+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.3%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.4%
барлық дауыс: 3398
сұрақтар мұрағаты

Шымкенттің су арнасының мамандары Новосибирск қаласына барып, ресейлік әріптестерінің жұмысымен танысты. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қызметкерлерінің делегациясын бас директордың экономика және маркетингжөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев басқарды. Ол сапардың мақсаттары мен нәтижелері туралы әңгімеледі.
Новосибирск – Ресей Федерациясының ең ірі қаласы, халқының саны бойынша (1 миллион 600 мың адам) ол елде үшінші орында. Қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін ауыз суды жеткізу мен суды бұруға жауапты кәсіпорынның нақты және сауатты жұмысы қажет.
«Қала Обь өзенінің суымен қамтамасыз етіледі – бұл үлкен су артериясы! Бізді суды өндіру, өңдеу және тұтынушыға жеткізу процестерімен таныстырды. Бұл көп уақытты және көп қаржыны қажет ететін процедура. Новосибирскіге күніне 600 мың текше метр су қажет. бұл Шымкент тұрғындарының қажеттіліктерінен бес есе көп. Сүзгілердің арқасында өзен суы алдымен тазартылады, содан кейін сұйық хлормен залалсыздандырылады. Көптеген адамдар бұл технологияны қауіпті және ескірген деп есептейтініне қарамастан, Новосибирск тұрғындары сұйық хлордан бас тартпайтынын мәлімдейді. Оларда барлығы автоматтандырылған және қорғау деңгейі өте жақсы. Айтпақшы, бұл қалада есептеу аспаптарымен жабдықтау шамамен 50%-ды құрайды. Новосибирскіде шамамен 680 мың абонент – жеке тұлғалар, 20 мыңға жуығы – мемлекеттік мекемелер және заңды тұлғалар. Тариф – халық үшін айына бір адам басына 500 рубль. Мемлекеттік ұйымдар үшін тариф төмендеу... », – деді Жанатбек Үсіпұлы.
Новосибирск су арнасында 3500 адам жұмыс істейді. Қала 100% кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген, бұл таңқаларлық емес, барлық ғимараттар көп қабатты. Тазарту құрылғыларының кешені Новосибирск қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан, ол Шымкенттегідей принцип бойынша жұмыс істейді. Жалғыз айырмашылық – бұл өндірістік жабдықтау. Новосибирскіде олар тек отандық жеткізушілермен жұмыс істейді. Шымкенттіктерді сорғы станцияларын автоматтандыру мәселесі қызықтырды. Новосибирскіде су көтерілуінің 5 деңгейі бар, олардың әрқайсысында станция орналасқан. Өтіп жатқан процестер адамның тікелей қатысуын талап етпейді, өйткені қашықтан басқарылады.
«Ресейлік әріптестерден көп нәрсе үйренуге болады және біз, әрине, пайдалы тәжірибені алуға дайынбыз. Өз кезегімізде біз маркетингтік қадамдармен және ресурстарды басқару, есептегіш аспаптарды орнату әдістерімен бөлісе аламыз», - деді Жанатбек Тұрдалиев. Сапардың тағы бір нәтижесі – сыңар су арналары болу ниеті. Бұл ұсыныс ресейлік әріптестерден түсті, Шымкент су арнасы ұсынысқа қуанышты!

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж