен өз мекемеңді білесің бе?» акциясының кезекті қатысушысы болды. Іс-шараға дайындықтың өзі бөлімде шығармашыл, озық ойлы жастар жұмыс жасайтынын көрсетті. Олар өз бөлімі туралы арнайы бейнефильм түсірді, әлеуметтік желілерде хабарландыру берді, іс-шараны тікелей эфирде көрсетті.

Акция бөлім қызметкерлерінің ерекше түгендеуінен басталды. Мұражай меңгерушісінің су арнасы тарихы туралы әңгімесінен кейін бөлім басшысы Н.Бекбаев қарапайым смартфон арқылы қалай телевизорды компьютерге айналдыруға болатынын көрсетті. Акцияға осы бөлімнің бастауында болған кісілер шақырылып, олар мекемеде тіпті компьютерлер болмаған кездер туралы айтып берді.

Бөлімді акцияға қатысуымен құттықтауға А.Орманның өзі келді, ол өз сөзінде бұл бөлімнің мекемені цифрландыру мен автоматтандырудағы маңызды орталық екенін атап өтті. Мекеменің логотипі бар дәстүрлі тортты қабылдағаннан кейін бөлім қызмекткерлері қонақтарға өздерінің ерекше сыйлығын ұсынды – компьютерлік клавиатура түрінде жасалған тәтті. Эстафета ГИС және КИПиА бөлімдеріне Жастар жылының символымен бірге берілді.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж