+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
13.0%
Басқа
13.9%
барлық дауыс: 3244
сұрақтар мұрағаты

Жылдық есеп 2016

«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС-Ң ТАРИХЫ


Қалалық коммуналды шаруашылығының 1951 жылы 28 қарашасындағы № 103 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласында «Су арнасы» басқармасы құрылды. «Су арнасы» құрылғанға дейін қала тұрғындары бұлақтардың, құдықтардың және шағын өзендердің суын пайдаланған.1951-1957 жылдар аралығында қалаға су Қошқар ата шағын өзенінің бойында орналасқан 2 сорғы стансасынан берілетін. Сорғылардың қуаты тәулігіне 1255 текше метрге дейін жететін, ал су жүйелерінің ұзындығы 18,5 км құрайтын. Екі сорғы стансасы арқылы көтерілетін судың сатылу бағасы 2 шелек үшін 1 тиын болатын.
1952 жылы – Коммунистік даңғылы бойымен диаметрі 200 мм, ұзындығы 2 км алғашқы кәріздік желі салынды;
1953 жылы – диаметрі 600 мм, ұзындығы 3 км коллектор жүргізілді. Қуаты тәулігіне 17 мың текше метр қаланың алғашқы кәріздік тазалау ғимараттары іске қосылды;
1957 жылы – Бадам-Сайрам қақпасы маңында қуаты секундына 0,8 текше метр болатын бірінші су қабылдағышының құрылысы басталды.
1968 жылы – Бадам-Сайрам су қабылдағышы пайдалануға берілді.Екі су қоймасы бар екінші көтергіш стансасының құрылысы басталды.
1972 жылы – «Каз водоканал проект» институтының жобасы бойынша Тассай-1 су қабылдағышы салынды.
1973 жылы – Тассай-2 су қабылдағышы пайдалануға берілді.
1977 жылы – 32 ұңғымадан тұратын Ақбай-Қарасу су қабылдағышы іске қосылды.
1983 жылы – қаланың кәріздік тазарту қондырғыларының шайынды суларды механикалық тазалау блогының құрылысы басталды.
1986 жылы – Көмеш-бұлақ су қабылдағышының құрылысы бітті.
1989 жылы – шайынды суларды биологиялық тазалау блогы пайдалануға берілді.
1996 жылы – тарату желілері мен тұтынушыларда су есептегіш құралдарын орнату арқылы суды пайдалану есебінің бағдарламасын жүзеге асыру басталды.
1998 жылы – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і құрылды.
1999 жылы – қысым деңгейінің өзгеруін пьезометрикалық түсірілу жолымен су көтеру жүйесі жетілдірілді.
2001 жылы – есептегіш құралдарын тарату тораптарға шығару арқылы су құбыр желілерін қайта құру жобасын іске асыру басталды.
2006 жылы – ИСО 9001-2000 Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сертификат алынды;
2008 жылы – мекеме:
- «Алтын сапа сертификаты»;
- «Ұлттық экономика көшбасшы-сы» Құрмет белгісімен;
- «ТМД үздік компаниясы» Құрмет белгісімен;
- ҚР қаржы Министрлігінің « ОҚО үздік салық төлеушісі» дипломымен марапатталды;
2009 жылы – Басым бағытты Инвестициялау Бағдарламасын жүзеге асыру үшін Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің инвестициясын игеру басталды;
2010 жылы – мекеме бизнестегі мінсіз абырой және өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасы үшін «Алтын ягуар» және Москва қаласындағы «ХХI ғасыр көшбасшысы» халықаралық бағдарламасы бойынша қазіргі замандағы кәсіптік жетістіктер мен қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан үлесі үшін « Даңқ мерейлері» дипломдарымен марапатталды;
2010 жылы – тазарту қондырғыларын жаңарту және биогаз қондырғысын орнату құрылысының жобасын іске асыру үшін Еуропалық Қайта Құру Банкісімен 2011-2013 жж.несие мерзімі 10 жылға жеңілдік шарттармен 13,6 млн. ЕУРО (2,8 млрд.теңге) көлеміндегі несиелік келісімшартқа қол қойылды.
2011-2012 жылдары – тазарту қондырғыларын жаңарту жобасы іске асырылды.
2012 жылы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Қыран» тұтынушылардың аймақтық лигасы» қоғамдық мекемесінің «Алтын қыран» халықтық сапа белгісін иеленді;
2012 жылы – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і «Жыл көшбасшысы» халықтық тәуелсіз конкурсын ұйымдастыру комитетінің «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясының дипломымен марапатталып, «Оңтүстік Қазақстанның алтын көшбасшылары» құрметті атағына ие болды.
2012 жылы – экологияға қосқан маңызды үлесі үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсының күміс жүлдегерінің белгісі мен дипломы» мемлекеттік сыйлығы берілді;
2013 жылы – кәсіпорын қызметінің жоғары сапасымен, бәсекелесу қабілеттілігімен ерекшелетінін және халықаралық сарапшылардың әлемдік нарыққа көтерілуіне ұсынылу мүмкіндігін растайтын «International Quality certificate» Швейцар институтының «SIQS» сапа сертификатымен марапатталды;
2014 жылы – кәсіпорын естелік дипломы мен «UNITED EUROPE AWARD» ерекше белгісімен марапатталды, маркетинг саласындағы Еуропалық Бизнес Ассамблеясының басшысы «UNITED EUROPE AWARD» атаулы сертификатымен марапатталды;
2015 жылы – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Еуропалық Бизнес Ассамблеясының «Flag of Europe» инвестициялық тартымдылық туы және сертификаты, сондай-ақ «Prime Quality Standart» ерекше сапа белгісі және лицензиясымен марапатталды;
2015 жылы “Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС-ін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша “Парыз-2015” конкурсының нәтижесінде ҚР Денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму Министірі Т.К. Дүйсенова орта және кіші кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Дипломмен марапаттады.
2015 жылы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігінде министр Е.Л.Досаевтың қатысуымен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і арасында 3,1 млрд. теңге эквиваленттегі 10,0 млн. Еуро сомасына несиелік қаражат ұсыну келісімшартына қол қойылды;
2016 жылы – жалпы ұзындығы 207,5 км болатын кәріз желілерінің 4 нысанына сомасы 3,2 млрд.теңгені құрайтын МҚКК «Кәріз және су құбырлары басқармасы» «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несиелік қаражаттар (жылдық 0,02%-бен 20 жылға) тартылды;
2016 жылы – Бизнестің Бүкіләлемдік конфедерациясы (АҚШ) «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ін бизнесті басқарудағы жоғары жетістіктері үшін «TheBIZZ-2016» Халықаралық Бизнес-Көшбасшысы Сертификатымен марапаттады;
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң бас директоры Халықаралық Жетекші Бизнесмен Сертификатымен марапатталды.
Бас директордың орынбасарлары компанияны басқару және басшылық ету саласындағы ерекше жетістіктері, сондай-ақ сапа және маркетингті басқарудағы жетістіктері үшін Сертификаттармен марапатталды.
2016 жылы – «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-ң базасында 2016 жылғы «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде су- және электр үнемдеудегі энергияның баламалы көздері» тақырыбында Республикалық конференция өткізілді;

Бас директор
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і (Шымкент қаласы әкімдігінің қатысуымен Жарғы капиталында 22,08% үлесі бар) мемлекеттік-жеке әріптестік шартпен қызмет көрсету нарығында 19 жыл қызмет жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпорын.
Компания 2016 жылы 1 миллионға жуық адам саны бар Шымкент қаласын және Сайрам ауданының бірқатар елді мекендерін үздіксіз шаруашылық-ауыз сумен, сондай-ақ шайынды суларды бұру және толық тазартуын қамтамасыз етіп отыр.
Негізгі қорлар құны 34,1 млрд. теңгені құрайды.
Құрылған кезден бастап мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 3,0 млрд. теңге салық және өзге міндетті төлемдер жасалды. Жылдық есептелінетін салық сомасы жылдық табыстың шамамен 15% -ын құрайды. Орташа су көтеру тәулігіне 140 мың текше метрді құрайды.
Қалалық шайынды суларды тазарту ғимараты күніне 100 мың текше метр су тазалайды.
Халықаралық стандартқа сәйкес 2010 жылы Шымкент қаласы әкімдігімен Шымкент қаласы тұтынушыларын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша Сервистік келісімшартқа қол қойылды.
Кәсіпорын Қаржылық есептеменің Халықаралық стандарттар принциптеріне сәйкес жұмыс істейді.
Кәсіпорын 2005 жылдан бері орта мерзімдік тарифтер және тарифтік сметалар, инвестициялық бағдарламалармен жұмыс істейді:
-2005-2007 жж. орта мерзімдік тариф;
-2008-2009 жж. орта мерзімдік тариф;
-2010-2012 жж. орта мерзімдік тариф;
2013-2014 жж. орта мерзімдік тариф;
2015-2021 жж. ұзақ мерзімді тариф.
2016 жылға жылдық табыс қосымша құн салығын қосып есептегенде 6 млрд. теңгені құрады.
2016 жылғы инвестициялық бағдарлама 4435,8 млн. теңгеге орындалды. (оның ішінде несие бойынша – 2832,6 млн.теңге, өз қаражат есебінен 644,9 млн.теңге).
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 70,2 км тозған су құбыры желілері ауыстырылып, көптеген жаңа технологиялар мен техникалар ендірілді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 207,5 км болатын кәріз желілерінің 4 нысанына жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайтын МКК «Су құбырлары және кәріз басқармасы» жеңілдетілген несиелік қаражаттар (жылдық 0,02%-бен 20 жылға) тартылды;
2016 жылдың 31 шілдесінде Бүкіл Әлемдік Бизнес конфедерациясы (АҚШ) «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не Бизнесті басқарудағы үлкен жетістіктері үшін «The BIZZ-2016» наградасымен марапаттады. Кәсіпорын Халықаралық Бизнес-Көш басшысы сертификатын иеленді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң бас директоры Халықаралық Жетекші Бизнесмен сертификатына ие болды.
Атқарылған шаралар нәтижесінде электр қуатының меншікті шамасы алынған судың бірлігіне 0,9 кВт-қа дейін және су шығынының деңгейі 16,78%-ға төмендетілді.
Жыл бойы ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық Палатасы, атқарушы органдар, қоғамдық мекемелермен 2016-2021 жж. ұзақ мерзімді кезеңге арналған инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаларды қорғау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
«Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-ң базасында 28 қазан күні «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде су- және электр үнемдеудегі энергияның баламалы көздері» тақырыбында Республикалық конференция өткізілді;
Алдымыздағы 2017 жылы кәсіпорын алдындағы мақсат – шайынды суларды тазарту ғимараттарында биогаз орнату және электр қуатын өндіру құрылысын аяқтау. Су шығынының деңгейін 16,40%-ға төмендетуімен су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жалғасады. Су есептегіш құралдары көрсеткіштерін алуды әрі қарай автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Сөзсіз, бірінші орында «Мемсараптама» РМК бекіткен 2025 жылға дейін «Шымкент қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемесіне» сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қайта құру мен жаңғыртуға қосымша инвестиция тарту бойынша жұмыстар тұр.
Кәсіпорынның жүргізілген саясатына халықаралық ұйымдар жоғары баға беріп отыр.




Шамсутдинов Рахымжан Незамутдинұлы
Бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер
Кәсіпорын жыл ішінде Шымкент қаласындағы су құбыры және кәріз шаруашылығы жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Кәсіпорынның барлық қызметтері біріктірілген менеджмент жүйесінің процестеріне сәйкес жүргізілді. Бақылауды жүйелендіру үшін су құбыры және кәріз шаруашылығы жүйелерін қысқы және жазғы мерзімдерге дайындау бойынша жоспарлар мен кестелер дайындалды. Жоспарланған жұмыстардың орындалу мерзімі мен сапасы қадағаланып отырады.
Өндірістегі іске қосылған және сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынудағы негізгі қорлар:
1. Ақбай-Қарасу су қабылдағышы – тәулігіне 206 мың текше метр;
2. Бадам Сайрам су қабылдағышы – тәулігіне 110 мың текше метр;
3. Тассай-1 – тәулігіне 30 мың текше метр;
4. Тассай - тәулігіне 35 мың текше метр;
5. Ауыз суды залалсыздандырушы стансасы - SELCOPERM-500;
6. 2-ші су көтергіш стансасы (Қарасу);
7. Су құбыры мен су құбырлары желілері – 1875,2 км;
8. Технологиялық процестері автоматтандырылған басқару жүйесі бар орталық диспетчерлік торап;
9. Су өлшегіш шеберханасы – мәліметтерді қашықтықтан алу жүйесімен қамтылған 4 мыңға жуық жалпы үйлік, көшелік және орамдық өлшегіш құралдар;
10. Энергетикалық қондырғыларға қызмет көрсету цехы;
11. Арнайы автотранспорт техникаларының гаражы – 87 бірлік;
12. Кәріз желілер мен коллекторлар – 453,1 км;
13. Кәріз сорғы стансасы – 2 нысан;
14. Қалалық шайынды суларды тазарту қондырғылары – тәулігіне100 мың текше метр;
15. Су құбырлары және су бұру желілеріне техникалық қызмет көрсететін аудандық учаскелер – 19 участке;

«СУ РЕСУРСТАРЫ –МАРКЕТИНГ» ЖШС-НІҢ БІРІКТІРІЛГЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ





«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і ұзақ жылдар бойы менеджмент жүйелерінің инспекциялық аудиттерінен сәтті өтуде. 2016 жылдың 11-і мен 12-і қазан аралығында «Русский Регистр Евразия» өкілдігімен біріктірілген менеджмент жүйелерінің кәсіпорында енгізілген халықаралық ISO 9001:2008; ISO14001:2004; OHSAS 18001:2007стандарттардың сәйкестігіне жыл сайынғы инспекциялық тексеру жүргізілді. Аудит барысында Серіктестіктің сапа менеджмент жүйесі, экологиялық менеджмент және кәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджментінің нәтижелі дамуы, олардың баламалылығы мен сертификаттау саласында қолданылуы, үнемі жақсару принципіне бейімділігі көрсетілді.
Кәсіпорын қолданысындағы менеджмент жүйелерінің ISO 9001:2008; ISO 14001:2004; OHSAS 18001:2007 стандарттарға сәйкестігіне талдау жүргізу мақсатында жыл сайын мекеменің жоғарғы басшылығы (қызмет істеу бойынша жылдық есептер) менеджментке талдау жүргізеді.
Мекеме басшыларын объективті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де ішкі аудит жүргізу процесі жетілдірілген.
2016 жылдың 06.07. – 17.07. аралығында кәсіпорын менеджментінің жалпы жүйесінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін маңызды құрастырушы болып келетін біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиті өткізілген.
Қазіргі таңда мекеме алдында халықаралық ISO 9001:2015; ISO 14001:2015 стандарттардың жаңа редакциясының талаптарына сәйкес сапа менеджменті, экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу бойынша міндеттер тұр.
2016 ЖЫЛЫ БЕРІЛГЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ.
Өткен 2016 жылда сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық шарттар алу үшін 1518 тұлға өтініш берді. Жалпы 1341 тұлғаның өтініштері қаралып техникалық шарттар Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы «Табиғи монополиялар саласында реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) бірдей рұқсат етілген шарттардың Ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген тәртіппен берілді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң зертханасы 2016 жылдың шілде айында ИСО/МЭК 17025-2009 МемСТ сәйкесті-лігіне жаңартылған аккредитация аттестатын алды. 2016жылдың қазан айында біріккен MRA қосарлы белгісін алды. 2016 жылдың желтоқсан айында «ҚР сәйкестікті бағалау саласындағы аккредитация туралы» 2008 жылғы 27 тамыздағы № 773 заңына сәйкес «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің су көздері, ауыз су және өндірістік шайынды сулардың сапасын бақылау бойынша сынақ зертханасы «Сынақ және калибрлеу зертханасының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарының сәйкестілігіне екінші инспекциялық бақылаудан өтті.
Сынақ зертханасы жыл бойы өкілетті органдармен келісілген кестеге сәйкес, әлемдік өндірушілердің орнатылған қондырғыларында ауыз суға 34737 талдау жасады. Өткізілген талдау нәтижесі бойынша ауыз судың сапасы 16.03.2015 ж. № 209 СЕ талаптарына сәйкес келеді.
Өзге мекемелер тапсырысы бойынша ауыз суға 2512 талдау жасалды.
2016 жылы зертхана Шымкент қаласының қалалық кәріз жүйесіне тасталатын шайынды суларды зертханалық-өндірістік бақылау кестесіне сәйкес, өндірістік шайынды суларға 11 774 талдау жасады.
Өзге мекемелер тапсырысы бойынша шайынды суларға ақылы негізде 1586 талдау жасады.
Шымкент қаласының тазалау ғимаратындағы шайынды сулардың тазалау процесін бақылау бойынша тазалау ғимараты зертханасының қызметкерлері тазалау ғимаратының технологиялық регламенті және Шымкент қаласының «Тазалау ғимараттары мен кәрізінің» зертханалық-өндірістік кестесіне сәйкес, тазаланған, шайынды сулар, сондай-ақ сүзілген және табиғи суларға 2016 жылда 5 897 талдау жүргізді. Талдау санының азаюы тазалау ғимараттарын қайта құру және жаңғыртуға байланысты болып отыр.
Тазаланған және шайынды суларға өткізілген зертханалық талдаулар бойынша, тазалау ғимаратына жүргізілген қайта құру тазалау ғимаратындағы шайынды сулардың тазалау сапасын көрсеткіштер бойынша жақсартты: өлшенген заттар, ХПК,БПК5, аммонийлы азот.
Шайынды сулардың уыттылығын анықтау үшін 2016 жылы КС – 200 СПУ Климостат сатып алынып, тазалау ғимараттарына орнатылды. Ол судың уыттылығын анықтау үшін өсіріліп жатқан микроорганизмдерге оңтайлы, қажетті ауа мен температура беру, жұмыс камерасының ішінде қалыпты жарықты алу және ұстап тұру үшін арналған. Сондай-ақ климостат берілген «күн» және «түн» ауысымды бағдарла-маға сәйкес жарық берушілерді қосып және өшіріп отыра камера ішінде «күндізгі», «түндегі» температураны қамтамасыз етеді.
2016 жылы HASH фирмасының ауа райын талғамайтын автоматты SIGMA AS 950 AWRS сынама алғыш сатып алынып тазалау ғимараттарының кіре беріс камерасында орнатылды. Сынама алғыш, сынама алудың үздіксіз жүмысын қамтамасыз ететін (24с/тәу; 12 с/тәу; 6 с/тәу;10 мин; 5 мин.) берілген бағдарламаның автоматты қызметімен жабдықталған.
ЭНЕРГИЯНЫҢ БАЛАМАЛЫ КӨЗДЕРІ. ЖЫЛЫТУ СОРҒЫЛАРЫ.
2015 жылдың желтоқсан айына дейін жылыту және ыстық сумен жабдықтау көздері болып BUDERUS типті қатты жанар майлы қазандықтары-ның 6 бірлігі және жалпы қуаты 140 кВт болатын электр қазандықтары қолданылатын, соның өзінде бір айдағы жалпы қаржылық шығын 2 164 112 теңгені құратын.
2015 жылдың желтоқсан айында Ақбай-Қарасу су қабылдағышын жылыту және ыстық сумен жабдықталуын қамтамасыз етуге жылыту қуаты Q= 180 кВт, агрегаттарының электр қуаты P=50кВт болатын SDW10-50 маркалы жылыту сорғысы іске қосылды. Бұл қатты жанар майлы және электрлі қазандықтарды босатып алуга мүмкіндік берді. Жылыту сорғыларын қолдану кезіндегі электр шығындары 1 016 610 теңгеге азайды. Жылыту сорғыларын қолданудан келген экономикалық тиімділігі айына 2 226 702 теңгені құрады. Жылыту кезеңі 6 айға созылатыны есептелгенде, өтелу мерзімі 3,5 жыл құрайды.
КӨТЕРІЛГЕН СУДЫҢ БІРЛІГІНЕ( КВТ/М³) ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ НАҚТЫ ШЫҒЫНЫ.
2016 ЖЫЛҒЫ ЭНЕРГОРЕСУРСТАРДЫ ҮНЕМДЕУ МАҚСАТЫНДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ ТИІМДІЛІГІ
Кәсіпорында OHSAS 18001-2007 өндірістегі қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелерінің талаптарына ерекше назар аударылады. 2016 жылы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуде қызмет ететін жұмысшылар толығымен қажетті арнайы киімдермен, аяқ киім-дермен және де дербес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.
2016 жылы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бабы бойынша 17,1 млн. теңге бөлінген, бұл дегеніміз 2000 жылы бөлінген қаражаттардан 5,5 есе көп.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ (МЫҢ ТЕҢГЕ).
2016 жылы қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды жақсарту-ға арналған келесі іс-шаралар жүргізілді: 2016 жыл кезеңінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша 11 нұсқаулық-тар жаңғыртылды: жабдықтардың төл-құжаттық мәліметтері, апаттық жағдайларда қызметкерлердің іс-әрекеттері, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізімі.
Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі мына курстары бойынша оқыту жүргізілді: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нормативтік және заңды талаптарындағы өзгертулер, 2015-2016 жж. енгізілген нормативті құжаттардың жаңа редакциясы бойынша оқыту.
2016 жылы аутсорсингті ұйымдар және «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-ң матаушылары мен краншыларына мамандандырылған оқыту ұйымдарында қайта оқыту жүргізілді.
Газбен дәнекерлеушілерді мамандандырылған оқыту мекемесінде оқыту жүргізілді.
Тазалау ғимараттары учаскесінде жаңа жабдықтың іске қосылуына байланысты қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша қажетті құжаттар жетілдірілді.
- Жалақыға үстемақы қосылу арқылы қосымша қаражат төленіп отыр; Қосымша демалыстар беріліп отыр; Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасағаны үшін ай сайын жұмыс берушінің есебінен, жалақының 5%-ы көлемінде зейнетақы қорына ақша аударылып тұрады.
- Есепті кезеңінде жазатайым оқиғалар тіркелмеді;
- Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін мемелекеттік инспекторлар тарапынан айып пұл санкциялары тіркелмеді;
- Қызметкерлер тарапынан да мемлекеттік құрылымдарға шағымданулар тіркелмеді.


Шамсутдинов Роман Рахымжанұлы
Бас директордың су қабылдағыш құрылғыларын басқару және өндірісіті перспективті дамыту істері жөніндегі орынбасары
Тұтынушыларды қажетті көлемде таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2016 жыл ішінде барлық негізгі құралдар мен қызметкерлер техникалық тәртіп регламентіне сәйкес қызмет етті. Ауа райы жағдайына байланысты қалыптасатын тәуліктік қажеттіліктен, күнделікті су көздерінен алынатын су көлемі реттеліп отырды. Сонымен бірге, қаланы сумен жабдықтау жүйесінің басты тораптарында орналасқан технология-лық процесі автоматтандырылған басқару жүйелерінің бақылау нүктелеріндегі қажетті қысым деңгейі басты фактор болып саналды. Басты көңіл энергияны үнемдеу технологиясын қолдана отырып, суды шығару мен тасымалдау кезіндегі электр қуатын тиімді қолдануға бөлінді.
Тассай-Ақсу және Бадам-Сайрам бойынша жер қойнауын пайдалану Келісім-шартына сәйкес 2016 жылы су шығару көлемі уәкілетті органмен бекітілген көлем шегінде болды.
2016 жылы ауыз судың негізгі бөлігі Ақбай-Қарасу су қабылдағышынан алынды – 91% немесе 45382,7 мың м3. Ұңғымалардан алынған су әлемге танымал GRUNDFOSS фирмасының «Selcoperm-500» құрылғысында, ал Бадам-Сайрам су қабылдағышынан алынған су дозаторлы құрылғы арқылы залалсыздандырылды.
2016 ЖЫЛЫ СУ КӨЗДЕРІНЕН АЛЫНҒАН СУ КӨЛЕМІ (МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР)
СУ КӨЗДЕРІНІҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУ ДИНАМИКАСЫ
Су көздерінің жалпы жобалық қуаттылығы жылына 160,9 млн. текше метрді құрайды. 2016 жылы нақты су өндіру 49,8 млн.текше метр немесе жобалық қуаттылықтың 31% құрады. Суды тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралардың арқасында су көздерінің жобалық су көлемінің 1/3 бөлігі ғана пайдаланылуда.
СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Қаланың кәріз жүйесі өздігінен ағатын кәріз жүйесі ретінде жоспарлан-ған. Қалада негізгі №1,2,3,4,5,6 коллектор бар. Өздігінен ағатын жүйелері негізінен диаметрлері 150-2000 мм асбест цемент және темір бетон құбырларынан жүргізілген.
“Су ресурстары-Маркетинг” ЖШС-ң теңгеріміндегі кәріз құбырларының жалпы ұзындығы 453,1 км құрайды.
Қаланың кәріз жүйесіне көп қабатты 78176 тұрғын үй, 12491 жеке тұрғын үйлермен 6245 ұйымдар, мекемелер және өзге де шаруашылық субъектілері қосылған.
2012-2016 ЖЖ. АРАЛЫҒЫНДА ТҮСКЕН ӨТІНІМДЕРДІ САЛЫСТЫРУ

2016 ЖЫЛЫ СУ БҰРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЛЕСІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ:
3-Көксай көшесінен бастап Тайманұлы көшесінің қиылысы, Кржижановский көшесіне дейін № 2 кәріз коллекторын қайта құру; сомасы – 377 846 560 тг.
- Мұнай айдау зауытының айналымынан бастап Цеткина көшесі, 52 үйге дейінгі № 2 кәріз коллекторын қайта құру; орындалғаны – 100%, сомасы – 500 506 799 тг.
- Ет комбинатының коллекторын қалпына келтіру Техохрана көшесінен бастап Берут көшесінің қиылысы, Кржижановский көшесіне дейін Тайманұлы көшесінің қиылысы; орындалғаны – 100 % сомасы – 88 млн.тг.
2. Кәріз желілерін тазалау және шаю жұмыстары – 125 417 028 тг., орындалғаны – 100%
3. Күрделі жөндеу – 2 341 992 тг., орындалғаны – 100%;
4. Апаттық – қалпына келтіру жұмыстары – 2 044 886 тг.; орындалғаны – 100%

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ 01.01.2017 ж. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Кәріз желілері бухгалтерлік теңгерім бойынша – 453,1 км құрайды.
2015 ЖЫЛДЫҢ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІН ПИТОН-Е ЖӘНЕ ҚЫСЫМЫ ЖОҒАРЫ, СУАҒЫНДЫ М-2512 ҚҰРАЛЫМЕН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ШАЮ ЖОСПАРЫ.

2016 жылы орындалғаны- 100% тарифтік сметада қаралғандай сомасы 125 417 028 тг.
2015 жылдың талдауы бойынша кәріз желілерінің толып қалуына байланысты түскен өтінімдер саны- 2129 болды. 2016 жылы кәріз желілерін тазалап шайғаннан кейін 2090 өтінім түсті. Бұл дегеніміз, 2015 жылмен салыстырғанда 2%-ға аз.

ПИТОН-Е ЖӘНЕ СУАҒЫНДЫ, ҚЫСЫМЫ ЖОҒАРЫ М-2512 ҚҰРАЛЫМЕН КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІН ТАЗАЛАУ МЕН ШАЮДЫҢ 2009 ЖЫЛДАН 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕСІ.

Диаметрі 300 мм. болатын кәріз жүйелерінің бары-337,6 км., тазартылғаны- 218 км, яғни 64,5%- ын құрайды.

2016 ЖЫЛДЫҢ ТҮЗЕТУ ІС –ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Жиі болып тұратын мекен-жайларда кәріз желісінің істен шығуын қысқарту үшін (2013 ж.бастап) пайдалану жауапкершілігінің шекарасында (құдықша) қатты тұрмыстық қалдықтарды ұстау тәсілі енгізілді.
- Еңбекші ауданы бойынша орнатылғаны – 210 тор;
- Әл-Фараби ауданы бойынша орнатылғаны – 206 тор;
- Абай ауданы бойынша орнатылғаны – 213 тор.
Орнатылған торлардың барлығы- 629 тор.
Торларды аулалық кәріз желілеріндегі пайдалану жауапкершілігі шекараларында орнатылғаннан кейінгі талдауға сәйкес «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бойынша өтінімдер саны 2015 жылы – 1535, 2016 жылы – 1331, яғни 13 %-ға төмендеді.

2016 ЖЫЛҒА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРЫН ТАЛДАУ

2016 ЖЫЛДА КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ

2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары 100%-ға орындалды. Күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардан кейін 14 мекен-жай бойынша кәріз желісінің істен шығуы түгелімен жойылды.

2016 ЖЫЛДЫҢ АПАТТЫҚ-ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2016 жылы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары 100%-ға орындалды, сомасы – 2 044,9 мың тг.

2016 ЖЫЛЫ ROVION (IPEK) ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ТЕЛЕИНСПЕКЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ (БЕЙНЕ ДИАГНОСТИКА) ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ.

ROVION (IPEK) модульдік телеинспекциялық жүйесі 2016 жылдың маусым айында сатып алынды және диаметрі 100-ден 2000 мм дейінгі кәріз құбырларының жағдайын бейне диагностикалау үшін қолданылады.
Бүгінгі таңда, телеинспекциялық жүйе проблеманы оңайрақ шешуге көмектеседі - құбырларды тексеру, құбырлардың ішіндегі май секілді ақауларды, қарсы бұлтаруын, құбырлардағы сынықтарды және т.б. көрсетеді. Бұзылулардың сипатына қарай жөндеу технологиясы әзірленеді, жұмыс көлемі бағаланады, шығындар есептеледі. Бәрінен бұрын ұзақ пайдалану мерзімді құбырлар тазалауға және шаюға мұқтажды болып келеді. Осындай жерлерде жөндеу жұмыстары мақсатты жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстары сапалы істелгеніне көз жеткізу үшін, жұмыстар-дың соңында қосымша тексеру жүргізіледі.
Технологияның өтелу мерзімі – 9 жыл.
Мысал ретінде апаттық коллектор-дың телеинпекциясын көрсетуге болады.
Телеинспекцияның көмегімен апатты коллектор тексеріліп және коллектор фосфор қоқысына толы екені, өткізу қабілеттігі нашар, құбырлардың қабырғалары тозған, коллекторды толығымен ауыстыру қажеттілігі анықталды.
Барлығы: 31 197 п/м кәріз желілері тексерілді.

2016 ЖЫЛЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУЫНА ТАЛДАУ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ КО 564 АРНА ТАЗАЛАҒЫШ МАШИНАСЫ САТЫП АЛЫНДЫ.
КО-564 арна тазалағыш машинасында құбырлардың қабырғаларынан қатты түзілімдерді кетіру үшін тазалаудың пневмоимпульсті тәсілі қолданылады; тығыздалған ауа құбыр ішінде құбыр қабырғаларына импульстік әсерін береді, соның нәтижесінде қатты түзілімдер бөлшектеніп, өңдеу интервалында қабырғадан түсе бастайды. Осылайша, құбырлардың қимасы қалпына келіп және кәріз желілерін тазалау жұмыстарының тиімділігі арта түседі.
КО-564 арна тазалағыш машинасы мынадай қызметтерді орындайды:
- Вакуумдық машинаның қызметін (тұндырғы мен кәріз құдықтарынан сұйық фракциясын сору)
- Лайсорғыш машинасының қызметін (тығыз лай шөгінділерін жырып өтіп, кейіннен құдықтар мен тұндырғы-лардан сорып алу)
- Арна шайғыш машиналардың қызметін (қоқыстану кезіндегі апатты жою, суағар және арна шайғыш желілерді профилактикалық тазалау)


ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА СӘЙКЕС

- 2016 жылы ұзындығы – 2,5 км, д- 1000 мм, Көксай-3 бастап, Тайманұлы көш. бойымен Кржижановский көш. дейінгі кәріз коллекторын қайта құру аяқталды.
Сомасы – 377 846 560 тг.
- 2016 жылы ұзындығы – 5,5 км, д – 600-1000 мм, Мұнай айдау зауытының айналымынан бастап Цеткина көш.52 дейінгі кәріз коллекторын қайта құру аяқталды. Сомасы- 500 506 799
- Техохрана көшесінен бастап Кржижановский көшесіне дейін, Тайманұлы көшесінің қиылысындағы Ет комбинатының коллекторы қалпына келтірілді. Сомасы – 88 млн.теңге
- 2015 жылы 18-ші және 19-шы қаңтарда Застенная және де 2016 жылы 3-4 қаңтарда Деповская көшелерінде орын алған апатты коллекторды қайта құру себебі қалалық д-1000 мм кәріздік коллекторының апаты болып келеді.
Осы кәріздік коллектор 1960-шы жылдары салынған және Ет комбинаты, Чапаевка, МЖК,Фосфор зауыты,МАЗ, ТЭЦ-3 мекемелерінің және «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан, 40 градустан жоғары ыстық ағызуларын тастайтын химиялық заттар шығаратын 10 шақты кәсіпорын,теріні өңдеп шығарушы 5 кәсіпорынның шайынды суларын ағызу үшін арналған. Коллектор құлаған жағдайда адам өміріне және денсаулығына қауіп әкеледі.

Қалмырзаев Бисенғали Тәжікбайұлы
бас директордың күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары
Бүгінгі күнде және келешекте Шымкент қаласын сапалы сумен қамтамасыз ету қажеттілігі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін уақытылы дамытуды және техникалық қайта қаруландыруды, жаңғыртуды, қайта құруды талап етеді.
2016 жылы ғимараттарды, құрылғыларды, электрлі-механикалық жабдықтарды, су және кәріз шаруашылығының желілерін, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жаңарту мен қайта құру бойынша іс-шаралар, уәкілетті органымен бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында, 4435,9 млн. теңге сомасына орындалды.
2016 жылға инвестициялық бағдарламаның нақты орындалуы 4 435,8 млн. теңгені құрды, оның ішінде өз қаражаты есебінен 603,8 млн. теңгеге орындалды (негізгі қызмет),несие қаражаты есебінен – 2 832,6 млн.теңге, субсидия есебінен – 958,3млн.теңге, өзге қызмет бойынша – 41,0 млн. теңгеге орындалды. Бағдарламаға сәйкес іс-шаралары бойынша жоспарланған объектілердің келесі қарастырылған түрлері орындалды:
1.Суды көтеру
Ғимараттарды, құрылғыларды, электрлі-механикалық жабдықтарды, су және кәріз шаруашылығының желілерін,басқару жүйелерін (автоматтандыру) қайта құру және соамортизациялық негізгі қорларды ауыстыру бойынша нақты орындалғаны 188,4 млн. теңге сомасына, оның ішінде, өз қаражаты есебінен 118,1 млн. теңгеге орындалды, несие қаражаты есебінен 29,2 млн. теңге және өзге қызмет бойынша 41,0 млн. теңгеге орындалды. Инвестиция есебінен келесі жұмыстар орындалды:
Ақбай-Қарасу су қабылдағышы бойынша:
-Жасыл технологиясы бойынша жылыту сорғыларын орнатуымен жылыту жүйелерін жаңғырту; қысымсыз күнді су жылытқыштарын орнату. Ұңғымаларды басқару стансасын қайта құру 43,6 млн. теңге сомасына орындалды.
-инфильтрациялық қауыздарды толықтыруға арналған су таратқыштар-дың құрылысы 85,6 млн.теңге сомасына орындалды.
-Трансформаторларды жөндеу 6 дана – 677,6 мың теңге.
- Оқыту – өнідірістік орталығына арналған санитарлы-тұрмыстық және оқыту-жаттықтыру кешенін қайта құру – 41,1 млн. теңге сомасына орындалды.
Тассай су қабылдағышы бойынша :
-Тассай-2 учаскесіндегі басқару шкафтарын қайта құрумен сорғы стансасында сорғы орнату – 2,3 млн.тг.,
Көмеш –Бұлақ су қабылдағышы бойынша:
-Көмешбұлақ су қабылдағышының учаскесінде /1255м/ № 9,6,10,13,14 ұңғымаларына қоршау орнату құрылысы – 8,3 млн.тг.
Бадам-Сайрам су қабылдағышы бойынша:
-Сорғы жабдықтарын қайта құру
(Ауыстыру), қысымсыз күнді су жылытқыштарын орнату, Бадам-Сайрам су қабылдағышы учаскесінде реактивті қуаты бар компенсаторды орнату – 6,7 млн. теңге сомасына орындалды.
II. СУДЫ ТАСЫМАЛДАУ
1.Көшелік су өлшегіш тораптарына жеке есепке алу құралдарын шығаруымен көшелік су құбырлар желілерін қайта құру көше бойынша 2913 абонентке және 14 көп қабатты үйлер бойынша 1000 абонентке (барлығы -3913 абон.) - 198,8 млн. теңге (оның ішінде, несие қаражаты есебінен – 152,9 млн.тг., және өз қаражаты есебінен – 45,9 млн.тг) орындалды;
2.Автоматтандыруға бейімделген жалпы көшелік және басты су өлшегіш тораптарының құрылысы мен қайта құру, су өлшегіш тораптарын қайта құру – 102,18 млн.теңге
3.Жиелік реттегішті (11 нысан) орнатуымен III көтерудің сорғыларын басқару стансасын қайта құру;
4.№6 алаңшада су деңгейін қашықтықта бақылаудың қондырғысын орнату,су қысымын реттегішті орнату, ілмекті арматура, өрт гидранттарын ауыстыру – 77,6 млн.теңге;
5.Ғимараттарды, құрылғыларды, электрлі-механикалық жабдықтарды және соамортизацияланған су құбырлары желілерін, су таратқыштар-ды қайта құру (құрылысы) бойынша – 915,6 млн.теңге.
III. КӘРІЗ СУЛАРЫН ТАСЫМАЛДАУ
Ғимараттарды, құрылғыларды, электрлі-механикалық жабдықтарды, су-кәріз шаруашылығы басқару жүйелерін (автоматтандыру) қайта құру және амортизацияланған негізгі қорларды ауыстыру бойынша 2016 жылы – 1 149,0 млн.теңге оның ішінде несие қаражаты есебінен – 712,0 млн. теңге сомасына, өз қаражаты есебінен – 673 мың теңге, субсидия есебінен – 436,3 млн. теңгеге орындалды.
Д – 600 мм-ден 1000 мм-ге дейінгі №2 коллекторды қайта құру – 872,9 млн. теңге сомасына орындалды.
Тазарту құрылғыларынан бастап Бөржар су жинақтағышына дейін д-1200 мм, ұзындығы 1,5 км бұрама коллек-торының құрылысы несиелік қаражат есебінен – 275,7 млн.теңге сомасына орындалды.
IV. Шайынды суларды тазарту.
Ғимараттарды, құрылғыларды, электрлі-механикалық жабдықтарды, СКШ басқару жүйелерін (автоматтан-дыру) қайта құру және амортизация-ланған негізгі қорларды ауыстыру бойынша тазарту құрылғыларының учаскесінде 2016 жылға жұмыстар – 1433,8 млн. теңгеге орындалды оның ішінде несие қаражаты есебінен 1 103,6 млн. теңге сомасына, өз қаражаты есебінен – 28,6 млн.теңге сомасына, субсидия есебінен – 301,5 млн. теңге сомасына орындалды;
Шымкент қаласының тазарту құрылғыларын жаңғырту. 2-ші кезең. 2-ші іске қосу кешені. Тұңба өңдеу және биогаз шығару стансасының құрылысы, тазарту құрылғыларының аумағын қоршау құрылысымен абаттандыру – 830,6 млн. теңге сомасына жүргізілді;
Кәріз тазарту құрылғыларының қуатын 150 мың м3/тәу дейін арттыру – 603,1 млн. теңге сомасына( оның ішінде 301,5 млн. теңге субсидия есебінен) орындалды;
V.ЖОБАЛЫҚ – ІЗДЕНІС ЖҰМЫСТАРЫ
Су құбырлары мен кәріз шаруашы-лығын және ғимараттарды, құрылғылар-ды, СКШ нысандарының жабдықтарын 2016 жылға жобалау бойынша жалпы сомасы – 130,6 млн. теңгеге орындал-ды, оның ішінде:
-су құбырларын қайта құру бойынша жобалау- іздестіру жұмыста-рын әзірлеу 86,2 млн. теңге сомасына орындалды.
- көшелік таратушы жәшіктерге жеке дербес су өлшегіштерді шығаруы-мен жобалау (ЖСҚ) – 44,4 млн. теңге;
VI.ҚҰРЫЛЫС СМЕТАСЫНА КІРМЕЙТІН ЖАБДЫҚТАРДЫ САТЫП АЛУ. ( ҚҰНЫ НАРЫҚ БАҒАСЫМЕН)
1.Арнайы техника мен автокөлік қаражаттары, жабдықтардың нақты ғсаны 2016 жылға – 219,8 млн. теңгені құрды, (оның ішінде несие қаражаты есебінен 142,7 млн. теңге, өз қаражаты есебінен 77,0 млн. теңге):
- «HOWO» маркалы автокөлігі 2 данада, 23 млн. теңге;
- Шынжыр табанды эксковатор «Caterpiller 1 дана – 59,2 млн.теңге;
- Тиегіш/CL955 А ( 1 дана), сомасы – 20 млн.теңге;
- «ПитонЕ» аппараты М 25-12 жиынтығында, сомасы – 2,5 млн. теңге;
- Трасса іздегіш жиынтығы (акустикалық шуға арналған логгерлер) – 16 млн. теңге;
- Жаңа жоғары сапалы дәнекерлеу аппараты 1 дана, сомасы – 337 мың теңге;
- Pokam Plus телеинспекциялық құбыр жүйесі жиынтығы/ ГАЗ А31г32 автокөлігі, 1 данасына – 48 млн. теңге несие қаражаты есебінен;
- КО 564 Арна шайғыш машинасы, сомасы – 34,58 млн. теңге;
- Арнайы техника және жабдықтар-ды сатып алу 8 данасын – 14 млн.теңге сомасына;
2.Құрал-жабдықтар, компьютерлік техника, құралдар, өндірістік құрал-сайман, агрегаттар, аппараттар және материалдық емес активтер сатып алу 2016 жылға – 11,8 млн. теңгеге орындалды.
- Әкімшілік-шаруашылық құрал-сайман 45 данасында 1 млн.теңге сомасына сатып алынды.
2016 жылы көлденең бағытталған бұрғылау әдісімен ұзындығы 22670 км, диаметрі 110-нан 600-ге дейін 27 нысан бойынша полиэтиленді құбырлар салынды.



ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘРІЗ-СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ЖАҢАРТУЫНА, ЖАҢҒЫРТУЫНА, ҚАЙТА ҚҰРУЫНА, ҚҰРЫЛЫСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ (млн.тенге ҚҚС қосылмаған)
2016 ЖЫЛЫ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС БОЙЫНША ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР:
9 ұңғымада тазалау және шаю жұмыстары жүргізілді, ұңғымаларды шайғаннан кейін су деңгейі 0,4-0,5 м көтеріледі. Көтеру дебеті 15%-ға арта түседі.
Ғимараттарды және құрылғылар-ды жөндеу – 12 дана, ғимаратты пайдаланудағы қызмет мерзімін создыру үшін.
Магистралды және транзитті су құбыр желілерін және су құбырларының ұзындығы – 11497, 97 мекен-жай бойынша жөндеу.
Кәріз желілерін және коллекторла-рды 10- мекен-жай бойынша, ұзындығы -415 п.м. жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәріз желілерін механикалық тазалау д- 150-400 мм, ұзындығы – 37543 п.м.

Дилдабеков Бауыржан
Бас директордың су құбырлары жүйелерін пайдану жөніндегі орынбасары
Қаланың сумен жабдықтау сызбасының жүйесі айналмалы болып келеді. Жерасты су көздерінен алынған ауыз су заласыздандырылып, қалаға үш басты су құбырымен келеді. Әрі қарай, су қаланың ішіне орамды үлестіргіш желілері арқылы таратылады. Шұғыл басқару мақсатында, қаланың су құбыры және кәріз желілері келісімшарт негізінде мамандырылған аутсорсингтік мекемелер жұмыс жасайтын 8 пайдала-нушы учаскелерге бөлінген.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесі мен сумен жабдықтау және су бұру жүйесі саласындағы басқа нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келісімшарт шарттарына желілер, құрылғылар, бақылау-өлшегіш құралдары және т.б. пайдалану қосылған.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қарамағындағы сумен жабдықтау жүйесі негізінен жалпы ұзындығы 1852,5 км құрайтын су таратқыштар мен су құбыры желілерінен тұрады, оның ішінде:
344,1 км – магистралды су таратқыштар мен су құбыры желілері;
1327,3 км – көшелік желілер;
181,1 км – ішкі орамды желілер
Сумен жабдықтау жүйесін реттеу жұмысы орталық диспетчерлік торабында орнатылған технологиялық процесі автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс тәртібін күнделікті бақылауды қаланың әр түрлі аймағында орналасқан 28 бақылау нүктелеріндегі судың қысымын бақылау арқылы диспетчерлер жүзеге асырады.

2001-2016 ЖЖ. СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ.
2001 жылдан 2016 жыл аралығында инвестицияны игеру есебінен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң 852,9 км тозған желілері қайта құрылды.

ҚАЙТА ҚҰРЫЛҒАН ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ДИАМЕТРЛЕРІ (КМ) БОЙЫНША 2001-2016 ЖЫЛДАРҒА ҮЛЕСІ.
Тозған су құбырлары желісін қайта құру және желілердегі су қысымын реттеу бойынша жүргізілген іс-шаралар-дың нәтижесінде 2015-2016жж. тұтынушылардың Орталық Диспетчерлік Қызметіне судың жоқтығы және әлсіз қысымына арыздану саны қысқартылды.

ЖАЛПЫ ТАРАТУШЫ ТОРАПТАРЫНА ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰРАЛДАРЫН ШЫҒАРУМЕН СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ҚАЙТА ҚҰРУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ.
Қолда бар 100119 жеке үйлердің жеткізуші құбырлары 97749 - да немесе 97,6% қайта құрылды. Қайта құрылғаннан кейін су ысырабы 58%-дан 5%-ға дейін төмендеді.
Қолда бар 1806 көп қабатты үйлердің ішкі құбырларының 37,1% қайта құрылған. Қайта құрылу жұмыстарынан кейін су ысырабы 30%-дан 1-2%-ға төмендейді.
Қайта құрудың артықшылығы
- тозығы жеткен металды құбырларды қызмет мерзімі 2,5 рет ұзағырақ полиэтиленді құбырларға ауыстыру;
- су ысырабын минимумге дейін төмендету;
- көрсеткіштерді түсіру кезіндегі қолайлығы;
- ұрлау фактілерін жою;
- төлемнің 96-98%-дық деңгейіне жету;
- қосымша шығынсыз желіден ажырату;
- есепке алу құралдары кәсіпорын теңгеріміне алынып, тексеру, жөндеу және ауыстыру бойынша барлық жұмыстарды кәсіпорын орындайды.

Құбырларды жалпы тарату торабынан пәтерге (үйге) дейін қайта құру тұтынушы есебінен мерзімі 1 жылға дейін несие негізінде жүргізіледі.
Су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізу нәтижесінде, жыл сайын су шығыны деңгейі азайып келеді.

Орта мерзімді инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға дейінгі тозығы 60%- ды құраған.

2016 ЖЫЛ СОҢЫНДА «СФИНКС» ВМ-911 МЕТАЛЛ ІЗДЕГІШІ САТЫП АЛЫНДЫ.
2016 жылдан бастап пайдаланушы учаскелер «Сфинкс» ВМ-911 металл іздегішімен қолдануда.
Бүгінгі таңда, металл іздегішті қолдану арқасында су және кәріз құбырлары құдықтарының қақпақтары жолдардың асфальт-бетонды төсеніштердің және жер асты жолдарының астынан табылып жатыр;
«Сфинкс» ВМ-911 өзінің тиімділігін және техникалық параметрлеріне сәйкес екендігін дәлелдеген.
Жер астында көміліп қалған су және кәріз құбырларының құдықтарын іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

2016 ЖЫЛЫ «СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС-ГІ 3 СУ ТАРАТҚЫШТА ИЗРАИЛЬДІК BERMAD КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМДАС АУА КЛАПАНДАРЫНЫҢ 42 ДАНАСЫН ОРНАТТЫ.
Жұмыс қағидаты:
Құбырды толтыру барысында үлкен көлемді ауа, ауа клапанының кинетика-лық тесігі арқылы шығарылады, қалтқы көтеріліп, клапан жабылады, клапан қысымның астында болғанша кинетикалық тесік жабық түрінде қалады. Жүйенің жұмысы барысында бөлінетін ауа, ауа клапанының жоғарғы жағында шоғырланады, қалтқыны төмен түсіріп, автоматтық тесікті ашқыздырып және осы ауа көлемін шығаруға мәжбүрлейді. Құбырларды кептіру кезінде ішіндегі қысым төмендейді, кинетикалық тесік ашылып ауа кіргізеді, осылайша, вакуумның пайда болуының алдын алады.
Тиімділігі:
- Вакуум пайда болуының алдын алады және ауа қалталарын жояды;
- Су құбырлары желісінде жарып өтуді қысқартады;
- Ауа қалталары мен тығындарды жою арқылы құбырларда толық қима қолданылады;

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і материалды ғана емес, сондай-ақ адам ресурстарын да автоматтандырады.
Заманауи тіршілік қолды өмір тынысында ұстап тұру және тұрғындар-дың қажеттілігін жедел қанағат ету ғана емес, сондай-ақ кәсіпорын ішіндегі барлық процестерді оңтайландыруға міндеттейді. Ақпаратты технология саласындағы серіктестерді тартуымен жоғары технологиялық шешімдерді ендіруге мүмкіндік береді.
Жаңғырту жолында бірінші қадам «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қарауындағы су құбырларының әр метрінің мән-жайы туралы ақпаратты жинауға мүмкіндік берген Геоақпараттық жүйесі болып табылады. ГАЖ. Бұзылған жерлерін, оны жою жағдайлары анықталған кездерде жүйе оны деректер базасына енгізуге рұқсат етеді, кейіннен бар деректер негізінде, қалалық құбырлардың үлкен учаскелерін ауыстыру қажеттілігі туындаған жағдайларда экономикалық тиімді, оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Материалды ресурстарды тиімді пайдалануының берекесі, адам ресурстарын есепке алмай көрінбес. Сондықтан, келесі кезеңде кәсіпорын бұлттық онлайн сервис – Optimizer – ге қосылды.
Сервисті қолдану бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді:
Жоспарлы және апаттық жөндеу, инспекциялар, тексеріп шығуларды орындау үшін ресурстар мен жұмыстарды нақты уақыт режимінде оңтайлы бақылау мен жоспарлау;
Жоспарлы қызмет көрсетудің бірыңғай орталығын ұйымдастыру;
Диспетчерлік қызметтің жұмыс барысының мониторингін нақты уақыт режимінде қамтамасыз ету;
Өтінімдерді өңдеу процесі және кезегімен мобильді бригадаларға міндеттерін қою қарапайым және ыңғайлы болды: өтінімді телефон арқылы қабылдағаннан кейін диспетчер оны ГАЖ-не енгізеді, одан соң өтінім автоматты түрде (адамның қатысуысыз) апат болған учаскеге жауапты орындаушылардың мобильді құралдарына «Оптимайзер» арқылы беріледі. Өз кезегінде, орындаушы-лардың жұмыс орнынан фотосуреттерді және де басқа ақпаратты нақты уақыт режимінде жіберуге мүмкіндігі бар. Әрі қарай диспетчер картадан қызметкерлердің тұрған жерін және жұмыс мәртебесін қадағалайды.
Су және кәріз құбырларының желісіндегі кемшіліктерді жою, жоспарлы-алдын ала тексеру және жоспарлы-алдын ала жөндеумен уақытында толтыруды жедел бақылау үшін мобильді бригадаларды басқарудың Юнитера компаниясының автоматты жүйесі енгізілген.



Тұрдалиев Жанатбек Үсіпұлы
Бас директордың экономика және маркетинг жөніндегі орынбасары
Өткен жылда мекеме “тұрғындар” тобының 181578 абоненттеріне және “бюджеттік ұйымдардың, кәсіпкерлік және басқа да шаруашылық субъекті-лерінің” 6642 абоненттеріне сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсетті. Көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі жоспармен салыстыр-ғанда 1,7 %-ға өсті. 2016 жылы тұрғындардың орташа айлық су тұтынуы 2015 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артты.
Тұтынушылар арасында суды ең көп тұтынатын негізгі топ болып тұрғындар тобы табылады, осы топқа барлық тұтынылған су көлемінің 71%-ы жатады.
Тарифтік смета бойынша табыстың жалпы көлемі ҚҚС-мен 6003,5 млн. теңгені құрды, бұл тарифтік сметаларда жоспарланған табыс көлемінен 0,4%-ға артық. Бекітілген тарифтік сметалар толығымен орындалды.
2016 жылы тарифтер, тарифтік сметалар және инвестициялық бағдарламаны бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді. Уәкілетті органның бұйрығымен таратушы желілері арқылы су беру және шайынды суларды бұру қызметтеріне 2016-2021 жж. тарифтік сметалар мен тарифтердің шекті деңгейі қолданысқа 01.07.2016 жылдан бастап енгізуімен бекітілген.
01.07.2016 жылдан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің тарифтері мен тарифтік сметалары қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша әлемдік экономикадағы негативті құбылыстар шарттарын ескере отырып өндірістік-шаруашылық және қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Шымкент қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің проблемасын шешу үшін қалыптасқан.
Сол сияқты, уәкілетті органның бұйрығымен 2016 жылға таратушы желілер арқылы су беру және шайынды суларды бұру қызметтеріне тарифтік сметаларды түзету жүргізілген.
Одан басқа,Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелес-тікті қорғау Комитетінің ОҚО бойынша Департаментінің бұйрығымен 2016-2021 жж. арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне инвестициялық бағдарлама бекітілген.
Сумен жабдықтау және су бұру саласында ерекше жағдай ретінде үкіметтік субсидия мен бюджеттік несиелендіру нысанын айтуға болады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС топ менеджментінің үлкен еңбегінің нәтижесінде мемлекет тарапынан өтеусіз үкіметтік субсидиясы 974 млн.теңге сомасында «СРМ» ЖШС-не және 20 жыл мерзіміне жылдық 0,02%-мен «Су және кәріз құбырлары басқармасы» МКК-ге 2 181 млн. теңге сомасындағы бюджеттік несиелендіру бөлінген. Жобалар мемлекетттік қолдауды тартуымен жүзеге асырылып жалғасын табуда және 2017 жылы аяқталады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң өндіріс объектілерін пайдалану, жөндеу, қызмет көрсету бойынша жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарын бақылау және басқару үшін АБЖ МБАБЖ бағдарламасын әзірледі:
МБАБЖ негізгі міндеттері болып:
- Жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын орындау, жоспарлау және басқару процестерін оңтайландыру;
- Жұмыс жүргізіліп жатқан объектілердегі жұмыстарды жедел басқаруды оңтайландыру;
- Жұмыс орнын дайындау және ұйымдастыру процестерінің уақытын қысқарту;
- Жұмыс мәртебесі туралы жедел есептілікті және жұмыс орнынан кері байланысты ұйымдастыру;
- Аналитикалық есептеме және есептілік нысандарын жасау процесін автоматтандыру, саралау үшін бастапқы деректердің құрамын кеңейту.
2016 жылдың 28 қазанында «Сумен жабдықтау және су бұру жұйелерінде су- және энергия үнемдеудің баламалы көздері» тақырыбында республикалық семинар өтті.

01.01.2017 ж. ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АБОНЕНТТЕРДІҢ ЖАЛПЫ САНЫ
1996-2016жж. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛЫМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ
01.01.2009ж. №166-ІІІ «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының қосымшасына сәйкес, су есептегіш құралдарын орнату 05.07.2006 ж. дейін аяқталуы керек. Шымкент қаласында бұл талап мерзімінен 5 жыл бұрын орындалған.
Инвестициялық бағдарламаларды орындау нәтижесінде: Су есептегіш құралдарын 100 пайыз орнату, энергия үнемдегіш технологияларды енгізу мен жөндеу, сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру мен жаңғырту нәтижесінде судың орташа пайдаланылуы 1996 жылдағы тәулігіне 456 литрден қазіргі уақытта тәулігіне 120 литрге төмендеді, бұл 3,8 есе төмендеуді көрсетеді. Осы мерзімге ауыз суды тиімді пайдаланудан тұтынушының отбасылық бюджетін шартты үнемдеу шамамен 26,4 млрд.теңгені құрайды. Сонымен қатар, электр энергиясының шығыны 9,7 есе азайды және атмосфераға СО2 пайдаланылған газдардың тасталуы азайтылды.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА СУМЕН ЖАБЫҚТАУДЫҢ ЖАЛПЫ ҮЙЛІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ КӨШЕЛІК ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТУ 100%-ға ОРЫНДАЛДЫ
Көрсеткішті қашықтықтан алу үшін импульстік шығуымен 1420 жеке, 1847 жалпы көшелік, 1135 жалпы үйлік есептегіш құралдары орнатылды.
Жалпы үйлік және жалпы көшелік есептегіш құралдары арқылы суды тарату дилерлік қызметті жүзеге асыратын аутсорсингтік компаниялармен келісім-шарт негізінде жүргізіледі.
Барлық жалпы үйлік және жалпы көшелік есептегіш құралдары көрсеткішті қашықтықтан алу тәртібінде жұмыс жасайды. 2016 жылы көрсеткіштерді автоматтандырылған режимде жұмыс жасайтын құралдардың саны 3924 асты. 2017 жылы бұл жұмыс жалғасады.


ТАРАТЫЛҒАН СУ КӨЛЕМІНІҢ ДИНАМИКАСЫ (МЛН.М³)
2016 жылы абоненттер қаржы құралдарын қатты үнемдеу салдарынан ірі тұтынушылар бойынша тұтынылған су көлемінің 20%- дан 50% -ға дейін төмендеуі орын алды.
2016 ЖЫЛЫ ТАРАТЫЛҒАН СУ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ АБОНЕНТ ТОПТАРЫ БОЙЫНША ТАБЫСТАР
ҚАБЫЛДАНҒАН ШАЙЫНДЫ СУ КӨЛЕМІНІҢ ДИНАМИКАСЫ (МЛН.М³)
2016 жылы абонент қаржы құралдарын үнемдеу салдарынан ірі тұтынушылар бойынша шайынды суларды қабылдау көлемінің 15%-дан 70%-ға дейін төмендеуі орын алды.
2016 ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ШАЙЫНДЫ СУ КӨЛЕМІ МЕН ТҰТЫНУШЫЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ТАБЫСТАР
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУДІҢ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ (МЛН.ТЕҢГЕ ҚҚС-МЕН)
2016 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАР ТОБЫ БОЙЫНША СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУДЕН ТҮСКЕН ТАБЫС (МЛН.ТЕҢГЕ ҚҚС-МЕН)
2016 ЖЫЛҒЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФТІК СМЕТАЛАР ШЫҒЫНЫНЫҢ МЕНШІКТІ ҮЛЕСІ (млн.теңге)
2016 жылғы сумен жабдықтау қызметіне тарифтік сметалар шығындарының 59%-ын күрделі жөндеу , салықтар және негізгі қорды қалпына келтіру құрайды.
2016 ЖЫЛҒЫ СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФТІК СМЕТАЛАР ШЫҒЫНЫНЫҢ МЕНШІКТІ ҮЛЕСІ (млн.теңге)
2016 жылғы сумен жабдықтау қызметіне тарифтік сметалар шығындарының 66%-ын күрделі жөндеу , салықтар және негізгі қорды қалпына келтіру құрайды.
2011-2016 ЖЫЛДАРЫ «ТҰРҒЫНДАР» ТОБЫ БОЙЫНША СУДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ШАЙЫНДЫ СУЛАРДЫ БҰРУДЫҢ БІР АБОНЕНТКЕ БІР АЙДАҒЫ ШАРШЫ МЕТРІНІҢ ОРТАША АЙЛЫҚ ДИНАМИКАСЫ
ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен, атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен 2015-2021 жыл-дарға ұзақ мерзімге инвестициялық бағдарламаны және тарифтік сметаны қорғау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтерін бекітуге қол жеткіздік, соның арқасында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа айлық жалақы көлемі 10%-ға көтерілді.
2000-2016 жж. ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ОРТАША ЖАЛАҚЫСЫНЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ (ТЕҢГЕ)
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ МЕН КӘРІЗ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
1 адамның суды орташа тұтынуы тәулігіне 456 литрден 120 л-ге дейін төмендеді. Нақты тұтыну бойынша су шығынын есепке алу бір отбасының орташа айлық төлемінің өсімін минимумге дейін төмендеуіне мүмкіндік береді (жыл сайынғы өсім 12,3% инфляция шектеуінде, 20 жылға 247%-ды құрды, 385 теңгеден 1335 теңгеге дейін). Ал, осы уақытта электр қуатының құны 10 есе өсті.

2016 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҮШІН 1 АДАМҒА ЕСЕПТЕЛІНГЕН СОМАЛАР МӨЛШЕРІНІҢ ТАЛДАУЫ
Алиева Лейла Башировна
Бас директордың орынбасары – бас бухгалтер
Компанияда бухалтерлік есеп пен қаржылық есептемені қалыптастыру компаниямен бекітілген есептік саясатты қолдануды есепке ала отырып, Қаржылық есептеменің халықаралық стандарты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептемесі туралы Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Халықаралық сатндарттар бойынша кешенді шешім болып табылатын, кәсіпорынды басқару мен оның қаржылық-шаруашылық қызметін есептеу үшін біріккен ақпараттық жүйені ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару» 1С; Кәсіпорын 8.2: Конфигурация бағдарламасының көмегімен бухгалтерлік есепті электронды жүргізу бағдарламасы енгізілді.
2016 жылға құрылған қаржылық есептеме ақшалай қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижелер мен компанияның ақшалай ағыны туралы қаражаттың алдағы ағынын болжай алатын және дұрыс экономикалық шешімдер қабылдау үшін түсінікті және пайдалы анық ақпаратты ұсынады.
2016 жылдың табыстар мен шығындар туралы есебінде салық салынғанға дейін 602,7 млн.теңге сомасындағы табыс көрсетілген, оның ішінде 508,8 млн. теңге инвестицияларға ЕҚҚДБ несиелері бойынша есептер мен қолдану кезіндегі валюттық операциялар бойынша кері айырмашылығының оң әсерінің басымдылығының сомасы.
2017 жылы да қаржылық есептеме компанияның қаржылық қызметі мен оның тұрақтылығына әсер ететін қауіп факторлары, тұрақсыздық жағдайларына ұщырайды.
Компанияның операциялық қызметінің тиімділігі салық төлемдері және бюджеттік төлемдерді өсіруге мүмкіндік берді. 2016 жылы есептелген салықтар мен бюджеттік төлемдер 426,6 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 127,3 млн. теңгеге артық.
Табыс жиынтығына салықтық жүктеменің коэффициенті – 4,3%.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і коммуналды мекеме болып табылады, сол себепті абоненттермен байланыста болу тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетін көтерудің басты шарты болып саналады. Қабылдау, тіркеу және орындауды бақылау орталық диспетчерлік қызмет пен кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылардың арыздарын қабылдау «шұғыл желі» сымтетігі және бас директор мен оның орынбасарларының жеке қабылдауы арқылы ұйымдастырылған. Тұтынушылармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мыналар арқылы жүргізіледі:
- су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін алуды жүзеге асыратын, су құбыры мен кәріздік қызметтері бойынша төлем хабарламасын жеткізуші дилерлік учаскелердің жұмысшылары;
- жыл сайынғы сауалнама;
- бұқаралық ақпарат құралдары: басылымдар, телеарналар;
-жарнама материалдары: кітапшалар, бүктемелер, плакаттар;
-мекеме жұмысшыларының тұтынушылармен кездесуі;
-тұтынушыны қызықтыратын немесе тұтынушыларға дилер инспекторларымен тікелей қарым-қатынас арқылы жеткізілуі қажет мәселелер сол жерде түсіндіріледі.
Арыздардың түсуі мен олардың шешімдерін растау «Кеңсенің» компьютерлік бағдарламасында тіркеледі. Ал сымтетік арқылы түскен арыздар «Диспетчерлік» бөлімінің компьютерлік бағдарламасында тіркеледі.
Мекеме жұмысшыларының тұтынушылармен кездесуінде абоненттерді қызықтырып жүрген барлық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, үй және көше төрағаларымен кездесулер ұйымдастырылады.
Мекеме бұқаралық ақпарат құралдармен тығыз байланыс жасайды. Қалалық «Рабат» газетінің жеке «ақпараттық жолағында» айына бір рет сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері қызметтерінің өзекті мәселелері туралы жаңа ақпараттармен хабардар етіп отырады. Қоғамға ең жаңа жаңалықтарымен жеткізіп отыратын «Қазақстан-Шымкент», «Отырар» және «Айғақ» жергілікті телеарналармен келісім-шарт түзілген.
Мекеме жыл сайын тұтынушылар, қоғамдық мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа қызығушылық танытқан тұлғалардың алдында өткен жылғы қызмет қорытындысы туралы есеп беріп отырады. 2016 жылы 25 сәуірінде монополияға қарсы органдар, қала әкімшілігі, қоғамдық мекемелердің басшылары, мәжіліс депутаттары, бұқаралық ақпарат мемлекеттік органдары өкілдерінің және т.б. қатысуымен есеп беру өткізілді. Есеп беру барысында қатысушылар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің тұтынушыларды сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерімен қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
2016 жылы жұмысшылардың бір күндік жалақысынан ерікті аудару есебінен денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт мекемелеріне 12 012,0 теңгеге «Мейрімділік» қоғамдық бірлестігінен қайырымдылық көмек көрсетілді:
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, аз қамтылған және көп балалы отбасыларына 3 734,0 теңге.
- білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелеріне 849,0 теңге.
- ай сайын ҰОС 377 ардагерлері мен солармен тең тұлғаларға сумен жабдықтау және кәріздік қызметтерге 5 текше метр, яғни 1 665,0 теңгеге тегін қызмет көрсетіледі.
- ардагерлер мен зейнеткерлерге ақысыз көмек ретінде «Аталар сөзі», «Оңтүстік Рабат», «Рабат», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казакстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» «Қазақ үні», «Рейтинг», «Айғақ», «Саясат», «Жанубий Қозоғистон», «Ар-дақ», «Уақыт» газеттеріне, яғни 5 764 000 теңгеге тегін жазылу ұйымдастырылады.
Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж