+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.8%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.1%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.8%
БАҚ
13.2%
Басқа
14.4%
барлық дауыс: 3643
сұрақтар мұрағаты

Менеджмент жүйелері бойынша басшылық өкілінің
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң
20.06.2017 – 28.06.2017 жж. аралығында
ИСО ішкі аудитін өткізу туралы
Е С Е Б І


Есеп құрылымы:
  • 1.Ішкі аудит нәтижелері.
    • 1.1.Ішкі аудит бойынша сәйкессіздіктер, түзетуші әрекеттер.
    • 1.2.Ішкі аудит бойынша бақылаулар, түзетуші әрекеттер.
  • 2. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС және аутсорсигтік ұйымдардың қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар.
  • 3.Қорытынды.

1. Ішкі аудит нәтижелері

   2017 жылға аудит жүргізу бекітілген жоспарға сәйкес, 2017 жылдың маусым айының 20-28 жұлдызы аралығында, мақсаты « Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де әрі қарай Серіктестік енгізілген сапа менеджмент, экологиялық менеджмент және кәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджментінің халықаралық ИСО 9001:2008,исо 14001:2004, OHSAS 18001:2007 стандарттар әрі қарай БМЖ талаптарына сәйкестігін растау болып келетін біріккен менеджмент жүйесінің ішкі аудиті жүргізілді.
Аудит барасында Серіктестіктің 15 бөлімшелері және 9 аутсорсингтік ұйымдар тексеруден өтті.Сәйкессіздік туралы 8 хаттама және ішкі аудиттің бақылау туралы 12 хаттамасы түзілді.

1.1.Ішкі аудит бойынша сәйкессіздіктер, түзету әрекеттері.

Сәйкессіздіктер – талаптардың орындалмауы (МС ИСО 9001:2008)

Сапа менеджменті бойынша – 8 сәйкессіздік

МС ИСО 9001:2008 4.2.3.тармағы – Құжаттарды басқару – 1 сәйкессіздік

-бас энергетиктің қызметінде сыртқы нормативтік құжаттама және пайдалану нұсқамаларына өзекті сипат берілмеген.СНҚ тізімдемесін толтыру бойынша және пайдалану нұсқамалары бар папканы іріктеу бойынша сәйкессіздіктер.

Орындалған түзетуші әрекеттер:

1.СНҚ –ны өзектендіру жүргізілді
2.Пайдалануы бас энергетиктің жауапкершіліне берілген жабдықтардың тізімдемесі белгіленді.
3.Пайдалану нұсқамалары әзірленіп, бекітілді.Қолда бар пайдалану нұсқамалары өзектендірілді.

МС ИСО 9001:2008 4.2.4. тармағы – Жазбаларды басқару – 1 сәйкессіздік

-2002 жылдан бері МЖ және ӘШБ бөлімі архивінде тұрақты сақтау істері бойынша жазбалар жүргізілмеген.Түзету жұмыстары – архивтегі тұрақты сақтау істерінің тізімдемесі аяқталды. БМЖ 9001:2008 6.2.2.тармағы – Қызметкерлердің құзыреттілігі, олардың дайындығы және хабардар болуы – 1 сәйкессіздік
-КҚБ-де « КҚБ –ң Ережелері» талап ететіндей,орындалған ЖСҚ-ны бақылау, тіркеу және тексеру жұмыстары жүргізілмейді. Осы қызметтерді ӨТБ бөлімі атқарады.

Орындалған түзетуші әрекеттер:

1.КҚБ мен ӨТБ арасында міндеттер қайта үлестірілді.ӨТБ және КҚБ мамандарының лауазымдық нұсқаулықтары және түзетілген « ӨТБ және КҚБ-ң Ережелері» бекітілді.

ИСО 9001:2008 6.3 тармағы – Инфрақұрылым – 1 сәйкессіздік

.

-Ақбай-Қарасу су қабылдағышының ОДҚ-де « Жабдықтардың жарамсыздығы және оларды жою туралы журналында» жарамсыздықтарды жою туралы жазбалар жоқ. Жарамсыздықтарды жою бойынша негізгі орындаушылар болып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы уақытылы хабарламаған КИП және АСУ қызметтері табылады.

Орындалған түзетуші әрекеттер:

1.КИП және АБЖ-не қызмет көрсететін мердігерлік ұйым компьютерлік бағдарламадағы техникалық бұзушылықтарды жою бойынша ақпаратты Ақбай-Қарасу су қабылдағышының ОДҚ-не ұсынды. Ұзақ уақытты талап ететін ақауларды жоюға қосымша уақыт берілді.
2.Ақбай-Қарасу су қабылдағышының бастығына осы журналда жазбалардың жүргізілуін тексеру ұсынылды.

ИСО 9001:2008 7.5.тармағы Қызмет көрсету үдерісін басқару – 2 сәйкессіздік

1)Бас энергетиктің қызметінде бекітілген КИПиА жабдықтарын ЖААТ және ЖААЖ жоспар- сызбалары және орындалған жұмыстар туралы есебі жоқ.

Түзетуші әрекеттер орындалды:

1.КИПиА жабдықтарын ЖААЖ және ЖААТ жоспар-сызбасы бекітілді, графикке сәйкес орындалған жұмыстарды растайтын жазбалар ұсынылды.
2) ӨТБ-де 2017 жылға кәріз желілерін пайдалану бойынша учаскенің ЖААТ және ЖААЖ жұмыстарын орындау туралы есебінде ЖААЖ және ЖААТ орындау туралы ақпарат саны және мекен- жайлары бойынша ЖААТ және ЖААЖ графиктерінде жоспарланған іс шараларға сәйкес келмейді.Тексеру ЖААТ және ЖААЖ жұмыстарын орындау туралы есептердің орнына кәріз желілерін аралап шығуының орындалғаны туралы ақпарат ұсынылғанын анықтады.

Түзетуші әрекеттер орындалды:

1.Кәріз желілерін пайдаланушы учаскелерінің 2017 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейінгі есептері бекітілген формада ұсынылды.
2.ӨТБ бастығы ӨТБ-ң жауапты қызметкерлерімен аутсорсингті ұйымдардың ЖААТ және ЖААЖ жұмыстарын орындау және желілерді аралау бөлігіндегі жұмыстарға бақылау жасаудың тәртібі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

ИСО 9001:2008 7.6.тармағы Мониторинг және өлшеулік үшін жабдықтарды басқару – 2 сәйкессіздік

1)Бас энергетиктің қызметінде тиісті журналда өлшеу құралдарын есепке алу бойынша ақпарат жоқ.

Орындалған түзетуші әрекеттер:

1) «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң «Өлшеу құралдарын есепке алу журналында» жазбалар сәйкестікке келтірілді.
2)Ақбай-Қарасу су қабылдағышында өлшеу құралдары амперметр мен вольтметрлерді тексеруден өткені туралы куәліктері жоқ.

Түзетуші әрекеттер орындалды:

Бас энергетиктің қызметімен өлшеу құралдарын тексеруден өткізгені туралы куәліктер ұсынылды.

Экологиялық менеджмент бойынша – сәйкессіздіктер жоқ



Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті бойынша – сәйкессіздік жоқ.
1.2.Ішкі аудит бойынша бақылаулар, түзетуші әрекеттер

Бақылау – сәйкессіздік сипаты жоқ және сәйкессіздік мүмкіншілігінің алдын алу мақсатында белгіленуші, аулит куәлігі.

Сапа менеджменті бойынша – 8 бақылау, оның арасында:
Бақылаулар ИСО 9001:2008 тармақтарына жатады:

4.2.3.тармағы Құжаттаманы басқару – 1 бақылау
4.2.4. тармағы Жазбаларды басқару – 3 бақылау
Түзету/Түзетуші әрекеттер: 1. Нормативті-құқықтық құжаттама өзектендірілді (БССҚ)
2. Архив бойынша жетіспейтін жазбалар енгізілді. (МЖжәне ӘШБ)
3. Бекітілген ПСК -003-01 формасы бойынша тексеру Актін қолдану ендірілді. (ИВР уч.)
4. Іс жүргізу бойынша кемшіліктер жойылды ( ОКС)
6.2.2- Қызметкерлердің құзыреттілігі,олардың дайындығы және хабардарлығы – 4 бақылау
Түзету/Түзетуші әрекеттер
1.Қызметкерлер лауазымдық нұсқаулықтармен және бөлім/учаске туралы Ережелерімен таныстырылды (қол қойылды) (АБЖ қызмет көрсету бойынша, Тассай су қабылдағышы)
2.Аутсорсингті ұйымдары мамандарының лауазымдық нұсқаулықтары әзірленіп, бекітілді.

Экологиялық менеджмент бойынша – 2 бақылау

ИСО 14001:2004 Операцияларды басқару – 2 бақылау Түзетуші әрекеттер:
1.Қалдықтарды уақытша сақтау сызбалары сәйкестікке келтірілген (Аутсорсингті ұйымдар)
Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті бойынша – 2 бақылау
OHSAS 18001:2007 4.4.2. тармағы – Құзыреттілік, дайындық және хабардарлығы – 1 бақылау
ОHSAS 18001:2007 4.4.6. тармағы Қызметті басқару – 1 бақылау
Түзетуші әрекеттер:
1.Қызметкерлерді жұмыс орнында өндірістік оқыту жүргізілді.( Зертхана)
2.ҚТ және ЕҚ бойынша нұсқаулықтарды өзектендіру жұмысы жүргізілді.(Аутсорсингтті ұйым)

2. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС және аутсорсингттік ұйымдардың қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар.
Ішкі аудит бітісімен ішкі аудиторлармен бөлімшелер басшыларына өзінің қызметін жақсартуы бойынша үсынымдар берілді:
1.Қайта құрылған КҚБ-ң бастығы бөлімнің іс-қағаздарды жүргізуде және анықталған бұзушлықтар бойынша мердігерлік ұйымдардың ескертулерді орындауын бақылауды күшейтсін.
2.Бас энергетик өлшеу жабдықтарын алдын ала жөндеу , тексеру графиктерінің орындалуын бақылауды күшейтсін.
3.ӨТБ бастығы аутсорсингтік ұйымдардың ЖААЖ және ЖААТ жұмыстарын орындауын. оларды растайтын есептердің барына бақылауды күшейтсін.
4.Қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы әрі қарай істерді компьютерлік бағдарлама негізінде жүргізуге өтсін.
5.ИВБН және ИСО басшылары тұтынушыларға сауалнама жүргізу кезінде тұтынушылардың үлкендеу көлемін тартуды жоспарласын.
6.МЖ және ӘШбөлімінің бастығы архивтегі істердің жүргізілуін кезең-кезеңімен тексерсін.
7.Барлық басшыларға жұмыстардың орындалуын лауазымдық міндеттерімен, келісімшарттың міндеттерімен, уақытылы таныстыруымен және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын жасаумен алдын алған растаушы жазбаларды жүргізудегі бақылауды күшейтсін.

3.Ішкі аудит қорытындысы

Қорытынды: Екі жақты ішкі аудит кезіндегі « Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі анықталған сәйкессіздіктер мен бақылаулар болмашы болып келеді. Осы сәйкессіздікті жою бойынша іс-шаралар әзірленіп және орындалды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі біріккен менеджмент жүйесі МС ИСО 9001:2008, ИСО 14001:2004, ОHSAS 18001Ү2007 талаптарына сәйкес,әрекетте құпталып, үнемі жақсару принципіне сәйкес дамып келеді және толығымен нәтижелі.

Келісілді:
СМ бойынша басшылық өкілі:       М.Т.Сыдықов

Есепті құрастырған:
Аудит тобының жетекшісі:       Г.А.Муртазина

10.08.2017г.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж