+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.7%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
16.0%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.0%
барлық дауыс: 3209
сұрақтар мұрағаты

СУ ТАРАТҚЫШТАР МЕН КОЛЛЕКТОРЛАРДЫҢ САНИТАРЛЫ-ҚОРҒАУ АЙМАҒЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

   Шымкент қаласының су құбырлары және кәріз желілерінің санитарлы-қорғау аймағын бұзу арқылы қалыпқа келтіру бойынша 2006 жылдан бастап шаралар қолдануда. Аталған мәселе қазіргі уақытта да өзекті болып отыр. 2018 жылдың басына «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і санитарлы-қорғау аймағын бұзудың 1828 фактісін анықтады.

   Өндірістегі санитарлы-қорғау аймағын бұзу бойынша 1828 материалдар арасында өз қалауымен бұзу арқылы 239 объект қалпына келтірілді, бүгінгі таңда, санитарлы-қорғау аймақтарын бастапқы қалпына келтіру бойынша 757 сот шешімдері шығарылды, оның ішінде 301 сот шешімі мәжбүрлеу тәртібімен орындалды, 456 сот шешімі әлі орындалмаған.

   Сонымен бірге, санитарлы-қорғау аймағын сақтамау азаматтардың өміріне қауіп туғызатын ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Осылайша, 2015 жылдың 19 ақпанында Шымкент қаласының Застенная көшесінде диаметрі 1000 мм кәріз коллекторы қопарылып, орнында үлкен диаметрі 4х1 метр шұңқыр пайда болды. 2015 жылдың 18 ақпанында ұзындығы 70 погонды метр болатын кәріз коллекторы опырылып құлады. Оның орнындағы пайда болған шұңқырдың диаметрі 22х3 метр. Көрсетілген кезеңде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң тарапынан апат орнын оқшаулау бойынша апатты диаметрі 1000 мм кәріз коллекторын жөндеу және ауыстыру бөлігінде шаралар қолданды.

   2016 жылы аталған кәріз коллекторында ( жалғасы индустриалды аймаққа қарай бағытта ) апаттар мен қопарылулар жалғасып жатты. 2016 жылдың 3 қаңтарында Шымкент қаласының Деповская көшесінде диаметрі 1000 мм кәріз коллекторы опарылып, жер үстінде тағы да шұңқыр пайда болды.

   Нәтижесінде тұрғын үйлері мен нысандардың коллектор ішіне құлауы, осы коллекторда мекен ететін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті опырылу және коллектордың түгендей істен шығу қауіпі орын алды. Одан басқа, кезінде, коллектордың қорғау аймағында және осы коллектордың өзінде заңнаманы бұзып жер телімдері беріліп, ондаған үйлер мен нысандар салынып үлгерген.

   Осыған байланысты, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қазіргі уақытта өзінің пайдалану мерзімін тауысқан су құбырлары мен кәріз желілерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын уақытылы өткізуге мүмкіндігі болмай отыр.Мұның өзі экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық апатты жағдайларға алып келуі ықтимал. Аталған жайттар санитарлы-қорғау аймағында орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарға теріс әсерін тигізуі мүмкін, сондай-ақ, осы аймақта тұратын адамдардың өміріне тікелей қауіпі бар, өйткені, су құбырлары желілері үлкен қысым астында болғандақтан, жарып өткен жағдайда жақын жердегі үйлер мен нысандарды су басып қалуы өте ықтимал. Кәріз желілерінде жарып өту орын алатын болса, ол санитарлы-эпидемиологиялық апатты жағдайға – жұқпалы аурулар эпидемиясына алып келуі мүмкін.

   Практика көрсеткендей, су құбырлары және кәріз желісінің санитарлы-қорғау аймақтарын бұзған жер телімдерінің барлығында Шымкент қаласы жергілікті атқару органдарымен берілген құқық бекітуші құжаттардың барлығы түгел.

   Осының өзінде, Қазақстан Республикасы заңнамасы аталған мәселелер бойынша жауапкершідікті жер телімдерінің иелеріне жүктеген. Мысалы, ҚР 2001 жылғы 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңының 58 бабы, 2 тармағында былай деп көрсетілген:

   2. Санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлерi мен кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйлердi, бiлiм беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiн, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға бау-бақшаға арналған жер учаскелерiн орналастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерiн өндіруге жол берiлмейдi.

   ҚР № 442 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің «Жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру» туралы 44 бабы 6 тармағында былай делінген:

   6. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитариялық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда өтiніш беруші немесе оның сенiм бiлдiрген адамы жер учаскесiн бөлiп беруде талап етiлетiн келiсiмдердi өз бетінше қамтамасыз етедi.

   Өтініш беруші меншік иесіне шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiк меншiгі иелерiнiң әрқайсысымен жасасқан шартты қосымша ұсынады.

   Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi.

   Баяндалғанның негізінде жер телімдерінің иегерлері қандай да болсын құрылысты жоспарлау алдында су құбыры және кәріз магистралдарының жоғына көз жеткізіп, соңғылар болған жағдайда санитарлы-қорғау аймақтарын сақтауды инженерлік ұйғарымдар бойынша шешуге тиіс.

   ҚР заңнамалық базасының жоғарыда көрсетілген нормалары сақталып, су және кәріз құбырларының санитарлы-қорғау аймағындағы күрделі құрылысқа қатысты мәселелерді қарастыру кезінде жоғарыда аталған бұзушылықтар орын алған күнде, сондай-ақ, аталған іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілмей, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і тиісті пайдалану, жөндеу және қалыпта ұстау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі болмайды және де қарастырылған техникалық регламентке сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерін қамтамасыз етумен байланысты салдарына жедел әрекет ету мүмкіндігі болмайды.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж