+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.7%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.9%
БАҚ
13.2%
Басқа
14.4%
барлық дауыс: 3588
сұрақтар мұрағаты

ТАРИХЫ

Қалалық коммуналды шаруашылығының 1951 жылы 28 қарашасындағы №103 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласында «Су арнасы» басқармасы құрылды. «Су арнасы» құрылғанға дейін қала тұрғындары бұлақтардың, құдықтардың және шағын өзендердің суын пайдаланған. 1951-1957 жылдар аралығында қалаға су Қошқар ата шағын өзенінің бойында орналасқан 2 сорғы стансасынан берілетін. Сорғылардың қуаты тәулігіне 1255 текше метрге дейін жететін, ал су жүйелерінің ұзындығы 18,5 км құрайтын. Екі сорғы стансасы арқылы көтерілетін судың сатылу бағасы 2 шелек үшін 1 тиын болатын.

1952 жылы - Коммунистік даңғылы бойымен диаметрі 200 мм, ұзындығы 2 км алғашқы кәріздік желі салынды;

1953 жылы – диаметрі 600 мм, ұзындығы 3 км коллектор жүргізілді. Қуаты тәулігіне 17 мың текше метр қаланың алғашқы кәріздік тазалау ғимараттары іске қосылды;

1957 жылы – Бадам-Сайрам қақпасы маңында қуаты секундына 0,8 текше метр болатын бірінші су қабылдағышының құрылысы басталды;

1968 жылы – Бадам-Сайрам су қабылдағышы пайдалануға берілді. Екі су қоймасы бар екінші көтергіш стансасының құрылысы басталды;

1972 жылы – «Казводоканалпроект» институтының жобасы бойынша Тассай-1 су қабылдағышы салынды;

1973 жылы – Тассай-2 су қабылдағышы пайдалануға берілді;

1977 жылы – 32 ұңғымадан тұратын Ақбай-Қарасу су қабылдағышы іске қосылды;

1983 жылы – қаланың кәріздік тазарту қондырғыларының шайынды суларды механикалық тазалау блогының құрылысы басталды;

1986 жылы – Көмеш-бұлақ су қабылдағышының құрылысы бітті;

1989 жылы – шайынды суларды биологиялық тазалау блогы пайдалануға берілді;

1996 жылы – тарату желілері мен тұтынушыларда су есептегіш құралдарын орнату арқылы суды пайдалану есебінің бағдарламасын жүзеге асыру басталды;

1998 жылы – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і құрылды;

1999 жылы – қысым деңгейінің өзгеруін пьезометриялық түсірілу жолымен су көтеру жүйесі жетілдірілді;

2001 жылы – есептегіш құралдарын тарату тораптарға шығару арқылы су құбыр желілерін қайта құру жобасын іске асыру басталды;

2006 жылы - ИСО 9001:2000 Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сертификат алды;

2008 жылы – мекеме:
- «Алтын сапа сертификаты»;
- «Ұлттық экономика көшбасшысы» Құрмет белгісімен;
- «ТМД үздік компаниясы» Құрмет белгісімен;
- ҚР қаржы Министрлігінің «ОҚО үздік салық төлеушісі» дипломымен марапатталды.

2009 жылы – Басымбағытты Инвестициялау Бағдарламасын жүзеге асыру үшін Европалық Қайта құру және Даму Банкісінің инвестициясын игеру басталды;

2010 жылы – мекеме бизнестегі мінсіз абыройы және өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасы үшін «Алтын ягуар» және Москва қаласындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» халықаралық бағдарламасы бойынша қазіргі замандағы кәсіптік жетістіктері мен қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін «Даңқ мерейлері» дипломдарымен марапатталды.

2010 жылы – тазарту қондырғыларын жаңарту және биогаз қондырғысын орнату құрылысының жобасын іске асыру үшін Европалық Қайта құру және Даму Банкісімен 2011-2013 жж. несие мерзімі 10 жылға жеңілдік шарттармен 13,6 млн. ЕВРО (2,8 млрд.теңге) көлеміндегі несиелік келісім-шартқа қол қойылды.

2011-2012 жылдары – тазарту қондырғыларын жаңарту жобасы іске асырылды.

2012 жылы биогаз қондырғысының құрылысы басталды.

2012 жылы «Су ресурестары-Маркетинг» ЖШС-і «Қыран» тұтынушылардың аймақтық лигасы» қоғамдық мекемесінің «Алтын қыран» халықтық сапа белгісін иеленді.

2012 жылы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Жыл көшбасшысы» халықтық тәуелсіз конкурсын ұйымдастыру комитетінің «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясының дипломымен марапатталып, «Оңтүстік Қазақстанның алтын көшбасшылары» құрметті атағына ие болды.

2012 жылы экологияға қосқан маңызды үлесі үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсы күміс жүлдегерінің белгісі мен дипломы» мемлекеттік сыйлығы берілді.

2013 ж. 2 шілде -  кәсіпорын қызметінің жоғары сапасымен, бәсекелесу қабілеттілігімен ерекшеленетінін және халықаралық сарапшылардың әлемдік нарыққа көтеруліне ұсынылу мүмкіндігін растайтын «International Quality certificate» Швейцар институының «SIQS» сапа сертификатымен марапатталды.

2014ж. 2 шілде – кәсіпорын естелік дипломы мен «UNITEDEUROPEAWARD» ерекше белгісімен марапатталды, маркетинг саласындағы Еуропалық Бизнес Ассамблеясының басшысы «UNITEDEUROPEAWARD» атаулы сертификатымен марапатталды.

2015 жылдың қараша айында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Еуропалық Бизнес Ассамблеясының ”Flag of Europe” инвестициялық тартымдылық туы және сертификаты, сондай-ақ ”Prime Quality Standard” тамаша сапа белгісі және лицензиясымен марапатталды.

2015 жылдың қараша айында  ”Парыз”-2015 конкурсының нәтижесі бойынша ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.К.Дүйсенованың әлеуметтік жауапкершілігімен орта және кіші кәсіпкерлік субъектілерінің арасында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Дипломмен наградталды.

3 июня 2015 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде министр Е.Л.Досаевтың қатысуымен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і арасында 3,1 млрд.теңге эквиваленттегі 10,0 млн.Евро сомасына несиелік қаражат ұсыну келісім-шартына қол қойылды.

2015 жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша "Парыз-2015" конкурсының нәтижесінде ҚР Денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму Министірі Т.К. Дүйсенова орта және кіші кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Дипломмен марапаттады.

2015 жылы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігінде министр Е.Л.Досаевтың қатысуымен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і арасында 3,1 млрд.теңге эквиваленттегі 10,0 млн. Еуро сомасына несиелік қаражат ұсыну келісімшартына қол қойылды;

2016 жылы - жалпы ұзындығы 207,5 км болатын кәріз желілерінің 4 нысанына сомасы 3,2 млрд.теңгені құрайтын МҚКК «Кәріз және су құбырлары басқармасы» «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несиелік қаражаттар (жылдық 0,02%-бен 20 жылға) тартылды;

2016 жылы - Бизнестің Бүкіләлемдік конфедерациясы (АҚШ) «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ін бизнесті басқарудағы жоғары жетістіктері үшін «TheBIZZ-2016» Халықаралық Бизнес-Көшбасшысы Сертификатымен марапаттады;

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң бас директоры Халықаралық Жетекші Бизнесмен Сертификатымен марапатталды.

Бас директордың орынбасарлары компанияны басқару және басшылық ету саласындағы ерекше жетістіктері, сондай-ақ сапа және маркетингті басқарудағы жетістіктері үшін Сертификаттармен марапатталды.

2016 жылы - «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-ң базасында 2016 жылғы «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде су-және электр үнемдеудегі энергияның баламалы көздері» тақырыбында Республикалық конференция өткізілді;

2017 жылы – Орталық Азияда бірінші болып тазарту құрылғыларында 400кВт/сағ. электр энергиясын шығарумен биогаз қондырғысы іске қосылды.Қазақстандағы бірегей жоба Президенттің Қаулысымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу концепциясы»-на сәйкес іске асырылады.

2017 жылы – «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметтеріне басқа қосымша қызмет және «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестің арналар бойынша су беру(мелиоративті ирригациялық « Ақсу» арнасы ) қызметтеріне тарифтер мен тарифтік смета бекітілді.

2017 жылы – Парламент мәжілісінің тыңдауында Қазақстан Республикасында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша сөз сөйлеу.

2018 жыл – «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС 20 жылдығына орай салтанатты іс-шара, сонымен қатар «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру. Технологиялар, тиімді шешімдер және өзекті мәселелер» тақырыбында ғылыми –техникалық конференция өтті.

2018 жыл – Өзбекстанның Ташкент және Наманган облыстары су арнасы мекемелерімен тәжірибе алмасу жұмысы атқарылды.

2018 жыл – Кәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау жөнінен экологиялық менеджмент, сапа менеджментіне сәйкекс сертификат алынды.

2018 жыл – 25 қазанда ҚР құрылыс және ТКШ істері жөнінен Комитет төрағасы М. Жайымбетов кәсіпорында болып, цифрландыру жобасының іске ас барысымен танысты. Кәсіпорында «Вавиот» 1450 дн., «Орион» 500 дн., GPS дн., жобалары іске асырылған еді.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж