+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.8%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.1%
барлық дауыс: 3200
сұрақтар мұрағаты

Халық таңдаулылары Оңтүстік Қазақстан тұрғындарымен кездесті.

 

2017 жылдың 09 қаңтарында таңғы саған 10.00-де « Ақ жол» ҚДП-ның мәжіліс залында  «Депутаттармен кездесу» тақырыбында дөңгелек устел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Парламент мәжілісінің Депутаты, « Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партия фракциясының басшысы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев, ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Дүйсенбинов Берік Сәлімжанұлы,  «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының ОҚО бойынша филиалының төрағасы Орман Анарбек Оңғарұлы және кәсіпкерлер, тұтынушылар құқығын қорғаушы қоғамдық ұйымының басшысы,партияның аумақтық кеңесінің мүшелері, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қызметкерлер қатысты. Бұл кездесудің мақсаты- туындаған мәселелерді халық таңдаулыларымен талқылау болғандықтан, кездесу сұрақ-жауап тақырыптамада өтті.

Дөңгелек үстелді бірінші болып « Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының ОҚО бойынша филиалының төрағасы Анарбек Оңғарұлы Орман ашты.

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Депутаты « Ақ жол» Қазақстан Демократиялық Партия фракциясының басшысы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев партияның атқарылған жұмыстарының нәтижесі және жетістіктерімен бөлісіп, әрі қарай басқа мәселелер талқыланды.

Ең маңызды сұрақтардың бірі болып мекен-жайы бойынша міндетті тіркелу туралы жаңа заңды талқылау болды.Дөңгелек үстелде депутаттарға қатысушылардан мынадай сұрақтар түсті:

«Газ шығынының нормасы» және үлгі келісімшартқа өзгерістер енгізу, және де қоғамдық көліктің бағасын 70 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендету ұсынылды.

Футболшыларды шетелден алуды және оларға бюджеттік ақшадан тым көп төлеуді тоқтату ұсынылды.

« Табиғи монополиялар туралы» Заңына өзгерістер енгізу ұсынылды.

Аттестация сұрақтары көбінесе сәйкес келмейтіні айтылып, қайта қарау ұсынылды.

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, 1 жылға жұмыстық виза ашу туралы ұсыныстар болды.

Келесі сұрақта Қазақстанда неге қарапайым жұмысшыларға, мысалы инженерлерге, механиктерге, жүргізушілерге тиісті назар жоқ, мемлекет тарапынан қолдау жоқ деген ой қозғалды.

«Жер мәселесіне» қатысты өз бетінше иемденуге және мемлекетке сатып алыған жерлерді қайтаруға жол бермеу туралы сұрақтар туындады.

Дөңгелек үстелдің соңында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің Депутаты,  «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық Партия фракциясының басшысы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы қатысушылардың көкейіндегі барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж