+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
35.0%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
13.1%
Басқа
13.9%
барлық дауыс: 3241
сұрақтар мұрағаты

11.06.2018ж.-20.06.2018ж. аралығында
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі
біріктірілген менеджмент жүйесінің
ішкі аудитін өткізу туралы
Есебі

Есеп құрылымы:

  • 1.Ішкі аудит нәтижелері.
  • 1.1. Ішкі аудит бойынша сәйкессіздік, түзетуші әрекеттер.
  • 1.2. Ішкі аудит бойынша бақылау, түзетуші әрекеттер.
  • 2. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар.
  • 3. Қорытынды.

    1. Ішкі аудит нәтижелері

                Аудит өткізудің 2018 жылға бекітілген жоспарына сәйкес, 11-20 маусым аралығында біріктірілген менеджмент жүйесінің (әрі қарай БМЖ) ішкі аудиті өткізілді. Оның мақсаты «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де енгізілген сапа менеджмент жүйесі, экологиялық менеджмент және кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің ИСО 9001:2015, ИСО 14001:2015 және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растау болып табылады.
                Ішкі аудит барысында Серіктестіктің 15 бөлімшесі мен 9 аутсорсингтік мекемелері тексерілді. Ішкі аудиттің сәйкессіздік туралы 6 хаттамасы және ішкі аудиттің бақылауы туралы 10 хаттамасы толтырылды.
                Есеп құрылған күннің жағдайы бойынша 25.07.2018ж., сәйкессіздік туралы 6 хаттаманың 5-уі орындалды. Ішкі аудит бойынша бақылаулар орындалды. Ішкі аудиторлар әрбір тексерілген бөлімше жөнінде ішкі аудиттің нәтижелері бойынша Есеп дайындады.

    1.1. Ішкі аудит бойынша сәйкессіздік, түзетуші әрекеттер

    Сапа менеджмент жүйесі бойынша – 4 сәйкессіздік (67%)


    МС ИСО 9001:2015-7.2.т. - Құзыреттілік -1 сәйкессіздік
    ӨТБ – ӨТБ-і туралы Ережеде орындалған жобалы-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) дайындау, қабылдау және тіркеуді бақылауға қатысты ақпарат болмады. Осы қызмет ӨТБ-не жүктелді.
    Түзетуші әрекеттер орындалды:
    1.ӨТБ туралы Ереже мен ӨТБ-і инженерінің лауазымдық нұсқаулығына ЖСҚ дайындау, орындалуын бақылау, есепке алуға қатысты тиісті түзетулер мен қосымшалар енгізілді.
    2. ӨТБ қызметкерлерінің барлық лауазымдық нұсқаулықтарының дұрыстығы, ӨТБ-не жүктелген қызметтердің толық қамтылғандығы тексерілді.
    МС ИСО 9001:2015-8.5.1.т. – «Өндіріс пен қызмет көрсетуді бақылау» - 2 сәйкессіздік
    1) Сәйкессіздік - ӨТБ: «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің учаскелерінде ЖАТ және ЖАЖ орындалуын тексерудің 2018 жылғы кестесінде ішкі жеткізушіге берілген жертөлелерге қызмет көрсету бойынша учаске болмады. ӨТБ тарапынан жертөлелердегі тиекті арматураларға 2018 жылғы ЖАТ және ЖАЖ орындалуын тексеру актілері берілмеген.
    Түзетуші әрекетер орындалды:
        1. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің учаскелерінде ЖАТ және ЖАЖ орындалуын тексерудің 2018 жылғы кестесіне түзетулер енгізілді.
        2. Жертөлелердегі тиекті арматураларға ЖАТ және ЖАЖ орындалуын тексеру 2018 жылғы маусым айынан басталды.
        3. ӨТБ-нің су құбыры және кәріз шаруашылығына қызмет көрсету бойынша «СРМ» ЖШС-нің барлық учаскелерінде ЖАТ және ЖАЖ орындалуын тексеруді растайтын құжаттандырылған ақпараттың бар екендігі тексерілді.

    2) Сәйкессіздік – Су ресурстары инспекциясы: Есептеуіш құралдардың техникалық жағдайын тексеру кестесі көрсетілмеді.
    Түзетуші әрекетер орындалды:
    1. Есептеуіш құралдардың техникалық жағдайын тексерудің 2018 жылдың 2-ші жартысының кестесі дайындалды.
    МС ИСО 9001:2015-7.1.5.1.т. Мониторинг және өлшемге арналған ресурстар- 1 сәйкессіздік

    Бас энергетик қызметі – өлшем құралдарын есепке алу журналы ұсынылмады, осыған байланысты бақылау-өлшеу құралдары, байқау аралық интервалдар, өлшем құралдарын тексеру жоспарының орындалуын бақылауға мүмкіндік болмады.
    Түзетуші іс-шаралар жоспарланды:
    Өлшем құралдарын есепке алу журналын орнату орны, тексеру мерзімі, соңғы тексерілген күнін көрсетумен қалпына келтіру. Орындалу мерзімі 30.09.2018ж.

    Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті бойынша – 2 сәйкессіздік (33%)

    OHSAS 18001:2007 4.3.3 т. – Мақсаттар мен бағдарламалар - 2 сәйкессіздік

    1)Сәйкессіздік:: ӨТБ-де диэлектрлік қорғаныш құралдарын тексеру кестесі дайындалмаған және Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйесінің 2018 жылға Мақсаттары мен бағдарламаларында жоспарланғандай, пайдаланушы бөлімшелерде жер қазу жұмыстарының өткізілуін бақылауды ішінара тексерудің актілері ұсынылмады.
    Түзетуші әрекеттер орындалды::
    1.ӨТБ-де Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі саласының мақсаттары, міндеттері мен бағдарламаларын ендіру мен қолданысына жауапты тұлға тағайындалды.
    2. Диэлектрлік қорғаныш құралдарын тексеру кестесі дайындалды (орын. бас энергетик)
    3. Диэлектрлік қорғаныш құралдары мен жер қазу жұмыстарын ішінара тексеру басталды.

    2) Сәйкессіздік: Бас энергетик қызметінде Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйесінің Мақсаттары мен бағдарламаларында жоспарланғандай, диэлектрлік қорғаныш құралдарын тексеру актілері ұсынылмады.
    Түзетуші әрекеттер жоспарланды: Маусым айынан бастап диэлектрлік құралдарды ішінара тексеру жүзеге асырылсын.

    1.2. Ішкі аудит бойынша бақылау, түзетуші әрекеттер

    Бақылау - Сәйкессіздік сипаты жоқ және мүмкін болатын сәйкессіздіктің алдын алу мақсатындағы аудит куәлігі.
                Тексеру барысында 10 бақылау анықталды, олар бойынша кәсіпорында ендірілген менеджменттің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкессіздікті болдырмау мақсатында шаралар қолдану қажет:

    Сапа менеджмент жүйесі бойынша – 6 бақылау, немесе 60%, олардың ішінде:

    Бақылаулар ИСО 9001:2015 стандартының тармақтарына:

    7.5.3.2 т.– Құжаттандырылған ақпаратты басқару- 2 бақылау
    Түзету /Түзетуші әрекеттер
    1. Су ресурстары инспекциясында есепті құжаттар мен іс жүргізуді рәсімдеу бойынша ескертулер түзетілді.

    8.5.1 т. Өндіріс және қызмет көрсетуді бақылау - 3 бақылау
    Түзету /Түзетуші әрекеттер:
    1. Ақбай-Қарасу су қабылдағышында жөндеу (ЖАЖ) және су деңгейі бойынша сорғы ұңғымаларының құжаттарына ақпарат енгізілді.
    2. ОДҚ-не ақау актілері мен жауапты орындаушылары қолдарының бар екендігі жөніндегі апаттық қор журналына жазбалар енгізілді.
    3) ӨТБ-не жобалау-сметалық құжаттамалардың (ЖСҚ) орындалу мерзімін бақылау мақсатында жобалау мекемелерімен ЖСҚ-ны дайындау кестесі түзілді.

    8.4.3 т. – ішкі жеткізушілерге арналған ақпарат - 1 бақылау
    Түзету /Түзетуші әрекеттер:
    1.Құқық бөліміндегі ішкі жеткізушілермен келісім-шарттың ішкі жеткізушінің міндеті бөліміне түзетулер енгізілді.

    Экологиялық менеджмент жүйесі бойынша – 2 бақылау -20%

    ИСО 14001:2015 8.1.т. Жұмысты жоспарлау және басқару - 1 бақылау
    Түзету /Түзетуші әрекеттер:
    1) Ақбай-Қарасу су қабылдағышындағы қалдықтарды орналастыру сызбасы түзетілді.

    ИСО 14001:2015 9.1.т. Мониторинг, өлшеу, талдау және бағалау - 1 бақылау
    Түзету /Түзетуші әрекеттер:
    1) Ақбай-Қарасу су қабылдашында ауаны ластау мониторингі бойынша міндетті есептеме анықталды және тиісті бума жинақталды.

    Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті бойынша – 2 бақылау – 20%,

    OHSAS 18001: 2007 4.4.6 т. – Қызметті басқару - 1 бақылау
    OHSAS 18001: 2007 4.4.7 т. Апатты жағдайларға дайындық және оларға қарсы әрекет ету – 1 бақылау
    Түзетуші әрекет:
    1. Ақбай-Қарасу су қабылдашында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша оқулардың жазбалары қалпына келтірілді, жинақталды және жүйелендірілді.
    2. Ақбай-Қарасу су қабылдашында апатқа қарсы әрекет ету бойынша жазбалар қалпына келтірілді, жинақталды және жүйелендірілді.

    2. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қызметін жақсарту бойынша
    ТОО ұсыныстар

        Ішкі аудит нәтижелері бойынша қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар дайындалды:
        1. Серіктестік қызметкерлері үшін тәуекел-менеджменті жаңа енгізілім болып табылатындықтан, процестерді ұйымдастыруды уақытылы жаңартып тұру және қажетінше жаңа тәекелдерді анықтау қажет.
        Бас энергетик өлшеуіш құралдарын тексеру кестесінің орындалуын бақылауды күшейтсін, бақылау-өлшеу құралдарына кешенді түгендеу жүргізсін және есепті құжаттамада көрсетсін.
        3. Ішкі қызметтерді жеткізушілердің ЖАТ және ЖАЖ орындалуын бақылау бойынша сәкессіздіктердің қайталануы себепті, ӨТБ-нің бастығы осы жұмыстарды бақылауды күшейтсін.
        4. Бас директордың су қабылдағыш құрылғыларын басқару жөніндегі орынбасары су қабылдағышындағы сорғы ұңғымалары құжаттарының бар екендігіне және сорғы ұңғымалары жұмысын бақылау бойынша жазбалардың уақытылы және толық енгізілуіне бақылау жүргізсін.
        5. Экологиялық менеджмент жүйесі бойынша жауапты өндірістік учаскелер үшін қоршаған ортаны ластау мониторингі бойынша есептемені анықтасын және сәйкестендірсін.

    3. Ішкі аудит бойынша қорытынды

        Қортынды: «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бірінші және екінші тарапындағы ішкі аудит кезінде анықталған барлық сәйкессіздіктер мен бақылаулар болмашы болып табылады. Осы сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар дайындалып, орындалды (есепті дайындау күніне орындалу мерзімімен). «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-дегі біріктірілген менеджмент жүйесі МС ИСО 9001:2015, ИСО 14001:2015; OHSAS 18001: 2007 талаптарына сай, әрекетте қолдау тауып, үнемі жақсару принципіне сәйкес даму үстінде, жалпы өз нәтижесін беруде.

    Есепті құрастырған:
    Аудит тобының басшысы:           Г.А.Муртазина

                                                                        25.07.2018 г.
    Яндекс.Метрика
    Біздің
    байланыстар
    «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
    Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

    Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
    Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
    Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
    Шұғыл желі: 321-275
    Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
    Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
    Факс: 322-544
    E-mail: info@wrm.kz
    © Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
    Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж