+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.8%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.2%
барлық дауыс: 3049
сұрақтар мұрағаты

Аулада ХХІ ғасыр, нанотехнология және цифрландыру ғасыры. Ал көптеген елді мекендерде әліге дейін қарапайым ауыз суы жоқ. Бір жерлерде су белгілі бір уақыт аралығында ғана ағады. Бір жерде 5 миллиард теңге тұратын су тазарту қондырғысы жұмыс істемей тұр. Бұл проблемалардың себебі бір – сумен жабдықтау және су бұру саласында мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Мамандарды қайдан алуға болады? Оларды қалай дайындау қажет? Біліктілігі жоғары мамандарды кім дайындайды? 19 наурызда су арнасы базасында өткен екі ұйымның: «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і және ОҚМУ өкілдерінің іскерлік кездесуі осы мәселелерге арналды.
Кездесуге «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры М.Урманов, Бақылау кеңесінің төрағасы А.Орман, оқу орталығының басшысы М.Медетбекова қатысты. ОҚМУ-дан оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Қ.Байболов, «Ауыл шаруашылығы ғылымдары жоғары мектебі» факультетінің деканы Ә.Жылқыбаев, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының меңгерушісі П.Сұлтанбекова, сонымен бірге үшінші курс туденттері қатысты.
Кездесу барысында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры М.Урманов проблеманы шешу жолдарының бірі университет базасында сумен жабдықтау және су бұру факультетін құру екенін атап өтті. Ол ынтымақтастық туралы меморандум жасасуды ұсынды, оның негізінде су арнасы студенттерге өндірістік базаны қамтамасыз ету міндетін өзіне алып, бітіргеннен кейін үздік түлектерді жұмысқа қабылдайды.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы А.Орманның айтарлықтай ұсыныстары болды. Ол қазіргі таңда, өкінішке орай, теория мен практика, ғылым мен өнеркәсіп арасында тығыз байланыс жоқ екендігін айтып өтті. ОҚМУ-де қолданыстағы «Су ресурстары және оларды пайдалану» мамандығы ауыл шаруашылығына көбірек бағытталған, ал қазіргі кезде мамандар су бұру жүйесінде ерекше қажет.
«Биылғы жылы мектептің үздік түлектерімен кездесу өткізіп, «су» мамандықтарының ерекшеліктері мен перспективаларымен таныстыру үшін ұйымның өндіріс орындарына арнайы тур ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ болашақ студенттерді 1-курстан, яғни 0,25 жүктемемен жұмыспен қамтамасыз етуге дайынбыз. Бұл стипендияны қоса алғанда жастар үшін өте қомақты сома болады», - деді А.Орман. Ол су арнасына өндірісті автоматтандыру және цифрландыру бойынша мамандар қажет екеніне тоқталып, үздік студенттерді, болашақ IT-мамандарын жұмысқа шақырды. А.Орман өндіріс практикасының сапасы туралы да өз ойымен бөлісті, өйткені практика көбінесе формальді түрде өтетіні құпия емес. Алдағы уақытта практика аяқталғаннан кейін болашақ мамандардың ынтасы мен жауапкершілігін жоғарылату, тыңдаушылардың қажетті білім мен дағдыларды меңгергенін анықтау мақсатында студенттермен әңгімелесу жүргізуді ұсынды.
ОҚМУ-ң оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Қ.Байболов ОҚМУ-да қазіргі уақытта жаңа мамандықты ашу, су арнасының оқу орталығының базасында ОҚМУ бөлімшесін құру, сонымен қатар практика жетекшілеріне ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыларға бекітілген су шаруашылығы қызметкерлеріне де ақы төлеу мәселелері қарастырылып жатқанын айтып өтті. Бірақ алдымен білім беру бағдарламаларын жасау қажет және бұл жұмысқа «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мамандарын тартуға тура келеді. Проректор бұл мамандық бойынша барлық практикалық сабақтарды, практика мен дипломдық жұмыстарды су арнасы базасында қорғауды, комиссия құрамына мекеменің өкілдерін тартуды ұсынды.
Оқу орталығының жетекшісі М.Медетбекованың айтуынша, университетпен алдын-ала жұмыс жүргізіліп, «Жол картасы» жобасы әзірленді, кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс, бірлескен жобалар жоспарлануда. Қорытындылай келе, кездесудің жемісті екендігін атап өткіміз келеді, биылғы жастар жылында су арнасы басқармасы барлық перспективалы жас мамандарды ынтымақтастыққа шақырады.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж