+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
35.0%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
13.1%
Басқа
13.9%
барлық дауыс: 3241
сұрақтар мұрағаты

ЖАҢАЛЫҚТАР - 15.04.2019

Біз алдын жазғандай, су арнасы кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысқа кірісті. Бірақ, бұған дейін экскурсияда негізінен орта буын оқушылары болған болса, бұл жолы қонаққа Шымкенттегі үздік мектептердің бірі – №65 мектептің 11 бітіруші сыныптың оқушылары келді.
Мұражайда оларды оқу орталығының меңгерушісі М.Медетбекова қарсы алды. Ол сумен жабдықтау жүйесімен байланысты мамандық таңдаудың барлық мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Су арнасы қазіргі уақытта ОҚМУ-мен арнайы факультет ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, дуальді жүйе бойынша болашақ студенттер кәсіпорында оқудың 40% өткізеді. Су шаруашылығында бұл үшін барлық жағдай бар: керемет материалдық база, тәжірибелі мамандар, екінші курстан жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Балалармен кездесуге күрделі құрылыс бөлімінің жас басшысы Б.Турлыбеков келді. Ол бөлімі туралы, оның қызметкерлері немен айналысатынын қысқаша айтып берді. Жас басшы мамандықты таңдау өмірдегі маңызды шешімдердің бірі болып табылатынын атап өтті, сондықтан оған барлық жауапкершілікпен қарау керек. Балалар су арнасында жұмыс істеу үшін қандай жоғары оқу орнына түсу керек, қандай мамандықты таңдау керек екеніне, оған қандай гранттар бөлінетініне қызығушылық танытты. Бұлан «Су ресурстары және оларды пайдалану» мамандығы бойынша ОҚМУ түлегі екенін айтты, жалпы ол жоғары сынып оқушыларына техникалық мамандықтарды таңдауға кеңес берді, себебі қазір мемлекет осы бағытта көптеген гранттар бөледі.
Оқушылар орталық диспетчерлік қызметінде болды, онда инженер Б.Шойынбаев бөлімнің жұмыс принципін көрсетті, цифрлы технологиялар арқасында бір уақытта қаланың 40 нүктесіндегі сумен жабдықтау желілерінің жай-күйін үздіксіз мониторингілеу үдерісі айтарлықтай жеңілдегенін, осыған байланысты жүйе ақаулықтары жылдам жойылатынын айтып өтті.
Экскурсияның соңғы нүктесі – зертхана. Мұнда оқушылар судың құрамын зерттеу процесінің куәгері болды Және тағы да балаларға техникалық мамандықтарды таңдауға кеңес берілді. Зертхана меңгерушісі Г.Жауылбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта су арнасына географиялық ақпараттық жүйе мамандары, жобалаушылар, электроника инженерлері, IT-мамандары қажет.
Қандай мамандыққа басымдылық беру – балалар еншісіне қалдырылған таңдау. Қалай да болмасын, ең бастысы – бұл көңіліңнен шығатын, жаның сүйетін жұмыс болуы тиіс.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж