+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.1%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.1%
БАҚ
13.2%
Басқа
14.1%
барлық дауыс: 3387
сұрақтар мұрағаты

Концеренциялар және семинарлар

Шымкент су арнасының басшылығы БАҚ өкілдерімен кездесті

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 2019 жылдың 7 ақпанында БАҚ өкілдері үшін биылғы жылдағы бірінші пресс-конференциясын өткізді. Іс-шараға 14 республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы А.О.Орман «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру туралы көптеген нақты фактілер мен көрсеткіштерге сілтеме жасай отырып, егжей-тегжейлі айтып берді.

«Биомех» ЖШС-нің директоры, тазалау қондырғыларын пайдалану бөлімінің бастығы И.Г.Казаринованың баяндамасы өте эмоционалды әрі қызықты болды. Ол бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – кәріз жүйелерін дұрыс пайдалану проблемасын көтерді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. «Казахстанская правда»: Сіз цифрландыруға кететін жалпы шығындарды алдын ала есептеп көрдіңіз бе және цифрлық технологияларды енгізудің әсері қандай?

Ответ: Әрине, кез-келген жаңа жобаға инвестиция салудан бұрын, біз алдымен инновацияны енгізу қаншалықты шығындарды өтейтінін қарастырамыз. Мысалы, Ақбай-Қарасу су қоймасында бұрын 80 адам жұмыс істейтін, өйткені олар 40 ұңғымаға қызмет көрсетіп, барлық индикаторларды қолмен жазып шығатын еді, енді барлық көрсеткіштер орталық диспетчерлік қызметте дереу мониторға жіберіледі және кез-келген ақауларға жедел шаралар қабылданады. Ағынды суларды тазарту қондырғыларында да солай. Осылайша біз электр энергиясының 30% -ын үнемдедік. Сондықтан, цифрландыру – өзін-өзі қамтамасыз ететін пайдалы жоба. Жұмсалған қаражат 5-6 жыл ішінде қайтарылады. «Казахстанская правда»: Кейде қаланың тротуары және көшелерінде қоғамдық тамақтану пункттері дәретханаларынан, автокөлік бекеттерінен ағып жатқан қалдықтарды көруге болады. Су арнасы осы бағытта не істейді әлде бұл проблема мекеме құзыретіне кірмей ме?

Жауап: Біз коммерциялық құрылымдарды орталық кәріз жүйесіне қосылуға мәжбүрлей алмаймыз. Осы мәселені көтердік, қалалық әкімшілікке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке, экологиялық басқармаға, әлеуметтік желілерге жаздық, бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Егер бақылаушы органдар осы мәселеге назар аударатын болса, біз ынтымақтастыққа дайынбыз

«Курсив»: Күнделікті кәріз жүйесіне қанша қоқыс түсетіні бойынша белгілі бір статистика бар ма, техникалық жабдықтарға кесірі тие ме және шығындар қалай төленеді? Жауап: Тәулігіне 2-3 текшеметр қоқыс шығады. Әрине, құрал-жабдықтарға зиян келеді, олар істен шығады. Бұл мәселеге байланысты қосымша шығындар бар, зиянды келтірген мекеме анықталған жағдайда шығындарды солар өтейді.

«Южный Казахстан»: Бүгін қаланың түрлі бөліктерінде судың әртүрлі дәмі бар деп айтылады. Бұл рас па?

Жауап: Бұл ақпарат дұрыс емес, бүгінгі таңда Ақбай-Қарасу су қоймасынан судың 95% -ы, Бадам-Сайрам және Тассайдан 5%-ы алынады, дегенмен барлық жерде судың сапасы бірдей.

ТВ «Отырар»: Су қалай тазартылады және үйде су фильтрларын пайдалану қажет пе? Жауап: Суды тазарту кезінде біз натрий гипохлоритін қолданамыз. Су 34 параметр бойынша тексеріледі, ол физикалық, химиялық және бактериологиялық талдау болып табылады. Егер нормалар сақталмаған болса, біз осы учаскеде сумен жабдықтауды тоқтатамыз және тексереміз. Шымкент суының құрамында адам ағзасына пайдалы көптеген элементтер бар. Фильтрден өткен кезде бұл пайдалы элементтер жуылып кетеді, сондықтан су фильтрлерін бізде орнатудың қажеті жоқ.

«Оңтүстік рабат»: Сіз Шымкенттегі жүз мыңнан астам жеке үйден 11 мыңға жуығында ғана кәріз бар екендігін айттыңыз. Бұл мәселеде қандай кедергілер бар? Қалған үйлерде кәріз қашан болады?

Жауап: Біз бұл мәселені әкімшіліктің алдында көтердік, екі жыл бұрын бюджеттен 17 мың үйге арнап қаражат бөлінген, бірақ тендерді жеңіп алған сауаттылығы, біліктілігі төмен кәсіпорындардың кесірінен бұл жұмыс аяқталмады. Қазіргі уақытта кәріз жүйелерін кезең-кезеңмен іске қосылуын жоспарлап отырмыз, 2019 жылы осы он жеті мың үйде ағынды сулар ағызылатын болады. Бұдан басқа, біз 2029 жылға дейін қаланың дамуының бас жоспарына сәйкес жобалық құжаттарды дайындадық, мәслихат бекітуінен соң бұл мәселе ретімен шешіледі деп ойлаймыз.

«Егемен Қазақстан»: Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарының Шымкент қаласына қосылған елді мекендерінде кәріздік жүйелер жоқ. Бұл бағытта қандай жұмыстар жоспарлануда?

Жауап: Қалаға қосылған шамамен 30 ауыл «Таза су» бағдарламасы бойынша кезінде сумен қамтамасыз етілген, қаражат жұмсалған, бірақ, өкінішке орай, орындалған жұмыстардың сапасы сын көтермейді. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттардың арқасында біз 4-5 ауылға су өткіздік, ендігі кезекте 2019-2020 жылдарға арналған жобалау-сметалық құжаттарды әзірледік, осылайша бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

«Су ресурстары-маркетинг» жұмысшылары партия бағдарламасының жобасын талқылады

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейін бағдарламасының жобасын талқылау мақсатында «Онтүстік су» филиалының «Су ресурстары-Маркетинг» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиналысқа төрағалық еткен «Онтүстік-су» филиалының төрағасы, саяси кеңес мүшесі Мұхтар Садықов ел тарихындағы партияның ролі туралы айтып өтті.

- 1 наурызда «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы атап өтіледі. Партия тарихы тәуелсіз Қазақстанның дамуымен және жетістіктерімен тығыз байланысты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Елбасының сарабдал саясаты арқасында еліміздің тәуелсіздігін нығайта алды, қысқа мерзімде мемлекеттің берік іргетасын қалады. Экономикалық реформалар сәтті жүргізілді, ел дамуының стратегиялық жоспарлары әзірленіп, жүзеге асырылды. Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне өтті,- деді ол.

-Осы кезеңде стратегиялық жоспарлар арқасында «Су ресурстары-Маркетинг» компаниясы өз қызметі барысында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Технологиялық процестерді цифрлау жүргізілуде. Су қабылдайтын құрылыстардан түпкілікті тұтынушыға дейінгі сумен жабдықтау автоматтандырылған үдерісті басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады, барлық негізгі көрсеткіштер - желінің қысымы, шығыны, ағып кетуі орталық диспетчерлік қызмет көрсету орталығында мониторда көрсетіледі. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында жаңа қала маңындағы елді мекендерге сумен жабдықтау желілері беріліп, тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілді, барлық тұтынушыларға суды есепке алу құрылғысы орнатылды. Қаланың тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1000 км-де ағынды суларды бұру желілері өткізілді. Қызметкерлердің деңгейі өсіп келеді, олар үшін кәсіпорын базасында оқу орталығы құрылды. Кәсіпорында әлеуметтік мәселелер де шешілуде, - деп атап өтті төраға.

- Партияның бағдарламасында «Нұр Отан» қазақстандықтардың сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етілуін қолдайтынын атап өтті. Тұрақты баспана – әрбір адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі. Біздің қызметкерлеріміздің 40 пайызы – 30 жасқа дейінгі жастар. Олардың көпшілігінде өздерінің жеке тұрғын үйлері әлі жоқ. Осыған байланысты біз жас отбасыларға ипотекалық тұрғын үй алу үшін ставкаларды төмендету туралы ұсыныс жасауға ниет білдіреміз, - деді «Су ресурстары-Маркетинг» қауымдастығының төрағасы Бақыт Жолдаров.

Бастауыш партия ұйымының белсенді мүшесі Әбидін Сәкенов тұрғын үй, білім беру, жұмысқа орналастыру сияқты негізгі қажеттіліктермен қатар, жастардың рухани қажеттіліктерін шешу қажет дейді.

- Қазіргі қазақстандық қоғам үшін әр жас қазақстандықтың патриотизм сезімін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру маңызды болып тұр. Осы мақсаттарда қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаны әзірлеу қажет деп есептейміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл бағдарламаның негізі бола алады, - дейді партия белсендісі.

Кездесу барысында партия мүшелері білім беру, медицина, шағын және орта бизнесті дамыту туралы ұсыныстар енгізді. Тұтастай алғанда, партия мүшелері 2030 жылға дейін партияның ұсынылған жобасының бағдарламасын қолдады.

Арнаулы Американдық Іс Тағылымдамалық Бағдарлама

SABIT бағдарламасы туралы

SABIT бағдарламасы 1990 жылы АҚШ Сауда Министрлігінде Халықаралық Сауда Әкімшілігімен Вашингтонда әзірленген. Бағдарламаның мақсаты – ТМД елдері – Армения, Әзірбайжан,Беларусь,Грузия, Казахстан,Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікістан, Түркменістан, Украина және Өзбекстан – экономикасын қайта құрылымдауға ықпал ету.

SABIT ТМД елдерінің кіші, орташа және және жоғары буынды менеджерлеріне,ғылымдарына және инженерлеріне Американдық кіші, орташа және ірі компаниялардында және мемлекеттік емес ұйымдарда тағылымдама жүргізеді.
Бұл жылы « Муниципалды су жүйелерін басқару» бағдарламасы бойынша тағылымдама 8-ші тамыздан 30-шы тамызға дейін АҚШ-та өтті. Оған 6 таяу шет елдерінің 17 делегаты қатысты: Украинадан – 6 адам, Грузия – 3 адам, Қахақстан -1 адам, Түркменістан – 1 адам, Әзірбайжан – 3 адам, Тәжікістан – 3 адам.
Біз төрт ірі қалаларда болып шықтық: Вашингтонда Колумбия округі, Милуоки Висконсия штаты, Чикаго Иллинойс штаты және Денверде Колорадо штаты, және де 26 түрлі су-шаруашылық кәсіпорнын, зауыттарда, негізінен механизм өндірісімен,құралдар және су арналарына арналған жабдықтарды өндірумен айналысатын компанияларда болдық. Одан басқа,біз бірнеше су ассоциациясын, кеңестерді және институттарға кіріп шықтық.

Сондай-ақ, бағдарлама ұйымдастырушылары қала бойынша шолу, музейлерге және басқа да көркемді жерлерге экскурсиялары бар мәдени бағдарлама қарастырған.

Біздің топ Ақ үй аясында

Washington Aqueduct (Вашингтон Акведук)

Washington Aqueduct кәсіпорны Колумбия округі, Арлингтон және Виржиния мен Фолз Черч қалаларында сондай-ақ, оның қызмет көрсететін аумағында тұратын, жұмыс істейтін немесе қонақта жүрген бір милллиондай адамға ауыз суын береді. Aqueduct кәсіпорны АҚШ-ң инженерлік әскерін басқарудың Балтиморлық аймақтық бөлімшелерінің бірі болып келіп, меншікте және федералдық үкімет басқаруында болатын мемлекеттік сумен жабдықтау ұйымы болып келеді. Ол күн сайын орта есеппен 700 мың текше метр суды Колумбия округінде орналасқан екі тазарту құрылғыларында өндіреді.

Dalecarlia суды тазарту стансасы

Алғашқы Dalecarlia суды тазарту стансасы 1928 жылы құрылған болатын. 1950-ші жылдары стансаның өнімділігі екі қосымша бассейн-тұндырғыштар, сыйымдылығы 113 мың м3 болатын таза су резервуарын, өнімділігі тәулігіне 2180 мың текше метрден асатын су беруге даяр қайта айдау стансасын және қосымша сүзгілерді ендіру арқасында артты.1964 жылы химиялық өңдеудің жаңа ғимараты және қосымша сүзгі қондырғыларының корпусы салынды.Станса тәулігіне 620 мың текше метрдей өнімділігімен сипатталады,ол сүзудің 1 текше метрге 84 литр/минутына жылдамдығы кезінде болады, ал максималды өнімділігі тәулігіне 1 млн-ға жуық текше метр болады.Стансада қолданылатын өңдеу сызбасымен торлы сүзгілер арқылы өткізу, флокуляция үшін химиялық реагенттерді қосу және өлшенген затттарды тұнбалау, құм арқылы белсенді сүзу және хлордау, фторлау және рН реттеу үшін химиялық қосындыларды енгізуді үшін қарастырылған.

Джонс Айленд тазарту құрылғылары

Джонс Айленд тазарту құрылғылары 1926 жылы ашылып, ал 1974 жылы азаматтық құрылыстың тарихи ескерткіші ретінде жарияланды.Олар әлемдік танымалықты ағынды суларды тазартудың жаңашыл технологиялары үшін және де әлемдегі бірінші болып « Милорганит» тыңайтқышын ағындарды тазартудағы қосалқы өнім ретінде шығара бастады. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 1,4 миллионнан астам текше метрді құрайды. Нысан Милуоки қаласының меншігінде болып табылады және « Веолия Уотер» компаниясымен пайдалынады.

Culligan (Каллиган ) компаниясы

«Каллиган» компаниясы су өңдеуге арналған өнімдерді ұсынады. Оның штаб-кеңсесі штат Иллинойс, Роузмонт қаласында орналасқан. «Каллиган» суды жұмсартқыштарда, суды сүзгілеу жүйелерінде және тұрғын үйлер мен кеңселерге арналған бөтелкедегі суларда мамандандырылады.Фирма әр түрлі салалар үшін су өңдеудің тікелей шешімдерін жеткізу саласында, қоғамдық тамақтану саласында, мұнай мен газ, энергетика, денсаулықты сақтау, өндіріс және ауыз суымен муниципалды жабдықтау саласында да қоса 75 жылдық тәжірибесі бар.

1936 жылы АҚШ-да құрылған Culligan компаниясының қазіргі уақытта 100-ден астам әлем елдерінде 1000 астам дилерлері бар және әлемдік суды тазарту нарығының 40%-ын бақылайды.

Муниципалдық су арналары үшін тазарту

Өнеркәсіп үшін суды өңдеу

Өнеркәсіптің, арнайы сапасы бар су керек етпейтін саласы болмайды. Судың арнайы өңделуі қажет ететін саласы болып тамақ өнімдерін өндіру, тоқыма өндірісі, электроника өндірісі, энергетика мен химия табылады.Әлемнің ең беделді брендтері судың мінсіз және тұрақты сапасына жету үшін Culligan жабдықтарын қолданады.

Суды тұзсыздандыру және тұщылау жүйелері

Табиғат балғын тұщы сумен қолдануға мүмкіндік бермеген жағдайда, аса тұзды немесе теңіз суын тұзсыздандырудың түрлі амалдарын қолдануға болады.

Коммерциялық сектор және медицина

Бұл мынадай қызметтер саласын қамтитын ауқымды сектор: мал шаруашылығы мен гүл өсіру, қонақ үйлер мен көлік жуу, наубайхана мен кір жуатын орын.

Жүзу бассейндері мен теңіз кемелері

Жеке жоғары рейтингті жүзу бассейндерінің көпшілігі Culligan маркасын қолданады.

Сондай-ақ, Culligan өзінің бірегей тәжірибесін жеке жүзу бассейндерін, спа, резиденцияларға арналған сауықтыру және де басқа бассейндерді құру кезінде қолдануға әрқашан дайын.

Xylem Water Solutions (Зайлем) Компаниясы

Муниципалды және өнеркәсіп тұтынушылар үшін ағынды суларды тазарту және суды жеткізу саласында әлемдік Xylem Water Solutions (Зайлем) Компаниясы көш басшысы болып келеді. Xylem Water Solutions ағынды суларды сорып тарту мен сусыздандыру үшін арналған сорғыларды, биологиялық тазарту әдістерін, сүзгілеу және залалсыздандыру үшін өнімдерін ұсынады. Компания өзінің клиенттеріне тікелей сатудың дистрибьютерлік желісі және дистрибьютер-серіктестер арқылы қызмет көрсетеді.

«Litle Patuxent» тазарту құрылғылары Колумбия, Савэдж және Норт-Лорель қалаларын қоса, Ховард графстволығының орталық бөлігіне қызмет көрсетеді. Ағынды сулар зауытқа қарай ағатын кәріз құбырларының жалпы ұзындығы 820 миляны құрайды.Графствоның батыс бөлігінің көбісі – ауылдық жерлер. Осы төңіректегі септиктердің қалдықтары зауытқа жүк көлігімен тасымалданады.

Hach Company (Хак)

Hach Company компаниясы 1947 жылы құрылған, содан бері, қолдануда қарапайым және дәлді сапасы жоғары өнімдерін ұсынады. Компания клиенттеріне өзінің су ресурстарын жақсы басқарудың шешімдерін тауып беруге ұмтылады. Олардың аналитикалық құралдары мен реагенттері судың сапасын әр түрлі салалар мен нарықтарда -АҚШ-да ғана емес, бар әлемде тексеруге қолданылады.

Hach Company компаниясы (Хак деген Бах дегенге ұқсас) судың және басқа сұйық ерітінділердің сапасын тексеру үшін қолданылатын реагенттер мен құралдарды шығару және сатумен айналысады. Насһ жүйелері интернет, қолды зертханалық жабдықтар, дайындалған реагенттер, қарапайым әдістер мен техникалық қолдаудың көмегімен талдау жұмыстарын жеңілдету үшін әлем бойынша шығарылып және таратылады.

Компанияның штаб-кеңсесі жүздеген қызметкерлер жұмыс істейтін және ғылыми-зерттеу зертханалары, өндірістік жайлар және техникалық оқыту орталығы орналасқан Лавлэнд (Колорадо) қаласында жайғасқан.Бұдан басқа, компанияның сату бөлімдері мен техникалық қызмет көрсету бөлімдері әлем бойынша орналасқан.

Суды талдау саласындағы әлемдік мамандар – НАСН (1947 жылы Клиффорд Хак пен оның жұбайы Катрин құрған ). Компанияның жылжымалы идеясы – зертханалардың ғылыми талдауларын « өріс» өзгерулеріне бейімдеу мүмкіндігі.Компания тапсырыс берушілерге кез келген жағдайда судың сапасын өнеркәсіптік және зертханалық бақылауды, автоматизация және визуализацияның күрделі жүйелерін құру үшін шешімдер кешенін ұсыну.

Насһ сарапшылары саланың жетекші мамандарымен бірлесіп өндірісте және зертхана қызметкерлерінің жұмысын едәуір жеңілдететін талдаудың жаңа әдістері мен идеяларын жетілдіреді.

Корпорация өнімдері:

- зертхана жабдықтары (спектрофотомерлер,мутномерлер,колориметрлер,сандық реакторлар және т.б.)
- өлшегіштер мен датчиктер (жылжытылатын және стол үсті өлшегіштер мен датчиктер,калибрлеу стандарттары)
- химиялық құрамдар мен реагенттер
- өнеркәсіптік талдағыш
- өнеркәсіптік датчиктер мен контроллерлер ( сандық және ұқсас контроллерлер, еріген оттек датчиктері, өткізу датчиктері)

Virginia American Water

Virginia Amerikan Water – Вирджиния штатының 27 қаласындағы 308 000 адамға сумен жабдықтау бойынша сенімді және жоғары сапалы қызмет көрсететін ірі жеке компания.Компания клиенттеріне тек сапасы жоғары суды жеткізуге ұмтылады: Вирджиния штатында жүздеген әлеуетті ластандырғыштарға жылына 7500-ге жуық талдау жүргізеді және судың сапасын суды өңдеу мен жеткізудің әрбір кезеңінде тексереді. Компания судың барлық өңірлік және ұлттық сапа нормаларын ұстанады, сондай-ақ, тарифтерді бекітудегі Вирджиния мемлекеттік комиссиясының (SCC) ұстанады. Олар инфрақұрылымға инвестиция салады, саладағы инновациялардың дамуына қатысып, тұрғындар арасында тиімді су қолдану туралы білім беру жұмыстарын жүргізеді.

Джардия су өңдеу стансасы

Бұл суды сүзгілеу бойынша ірі зауыттардың бірі.Оның екі су қабылдағыштары жағалаудан әрі Мичиган көлінде орналасқан және қаланың орталық және солтүстік бөлігіндегі тұтынушыларына тәулігіне бір миллиард галлонға жуық су жібереді.Зауыт 1960-шы жылдары құрылып, жұмысқа 1968 жылы кірісті.

Барлық процесс – су қабылдағыштан бастап сүзгілеуге дейін – сегіз сағат уақытты алады. Осы жерден су Чикаго қаласының 5,5 миллион тұрғындарына 6500 км құбырлары арқылы тартылады.

City of Lake Forest Water Plant

Осы суды тазарту бойынша зауыт қоршаған ортаны сақтау бойынша Федералды агенттігімен бекітілген судың сапасының барлық стандарттарын сақтаумен City of Lake Forest қаласының тұрғындарын ауыз суымен қамтамасыз етуге жауапты.Ол Мичиган көлінің жер үсті суларын 42 және 24 дюймді құбырлар арқылы тартады.Су ультрафильтрациялы мембраналық жүйелерінің көмегімен өңделеді. Станса жыл сайын 5,3 млн.текше метр шамасында шығарады.Оған таза ауыз суын жеткізуді қамтамасыз ететін, әр түрлі ауысымда тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн жұмыс жасайтын алты оператор қызмет көрсетеді.

Badger meter (Баджер метер)

Badger meter компаниясы штат Висконсиннің Милуоки қаласында 1905 жылы құрылған. Бэджер метер суды есепке алу құралдарын шығару және дамыту бойынша көшбасшысы болып келеді.Оның өнімдері суды, мұнай және химикаттарды қоса сұйықтық ағындарын өлшеу және басқару үшін қолданылады.

Badger meter- Amerikan Water Works Association (AWWA) Құрама штаттарда судың өлшемдері үшін өнеркәсіптік стандарттарын бекітетін сауда тобының құрылтайшысы және әрекетті қатысушысы.

Badger meter шығаратын есептеу құралдары коммуналды, өндірістік және коммерциялық сумен жабдықтау жүйесінде энергия мен мұнайды, фармацевтикалық өнімдерді, химиялық өнеркәсіпті,ағынды суларды және т.б. қоса алғанда сұйықтық ағынын өлшеуге арналған.

Innovative water technologies

«Innovative water technologies» (IWT) компаниясы Колорадо штатында РокиФорд қаласында орналасқан және суды өндіру және тазарту саласындағы әзірлеу мен зерттеулермен айналысады. Компания өнімдері әлем бойынша кең қолданылады: коммерциялық қосымшаларда, гуманитарлы жобалар аясында, сондай-ақ, дүлей апат салдарын жою кезінде.

Қазіргі уақытта Sunspring компаниясының өнертабысына патенттік өтінім қарастырылып жатыр. Бұл – қоршаған ортаны сақтау бойынша АҚШ Агенттігінің микробиологиялық су тазартқыштарына арналған стандарттармен судың сапасы бойынша Ассоциацияның алтын сертификатын алған, әлемдегі жалғыз осындай децентрализаторлық қондырғы болып келетін, күннің энергиясымен жұмыс істейтін суды тазарту жүйесі.

Сондай-ақ, фирма суды тазартқыш ультрафильтрациялық қондырғылардың толық топтамасын ұсынады. Бұл қондырғылар суды тәулігіне 20 текше метрден бастап 3800 текше метрге дейін тазалауды талап ететін орындарға арналған.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж