+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.4%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.3%
барлық дауыс: 3440
сұрақтар мұрағаты

ЖАҢАЛЫҚТАР - 11.06.2019

4 маусымда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нде Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының студенттері болды (Нұр-Сұлтан). Практика жетекшілері мен студенттер су арнасының маңызды нысандарына қызықты және танымды экскурсия үшін алғысын білдірді. Төменде студенттердің практика туралы пікірін ұсынамыз.
«Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған. Филиал жыл сайын Қазақстан Республикасының әртүрлі қалалары мен аудандарында экология және табиғатты пайдалану бағытында екінші курс студенттерінің практикасын ұдайы жүргізеді. Бұл практика оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Оның міндеті – аймақтың экономикалық-географиялық және физикалық-географиялық ерекшеліктерімен, аймақтағы ең маңызды өнеркәсіптік ұйымдардың өндіріс процестерімен танысу. Тәжірибені МГУ-ң Қазақстандық филиалының өкілдері мен МГУ-ң география факультетінің жетекші мамандары ұйымдастырады.
Соңғы екі жылда Шымкент қаласы мен Түркістан облысы маңындағы елді мекендер тәжірибе аясында студенттерді оқытудың нысаны болды. 2019 жылы тәжірибе жетекшілері екінші рет «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң объектілерін аралап көрді және әрбір құрылымдық бөлімшеде жұмыс Қазақстан Республикасындағы ең үздік тәсілмен ұйымдастырылғанын атап өтті. Атап айтқанда, мекеме су ресурстарын үнемдеу бойынша өзінің тұтынушыларымен жүйелі жұмыс жасайды. Жұмыстың нəтижелері объективті көрсеткіштермен расталады: нақты суды тұтыну айтарлықтай төмендеді. Шайынды суларды тазарту қондырғысында Қазақстан үшін бірегей болып табылатын биогазды өндіру бойынша тұнбаны өңдеу технологиясы жүзеге асырылған, бұл кәсіпорынның энергия қажеттіліктерін ішінара жабуға мүмкіндік береді. Алынған биогазды тазарту жүйелерін жетілдіру жоспарлануда. Өсіп келе жатқан халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тазарту қондырғысының қуаттылығы үнемі артып келеді. Су қабылдағыш заманауи технологиялардың қолдануымен ұйымдастырылған және қаланы жоғары сапалы сумен қамтамасыз етеді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуіне елеулі үлес қосып отырғанын айтуға болады.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң басшылығына, сондай-ақ барлық қызметкерлеріне танымдық экскурсияларын өткізуге көмектескені үшін алғысын білдіреді және одан әрі тиімді ынтымақтастыққа үміттенеді.
Құрметпен, М.В.Ломоносов ат. МГУ Қазақстандық филиалы
экология және табиғатты пайдалану
кафедрасы меңгерушісінің орынбасары
Владимир Сергеевич Дехнич»

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж