+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
15.7%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.3%
барлық дауыс: 3313
сұрақтар мұрағаты

Қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл энергия», өндірісті модернизациялау – бұл мәселелер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығының фин делегациясымен кездесуінде талқыланды. Іскерлік кездесу 6 ақпанда Шымкент қаласында өтті.

Делегация «Savaterra», «Koja», «Onninen» компанияларының өкілдерінен құралған. Бұл компаниялардың әрқайсысы іскерлік беделге, жақсы қаржы айналымына және жаңа технологияларға ие. Олар ағынды суларды тазарту қондырғыларын жаңартумен, арнайы желдету және жылу бөлетін жабдықтарды жеткізумен айналысады.

Финдер Шымкентке дейін Астана және Алматы қалаларының су шаруашылығы мекемелерімен, сондай-ақ басқа да облыстық орталықтардың жұмысымен танысқан. Алты ай бойы Қазақстан үкіметі Финляндиямен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатумен айналысып келеді.

Шымкент су арнасын «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң бас директоры Мурад Урманов, бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман, бас директордың орынбасарлары Жанатбек Тұрдалиев және Бисенғали Қалмырзаев таныстырды.

Қонақтар қандай ұсыныстар жасады? «Savaterra» компаниясы ағынды суларды тазартудан кейін қалған лайқаны өңдеумен айналысады. Хельсинкиде қара топырақтың өндірісі жолға қойылған, оны қала басшылығы саябақтарға тыңайтқыш ретінде сатып алады, оған халықта да сұраныс бар. Одан басқа, жеңіл және берік құрылыс материалдарының өндірілуі де мүмкін.

«Onninen» фирмасы коммуналдық қызметтерге арналған жабдықты жеткізумен, суды тазартумен айналысады.

«Koja» компаниясы көптеген салаларда қолданылатын жоғары технологиялы желдету жүйелерін нарыққа шығарады. Сонымен бірге компания судан және ауадан жылу энергиясын өндіру бойынша шешімдерді ұсынады, бұл өте перспективалы ұсыныс.

Финдердің барлық ұсыныстары мұқият тыңдалды. Анарбек Орман қонақтарға «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і жоғары технологиялық жабдықтарды және «жасыл энергия» қызметін кеңінен қолданып отырғанын айтты. Мекеме табысты дамуда, және басшылық Финляндия серіктестерінің кез-келген мақсатты ұсынысын тыңдауға, содан кейін осы идеяларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж