+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.7%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.1%
барлық дауыс: 3201
сұрақтар мұрағаты

Жылдық есеп 2015

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қызмет көрсету нарығында қызмет еткеніне 18 жыл болған жеке кәсіпорын (Шымкент қаласы әкімдігінің қатысуымен Жарғы капиталында 22,08% үлесі бар).
2015 жылы компания шамамен 1 млн.тұрғыны бар Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының тұрғындарын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етті, сондай-ақ су бұру мен шайынды суларды толық тазарту қамтамасыз етілді.     
Негізгі қордың құны 33,2 млрд.теңгені құрайды.
Құрылған кезден бастап мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 2433,3 млн.теңге немесе жылдық есептелінген салық сомасы жылдық табыстың  шамамен 15%-ын құрайды. Кәсіпорын тиімді жұмыс жасайды. Орташа су көтеру тәулігіне 140 мың текше метрді құрайды.
Қалалық шайынды суларды тазалау ғимараты күніне 100 мың текше метр су тазалайды.
Халықаралық стандарттарға сәйкес 2010 жылы Шымкент қаласы әкімдігімен Шымкент қаласы тұтынушыларын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша Сервистік келісім-шартқа қол қойылды.
Кәсіпорын Қаржылық есептеменің Халықаралық стандартының принциптеріне сәйкес жұмыс жасайды.
Кәсіпорын 2005 жылдан бері орта мерзімдік тарифтер және тарифтік сметалар, инвестициялық бағдарламалармен жұмыс істейді:
- 2005-2007жж. орта мерзімдік тариф;
- 2008-2009жж. орта мерзімдік  тариф;
- 2010-2012жж. орта мерзімдік  тариф;
- 2013-2014жж. орта мерзімдік  тариф ;
- 2015-2019жж. ұзақ мерзімдік тариф.
2015 жылғы жылдық табысы ҚҚС-ын қосқанда 4,9 млрд.теңгені құрады.
2015 жылғы инвестициялық бағдарламаны нақты орындау бойынша 2106,8 млн.теңгені құрады  (оның ішінде Европаның Қайта Құру және Даму банксі бойынша — 853,2 млн.теңге және өз қаражаты есебінен 1253,6 млн.теңге).
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде  29,8 км тозған су құбыры желілері ауыстырылып, көптеген жаңа технологиялар мен жаңа техникалар ендірілді.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде электр қуатының меншікті шамасы алынған судың бірлігіне 0,10 КВт-қа дейін және су шығынының деңгейі  17,03%-ға төмендетілді.
Жыл бойы, ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық Палатасы, атқарушы органдар, қоғамдық мекемелермен 2015-2019 жж. ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаларды қорғау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
Алдымыздағы 2016 жылы кәсіпорын алдындағы мақсат - шайынды су тазалау ғимараттарында биогаз орнату мен электр қуатын өндіру құрылысын аяқтау. Су шығынының деңгейін 16,78%-ға дейін төмендетумен су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жалғасады. Су есептегіш құралдары көрсеткіштерін алуды әрі қарай автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Сөзсіз, бірінші орында «Мемсараптама» РМК-і бекіткен 2025 жылға дейін «Шымкент қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін инвестициялау негіздемесіне» сәйкес, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру мен жаңғыртуға қосымша инвестиция тарту бойынша жұмыстар тұр.

Кәсіпорын жыл ішінде Шымкент қаласындағы су құбыры және кәріз шаруашылығы жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Кәсіпорынның барлық қызметтері қабылданған біріктірілген менджмент жүйесінің процестеріне сәйкес жүргізілді. Бақылауды жүйелендіру үшін су құбыры және кәріз шаруашылығы жүйелерін қыс және жаз мерзімдеріне дайындау бойынша жоспарлар мен кестелер дайындалды. Жоспарланған жұмыстардың орындалу мерзімі мен сапасы қадағаланып отырады.

Өндірістегі іске қосылған және сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынудағы негізгі қорлар:
1. Ақбай-Қарасу су қабылдағышы –  тәулігіне 206 мың текше метр;
2. Бадам Сайрам су қабылдағышы – тәулігіне 110 мың текше метр ;
3. Тассай-1 – тәулігіне 30 мың текше метр;
4. Тассай - тәулігіне 35 мың текше метр;
5. Ауыз суды залалсыздандырушы станса - SELCOPERM-500;
6. 2-ші су көтергіш стансасы (Қарасу);
7. Су құбыры мен су құбырлары  желілері – 1852,5 км;
8. Технологиялық процестері автоматтандырылған басқару жүйесі бар орталық диспетчерлік торап;
9. Су өлшегіш шеберханасы – мәліметтерді қашықтықтан алу жүйесімен қамтылған 4 мыңға жуық жалпы үйлік, көшелік және орамдық өлшегіш құралдар;
10. Энергетикалық қондырғыларға қызмет көрсету цехы;
11. Арнайы автотранспорт техникаларының гаражы – 90 бірлік;
12. Кәріз  желілер мен коллекторлар – 453,1 км;
13. Кәріз  сорғы стансасы – 2 нысан;
14. Қалалық шайынды суларды тазарту қондырғылары – тәулігіне100 мың текше метр;
15. Су құбырлары және су бұру желілеріне техникалық қызмет көрсететін  аудандық учаскелер – 17 участке;

2015 жылдың 14-і мен 16-ы араығында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і менеджмент жүйесіне сәйкес, сертификаттарды рәсімдеу күнінен бастап үш жылдан кейін өткізілетін қайта сертификаттау аудиті өткізілді.  Қайта сертификаттау аудиті кәсіпорын енгізілген халықаралық стандарттардың барлық талаптарын орындауды жалғастырып жатқандығын бағалау үшін жүргізіледі. Аудитті  «Русский Регистр Евразия» ЖШС-нің жетекші аудиторлары жүргізді. Қайта сертификаттау аудиті барысында Серіктестік сапа менеджмент жүйесі, экологиялық менеджмент және кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің нәтижелі дамуы, олардың баламалылығы мен сертификаттау саласында қолданылуы, үнемі жақсару принципіне бейімділігін көрсетті.  2018 жылға дейін әрекет ету мерзімімен халықаралық стандарттарға сәйкес ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 сертификаттарын алды.

«Су ресурстары –Маркетинг»  ЖШС-нің біріктірілген менежмент жүйесі


Өткен 2015 жылы кәсіпорын 560  заңды және 182 жеке тұлғалардан сумен жабдықтау және су бұру  жүйесіне қосылуға өтініш берілді. Жалпы көрсеткіштен алғанда 698 тұлғалардың өтініштері қаралып, техникалық шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы "Табиғи монополиялар саласындағы реттелетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) бірдей рұқсат етілген шарттардың ережелерін бекіту туралы" №107 Қаулысымен белгіленген тәртіппен берілді.

2014-2015 жылдарда техникалық шарттардың берілгендігі туралы мәлімет

2015 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 27 тамызындағы «ҚР сәйкестікті бағалау саласындаға аккредиттеу туралы» №733 заңына сәйкес, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің су көздері, ауыз су және өндірістік шайынды сулардың  сапасын бақылау бойынша аккредиттелген сынақ зертханасы «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 – 2007 талаптарына сәйкестілігіне инспекциялық бақылаудан ескертусіз өтті.
Сынақ зертханасы жыл бойы өкілетті органдармен келісілген кестеге сәйкес, әлемдік өндірушілердің орнатылған қондырғыларында ауыз суға 33129 талдау жасады. Өткізіліген талдау нәтижесі бойынша ауыз судың сапасы 16.03.2015ж. №209 СЕ талаптарына сәйкес келді.
Шеткі мекемелер тапсырысы бойынша ауыз суға 3603 талдау жасалды.

2013-2015 жылдар аралығындағы ауыз судың сапасы жөніндегі зертханалық талдаулардың ортажылдық нәтижесі


2015 жылы зертхана Шымкент қаласының қалалық кәрізіне тасталатын шайынды суларды зертханалық-өндірістік бақылау Кестесіне сәйкес, өндірістік шайынды суларға 9656 талдау жасады. Шткі мекемелер тапсыры бойынша шайынды суларға ақылы негізде 2162 талдау жасады.
Шымкент қаласының тазалау ғимаратындағы шайынды сулардың тазалау процесін бақылау бойынша тазалау ғимараты зертханасының  қызметкерлері тазалау ғимаратының технологиялық регламенті және Шымкент қаласының «Тазалау ғимараттары мен кәрізінің» зертханалық-өндірістік Кестесіне сәйкес, тазаланған, шайынды сулар, сондай-ақ сүзілген және табиғи суларға 14 167 талдау жасалды.
Тазаланған және шайынды суларға өткізілген зертханалық талдаулар нәтижесі бойынша, тазалау ғимаратына жүргізілген қайта құрутазалу ғимаратындағы шайынды сулардың тазалау сапасын көрсеткіштер бойынша жақсартты: өлшенген заттар, ХПК,  БПК5,  аммонийлы азот.
2015 жылдың қарашасында тазалау ғимараты зертханасының учаскесі «Талдамалы, сынау және өлшеу зертханаларындағы өлшеулердің жағдайын бағалау» ҚР СТ 2.254-2012 сәйкестігіне қайта аттестациялау өтті. Табиғи және шайынды сулардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын зертханадағы өлшеулердің жағдайын бағалау туралы 2015 ж. 4 қарашасында №71 куәлік алды.

2011 - 2013 жылдары Басым бағытты Инвестициялық Бағдарламасының бірінші кезеңінде Европаның Қайта Құру және Даму банкісінен алынған несие қаржысы есебінен шайынды суларды тазалау ғимаратындағы барлық жабдықтарды тиімді технологияларға ауыстыру мақсатында толық жаңғырту жұмыстары жүргізілді.


2014 жылы екінші кезеңді жүзеге асыру басталды, ол - электр энергиясын алу үшін биогаз өндірумен тұнбаны қайта өңдеу кешенінің құрылысы.
Жобаның құны - 1,58 млрд.теңгені құрайды. 2015 жылы 542 млн.теңге қаржы игерілді. Құрылысты толық аяқтау жұмыстары және  пайдалануға  беру 2016 жылы толық орындалады. Бұл жағдайда келесі нәтижелерге қол жеткізіледі:
- Сағатына 500 квт немесе жылына 4,4 млн.квт "Жасыл" электроэнергия өндіру (тазалау ғимаратын пайдалануға қажетті электроэнергиясының 50%-дық көлемінен).
- СО2 тотығын атмосфераға тастаудың алдын алу (жанама түрде)  жылына 3,7 мың тонна.

Кәсіпорында OHSAS 18001-2007 - Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйеcінің талаптарына  ерекше көңіл аударылады. 2015 жылы өндірісте  сумен жабдықтау  және су бұру қызметтерінде  жүрген кәсіпорын жұмысшылары жеке қорғаныс құралдарымен  толық  қамтылды. 2015 жылы еңбекті қорғау  және қауіпсіздіктің техникасына 16,07 млн.теңге бөлінді, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 5,2 есе артық.

Техникалық қауіпсіздік және  еңбекті қорғау іс шарасы шығынының өсу динамикасы  (мың теңге)


2015 жылы техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау іс-шараларын жақсарту үшін төмендегідей іс-шаралар өткізілді:
Тазалау ғимараты учаскесі үшін ф.Дрегер 4-арналы газ талдағышы сатып алынды.
Пайдаланушы бөлімшелер қызметкерлері үшін жылы арнайы киімдер – жылы қабаты бар күрткелер мен шалбарлар сатып алынды.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар қайта қаралып, жағартылды – 25 дана, оның ішінде 2 – газ баллонды қондырғылармен жұмыс жасайтын жүргізішілер және көлденең желдетілетін құм тұтқыштар мен сепартор операторлары үшін жаңа нұсқаулық дайындалды.
«Энерго Импульс ОО» ЖШС-і – мамандандырылған оқыту мекемесінде краншілер, матаушылар, газ-электр дәнекерлеушілер мен ИТР қатарындағы газ баллонды қондырғыларды қауіпсіз сақтау, пайдалану және ауыстыруға жауапты тұлғаларға оқыту ұйымдастырылды.
Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі бойынша курстарға оқыту жүргізілді: «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің пайдаланушы бөлімшелерінің басшылары және аутсорсингті мекемелерінің басшылары мен инженерлері үшін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің заңнамалық және нормативті талаптары бойынша – 51 адам оқытылды.
«Юкстади» ЖШС-і мамандандырылған оқыту мекемесінде 25 адамды қамтитын басқару құрамы мен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мен аутсорсингті мекемелерде қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды оқыту ұйымдастырылды.
Пайдаланушы бөлімшелерде бірыңғай форматта қауіпсіздік және еңбекті қорғау бұрышын рәсімдеуді бақылау ұйымдастырылды. 2015 жылы 11 бұрыш рәсімделді.
- Еңбектің өте зиянды жағдайында жұмыс жасайтын жұмысшылардың еңбек ақысына үстемақы түрінде қосымша қаржы есептеледі және басқа іс-шаралар.
Жазатайым және өндірістік жарақаттар тіркелген жоқ.
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар салынған фактілер болған жоқ.
Жұмыскерден мемлекеттік органдарға арыздар болған жоқ.





Тұтынушыларды қажетті көлемде таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2015 жыл ішінде барлық негізгі құралдар мен қызметкерлер техникалық тәртіп регламентіне сәйкес қызмет етті. Ауа райы жағдайына байланысты қалыптасатын тәуліктік қажеттіліктен, күнделікті су көздерінен алынатын су көлемі реттеліп отырды.
Сонымен бірге, қаланы сумен жабдықтау жүйесінің басты тораптарында орналасқан технологиялық процесі автоматтандырылған басқару жүйелерінің бақылау нүктелеріндегі қажетті қысым деңгейі басты фактор болып қалады. Басты көңіл энергияны үнемдеу технологиясын қолдана отырып, суды шығару мен тасымалдау кезіндегі электр жүйесін тиімді қолдануға бөлінді.
Тассай-Ақсу және Бадам-Сайрам бойынша жер қойнауын пайдалану Келісім-шартына сәйкес 2015 жылы су шығару көлемі уәкілетті органмен бекітілген көлем шегінде болды.
2015 жылы ауыз судың негізгі бөлігі Ақбай-Қарасу су қабылдағышында алынды, 90% немесе 45 млн.текше метр. Ұңғымадан алынған су әлемге танымал GRUNDFOSS фирмасының “Selcoperm-500” құрылғысында, ал Бадам-Сайрам су қабылдағышынан алынған су дозаторлы құрылғы арқылы залалсыздандырылды.

2015 год жылы су көздерінен алынған су көлемі (мың текше метр)



Су көздерінің іске қосылу динамикасы

Су көздерінің жалпы жобалық қуаттылығы жылына 160,9 млн. текше метрді құрайды. 2015 жылы нақты су өндіру 50,0 млн.текше метр немесе жобалық қуаттылықтың  31%  құрады. Суды тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралардың арқасында су көздерінің жобалық су көлемінің 1/3 бөлігі ғана пайдаланылуда.


2015 жылы кәсіпорында электр энергиясын үнемдеу бойынша жоспар жасалып және жүзеге асырылды



Электр энергиясын үнемдеу мақсатында экологиялық түрде таза жарық беретін жүйелерді қолдану басталды. Ақбай-Қарасу су қабылдағышында 200 дана күн батареялары панельдерін орнату арқылы жарықтандыру бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Шығарылған су бірлігіне электр энергиясының нақты шығыны (кВт/ текше метр)



2014-2015 ж.ж. аралығында энергия ресурстарын үнемдеу мақсатында технологиялық құрал-жабдықтарды жаңғырту мен қайта құрудың тиімділігі



Су бұру жүйелерін пайдалану

Қаланың кәріз жүйесі өздігінен ағатын кәріз жүйесі ретінде жоспарланған. Қалада негізгі №1, 2, 3, 4, 5, 6 коллектор бар. Өздігінен ағатын жүйелері негізінен диаметрлері 150-2000 мм-лік асбест цемент және темір бетон құбырларынан жүргізілген.
«Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-нің теңгеріміндегі кәріз құбырларының жалпы ұзындығы 453,1 км құрайды.
Қаланың кәріз жүйесіне көп қабатты 78176 тұрғын үй, 12491 жеке тұрғын үйлер мен 6245 ұйымдар, мекемелер және өзге де шаруашылық субъектілер қосылған.

Құбыр материалдары бойынша бөлудегі кәріз құбырларының ұзындығы



2015 жылдың кәріз желілерін  Питон-Е қысымы жоғары, суы сорғалап ағатын
М-2512  құралымен тазалау және шаю жоспары.




2015 жылы орындалғаны-100% тарифтік сметада қаралғандай  сомасы 166 073 056тг.
2014 жылдың талдауы бойынша кәріз желілерінің толып қалуына байланысты түскен өтінімдер саны- 2275 болды. 2015 жылы кәріз желілерін тазалап шайғаннан кейін 2129 өтінім түсті. Бұл дегеніміз, 2014 жылмен салыстырғанда 146 өтінімге, яғни 6%-ға аз.
Питон-Е суы сорғалап ағатын ,қысымы жоғары М-2512 құралымен кәріз желілерін тазалау мен шаюдың 2009 жылдан 2015 жылға дейінгі салыстырмалы кестесі. Диаметрі 300 мм. болатын кәріз жүйелерінің бары-337,6 км., тазартылғаны- 176,3 км, яғни 52,2 %- ын құрайды.



Кәріз жүйелерін тазарту үшін Ресей фирмасы өнімі кәріз жүйесінің жаңа технологиялары енгізілді: «Питон-Е» - 2 дана және М-2512 – 2 дана, «Z-Техно» ЖШС.
Қазіргі кәріз жүйелері  мен коллекторлары тозу жағдайында, яғни құбырлардың көп бөлігі қызмет етудің жоғары шегінен өткен. Жаңа технологиялар көмегімен құбыр жағдайларына техникалық зерттеу жүргізу қажет.

Шымкент қаласы кәріз жүйелерінің 01.01.2016ж. техникалық жағдайы



Құбыр материалы бойынша кәріз жүйелерінің тозу деңгейі





Шымкент қаласын бүгінгі күнде және келешекте сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің қажеттілігі, дер кезінде қайта құру, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау және су бұру, сумен жабдықтау жүйелерін дамыту  міндеттерін қояды.
2015 жылы 2106,9 млн. тенге сомасына- ғимараттарды, механикалық-электрлі құрал-жабдықтарды, шаруашылықтың су құбыры мен кәріз жүйелерін, басқарудың автоматикалық жүйелерін қайта құру және қайта жаңарту жұмыстары  кұзыретті органмен бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында жүргізілді.
Ақбай-Қарасу, Бадам-Сайрам, Тассай және Көмеш-бұлақ су қабылдағыштарында жүргізілген жұмыстар:
- Ақбай-Қарасу су қабылдағышы үшін жылыту желілері бар № 1, № 2 қазандықтардың құрылысы;
- Ақбай-Қарасу су қабылдағышындағы инфильтрациялық бассейннің құрылысы;
- Санитарлық-тұрмыстық және спортты-жаттықтыру кешенінің құрылысы;
- Строительства сбросного трубопровода после промывки скважин №4,5,6,7 ұңғымаларын шайғаннан кейінгі тастау құбырының құрылысы;
- Тассай-2 учаскесіндегі 2-ші көтергіш сорғы стансасы ғимаратын жөндеу (жабын);
- Тассай су қабылдағышында жиілік реттегішті ендірумен 5 ұңғыма бойынша автоматтандыру;
- Көмеш-бұлақ су қабылдағышындағы №7 және №8 ұңғымалар арасындағы д-300 мм су құбыры желісін қайта құру;
- Көмеш-бұлақ су қабылдағышындағы № 1, 2, 3, 4, 5, 11 ,12 , 15 ұңғымалары қоршауының құрылысы;
- Бадам-Сайрам су қабылдағышындағы № 7/4, 8/3, 9 ұңғымаларының басқару шкафтарын қайта құру.

Су шығынын қысқарту мақсатында, көшелік су құбырларының жеке су есептегіш құралын көшелік үлестіру торабына шығару арқылы қайта құру жұмыстары жалғасуда. 2015 жылы 27 көше бойынша 1030 абонент және 37 биік үйлер бойынша 2432 абонент.
Пайдаланылған суды есептеуді жақсарту және шығынды қысқарту үшін, автоматтандыруға бейімделген су есептегіш тораптары (жәшіктер), жалпы көшелік және басты су есептегіштерінің құрылысы мен қайта құру жүргізілді:
Оның ішінде пайдаланылған суды есептеу үшін су есептегіш тораптары орнатылды:
- ЦЕННЕР маркасы 180 дана;
- "Joymeter"  маркасы 647 дана;
- СЕНСУС маркасы 138 дана;
- АРАД маркасы 73 дана;
- АЙТРОН маркасы 48 дана;
- PASSED маркасы 810 дана;
- ARATOR маркасы 18 дана;
- GSM ретранслятор, репитерлер және радиомодульдер 101 дана;
- "ПУЛЬСАР" хабарлағыш құрылғысын орнату 29 дана;
- Кәріз ағындарын есептеу құралдарын орнату 9 дана;
- DCELLULAR хабарлағыш құрылғысын орнатув 92 дана;
- Ультрадыбыстық шығын есептегішті орнату /УВР/ 8 дана;

Өрт сөндіру қажеттіліктеріне су қорларын сақтау, сондай-ақ су ағынын реттеу, сумен жабдықтау жүйелерінің беріктігін көтеру үшін келесі жұмыстар жүргізілді:
- өрт гидранттарын ауыстыру және орнату - 46 дана;
- тиекті апматураларды қайта құру (ысырмалар) 331 дана диам. 50мм-ден 1000мм-ге дейін;
- камера құрылысымен су қысымын реттегішті орнату 37 дана;

Теріскей шағын ауданындағы №2 алаңдағы су қоймасын автоматтандыру және қалпына келтіру.
Теріскей 32 және Отырар шағын аудандары бойынша жиілік ретегіштерді орнатумен ІІІ-ші көтергіш сорғыларды басқару стансасын қайта құру 34 дана сорғы.
2-ші көтергіш сорғы стансасы мен Забадам су қабылдағышындағы су қоймасы арасындағы диам.-160 мм су құбыры желісінң қайта құру.
Әкімшілік ғимаратын автономды газбен жабдықтау үшін Теріскей шағын ауданы (су есептегіш құралы шеберханасы) мен Рысқұлов көшесі, н/ү («СРМ» ЖШС-нің кассасы) орналасқан ғимараттарды газбен жабдықтау.

Инвестициялық бағдарлама бойынша бөлінген қаржы, 2106,9 млн. теңге



Шымкент қаласының су құбыры және кәріз шаруашылығының  құрылысы бойынша, қайта құру, жаңғырту  және негізгі қорларды қайта жаңарту инвестициясы (млн.теңге ҚҚС-сыз)



2015 жылы көлденең бұрғылауға бағытталған әдісі бойынша мына мекен-жайларға полиэтиленді құбырлар жүргізілді:
- Бадам-Сайрам су қабылдағышынан Безделеев көшесіне дейінгі ұзындығы 2948 п.м., диам.630 мм су таратқышын қайта құру;
- Тәшенов көшесі бойымен Верещагин көшесінен Әлімбетов көшесіне дейінгі ұзындығы - 1165 п.м., диам.-160мм су құбыры желілерін қайта құру;
- Федченко көшесі бойымен Қазыбек би көшесінен Диваев көшесіне дейінгі  ұзындығы – 500п.п.м., диам.150мм су құбыры желісін қайта құру;
- Ш.Қалдаяқов көшесі бойымен Запоцкий көшесінен Үсенов көшесіне дейінгі диам.-160 мм, ұзындығы – 448 п.п.м., диаметрі 110мм, ұзындығы – 450 п.м. су құбыры желісін қайта құру.

2015 жылдың инвестициялық бағдарламасының қаржыландыру көздері (млн.теңге ҚҚС-сыз)


Күрделі жөндеу

13 ұңғымада шаю және тазалау жұмыстары жүргізілді, ұңғымаларды шайғаннан кейін су деңгейі 0,4-0,5 м көтеріледі. Су көтеру дебиті 15% жоғарылайды.
Ғимаратты пайдалану қызметінің мерзімін ұзарту үшін ғимараттар мен құоылыстарды жөндеу—20 дана.
83 мекен-жай бойынша ұзындығы – 8 586 п.м. магистральды және тарнзитті су құбыры желілерін жөндеу.
38 мекен-жай бойынша ұзындығы – 1 207 п.м.кәріз желілері мен коллекторларын жөндеу. Күрделі жөндеу өткізгенге дейін 38 мекен-жай бойынша 2014 жылы 19 өтінім түскен, ал 2015 жылы күрделі жөндеу өткізгеннен кейін өтінім саны  37 %-ға азайды.
d 150-400мм ұзындығы -  37 543 п.м. кәріз желілерін механикалық тазалау. Талдау нәтижесі бойынша 2014 жылы 1753 өтінім түскен. 2015 жылы кәріз желілерін шаю және тазалаудан кейін 1535 өтінім түсті, бұл 2014 жылмен салыстырған 218 өтнімге, яғни 12%-ға  азайды.




Қаланың сумен жабдықтау сызбасының жүйесі айналмалы болып келеді. Жерасты су көздерінен алынған ауыз су залалсыздандырып, қалаға 3 басты су құбырымен келеді. Әрі қарай, су қаланың ішіне орамды үлестіргіш желілері арқылы таратылады. Шұғыл басқару мақсатында, қаланың су құбыры және кәріз желілері келісім – шарт негізінде мамандандырылған аутсорсингтік  мекемелер жұмыс жасайтын 8 пайдаланушы учаскелерге бөлінген.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесі мен сумен жабдықтау және су бұру жүйесі саласындағы басқа нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келісім-шарт шарттарына желілер, құрылғылар, бақылау-өлшегіш құралдарды және т.б. пайдалану қосылған.
«Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-і қарамағындағы  сумен жабдықтау жүйесі негізінен жалпы ұзындығы 1852,5 км құрайтын су таратқыштар мен су құбыры желілерінен тұрады, оның ішінде:
344,1 км – магистральды су таратқыштар мен су құбыры желілері;
1327,3 км- көшелік желілер;
181,1 км- ішкі орамды желілер.
Сумен жабдықтау жүйесін реттеу жұмысы орталық диспетчерлік торабында орнатылған технологиялық процесі автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс тәртібін күнделікті бақылауды қаланың әртүрлі аймағында орналасқан 28 бақылау нүктелеріндегі судың қысымын бақылау арқылы диспетчерлер жүзеге асырады.

2001 – 2015 жж. Су құбырларын қайта құру мен жаңарту (км)


2001 жылдан 2015 жыл аралығында инвестицияны игеру есебінен «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-нің 781,9 км тозған желілер жаңартылды.




1806 көп қабатты үйлердің 466 үйінің су және кәріз құбырларына қайта құру жұмысы жүргізілді. Жыл сайын 30 аса үйдің тозған  темір құбырлары пластикалық құбырға ауыстырылды. Көп қабаты үйлер осыдан 40-50 жыл бұрын салынған, ал болат құбырлардың құрылыс ережесіне сәйкес қызмет көрсету мерзімі 20 жыл.  Осы ескірген құбырлардың салдарынан су шығынның көрсеткіші 30 % дейін жетеді. Ал қайта құру жұмыстарынан кейін су шығыны 1 – 2 % ға дейін төмендейді.

Көп қабатты үйлердің су құбыры желілерін қайта құру сызбасы



Жеке құрылыс секторындағы су құбыры желісін қайта құру сызбасы



Суды үнемдеу мен қаржылық қаражатты түгелімен пайдалану мақсатында, инженерлік су құбыры желілері, кіші диаметрдегі құбырлары қайта құрылады.

2001-2015 жж. қайта құрылған құбырлардың диаметрі бойынша үлесі, (км)


Ескірген су құбырлары желісін қайта құру және желілердегі су қысымын  реттеу  бойынша жүргізілген іс-шара нәтижесінде, 2014-2015 жылдар аралығында  тұтынушылардың ОДҚ-ға су жоқ немесе су қысымы аз деп хабарласуы азайды.




Су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған іс-шараларды өткізу барысында жыл сайынғы су шығыны деңгейі  азайып жатыр.

Су шығыны деңгейінің төмендеу динамикасы, %



Шымкент қаласы су құбыры желілерінің 01.01.2016 ж. техникалық жағдайы



GPS жүйесінің көмегімен пайдаланушы мекемелерді бақылау және мониторинг жүргізіледі. Автокөілктерге  GPS құрылғысы орнатылған, бұл өтінімдердің шұғыл орындалуы мен жоюын бақылауға мүмкіндік береді.






Өткен жылы кәсіпорын сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша тұрғындар санатының 173226 абоненті және 5730 бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлік субъектілер мен басқа шаруашылық субъектілері  тұтынушыларына қызмет көрсетті. Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 1,8% және 2,2%-ға өсті. 2015 жылы суды қолданудың орташа айлық көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда  1,8%-ға өсті.
Суды көп пайдаланатын негізгі санат «тұрғындар» санаты болып қалады, пайдаланылған судың жалпы көлемінің 52,6%-ы осы санатқа тиесілі.
Жылдық жалпы табыс көлемі тарифтік смета бойынша ҚҚС-пен 4866,6 млн.теңгені құрады, бұл - тарифтік сметаларда жоспарланған табыс көлемінен 3% көп. Бекітілген тарифтік смета толығымен орындалды.

01.01.2016 ж. жағдайы бойынша Шымкент қаласындағы абоненттердің жалпы саны



1996-2015жж. Шымкент қаласы тұрғындарын жеке есептегіш құралымен қамту деңгейі

05.07.2006ж. №166-ІІІ «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының қосымшасына сәйкес, су есептегіш құралдарын орнату 01.01.2009 ж. дейін аяқталуы керек. Шымкент қаласында бұл талап мерзімінен 5 жыл бұрын орындалған.



Инвестициялық бағдарламаларды орындау нәтижесінде: Су есептегіш құралдарын 100 пайыз орнату, энергия үнемдегіш технологияларды енгізу мен жөндеу, сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру мен жаңғырту нәтижесінде судың орташа пайдаланылуы 1996 жылдағы тәулігіне 456 литрден қазіргі уақытта тәулігіне 117 литрге төмендеді, бұл 4 есе төмендеуді көрсетеді. Осы мерзімге ауыз суды тиімді пайдаланудан тұтынушының отбасылық бюджетін шартты үнемдеу шамамен 23,3 млрд.теңгені құрайды. Сонымен қатар, электр энергиясының шығыны 6,2 есе азайды және атмосфераға СО2 пайдаланылған газдардың тасталуы азайтылды.

Шымкент қаласында сумен жабықтаудың жалпы үйлік және жалпы көшелік есептегіш құралдары 100% орындалды



Жалпы үйлік және жалпы көшелік есептегіш құралдары арқылы суды тарату дилерлік қызметті жүзеге асыратын аутсорсингтік компаниялармен келісім-шарт негізінде жүргізіледі.
Барлық жалпы үйлік және жалпы көшелік есептегіш құралдары көрсеткішті қашықтықтан алу тәртібінде жұмыс жасайды. 2015 жылы көрсеткіштерді автоматтандырылған режимде жұмыс   жасайтын құралдардың саны 3766 асты. 2016 жыл бұл жұмыс жалғасады.
Көрсеткішті қашықтықтан алу үшін импульстік шығуымен 1420 жеке, 1820 жалпы көшелік, 1866 жалпы үйлік есептегіш құралдары орнатылды:




Таратылған су көлемінің динамикасы (млн.м3)




2015 жылы таратылған су көлемі және абонент топтары бойынша табыстар



Қабылданған шайынды су көлемінің динамикасы  (млн.м3)



2015 жылы қабылданған шайынды су көлемі мен тұтынушылар тобы бойынша табыстар


Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетудің табыстары мен шығындардың динамикасы
(млн.теңге ҚҚС-мен)




2015 жылы Шымкент қаласындағы тұтынушылар тобы бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуден түскен табыс (млн.теңге ҚҚС-мен)



2015 жылғы сумен жабдықтау қызметінің тарифтік сметалары шығынының меншікті үлесі (3498,7 млн.теңге)



2015 жылғы су бұру қызметінің тарифтік сметалары шығынының меншікті үлесі (1323 млн.теңге)



2011-2015 жылдары «тұрғындар» тобы бойынша суды пайдалану мен шайынды суларды бұрудың бір абонентке бір айдағы шаршы метрінің орташа айлық динамикасы




ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен, атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен 2015-2019 жылдарға ұзақ мерзімге инвестициялық бағдарламаны және тарифтік сметаны қорғау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтерін бекітуге қол жеткіздік, соның арқасында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа айлық жалақы көлемі 30% көтерілді.

2000-2015жж. жұмысшылардың орташа жалақысының өсу динамикасы (теңге)



Шымкент қаласындағы суды пайдалану мен  тұрғындардың су құбыры және кәріз шаруашылығы шығынының динамикасы



2015 жылы Шымкент қаласы бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін 1 адамға есептелінген сомасы көлемінің талдауы





Компанияда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемені қалыптастыру компаниямен бекітілген есептік саясатты қолдануды есепке ала отырып, Қаржылық есептеменің халықаралық стандарты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2014 жылы халықаралық стандарттар бойынша кешенді шешім болып табылатын, кәсіпорынды басқару мен оның қаржылық-шаруашылық қызметін есептеу үшін біріккен ақпараттық жүйені ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару»  1С: Кәсіпорын 8.2: Конфигурация бағдарламасының көмегімен бухгалтерлік есепті электронды жүргізу бағдарламасы енгізілді.
2015 жылға құрылған қаржылық есептеме ақшалай қаржылық жағдайы, қаржылық нәтижелер мен компанияның ақшалай ағыны туралы қаражаттың алдағы ағынын болжай алатын және дұрыс экономикалық шешімдер қабылдау үшін түсінікті және пайдалы анық ақпаратты ұсынады.
2015 жылы операциялық қызметтен  351 млн.теңге табыс түсті. Алайда, 2014-2015 ж. теңгенің құнсыздануының кері әсерінен 31.12.2015 ж. инвестицияға арналған ЕҚҚДБ валютадағы несиелерді қайта есептеуге байланысты  3809 млн. теңгеге залалы тиді.
2016 жылы да қаржылық есептеме компанияның қаржылық қызметі мен оның тұрақтылығына әсер ететін қауіп факторлары, тұрақсыздық жағдайларына ұшырайды.
Компания қызметінің қаржылық тиімділігі салық төлемдері және бюджеттік төлемдерді өсіруге мүмкіндік берді. 2015 жылы есептелген салықтар мен бюджеттік төлемдер 354,4 млн. теңгені құрады, бұл  2013 жылға қарағанда  102,1 млн.теңгеге көп.
Салықтық жүктеменің табыс жиынтығының мөлшері 7,7% кезіндегі коэффициенті 7,6%-ды құрады.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін ағымдағы төлемді жинау деңгейінің динамикасы, %



Негізгі қорлардың өсу динамикасы, млн.теңге



Амортизациялық аударымдардың өсу динамикасы, млн.теңге



Есептелінген салықтар мен бюджеттік міндетті төлемдер динамикасы, млн.теңге



Сақтандыру түрлері (мың теңге)







КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІ

2015 ж. 31 желтоқсанында бітетін бір жылға
ү.3 түсіндірме «Кірістер мен шығыстар есебі»




ТҰТЫНУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚОҒАМ
ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҰМЫС


«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і коммуналды мекеме болып табылады, сол себепті абоненттермен байланыста болу тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетін көтерудің басты шарты саналады. Қабылдау, тіркеу және орындауды бақылау, қоғамдық қабылдау, орталық диспетчерлік қызмет пен кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылардың арыздарын қабылдау «шұғыл желі» сымтетігі және бас директор мен оның орынбасарларының жеке қабылдауы арқылы ұйымдастырылған. Тұтынушылармен қарым-қатынасты қамтамыз ету сондай-ақ мына жолдар арқылы жүргізіледі:
- су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін алуды жүзеге асыратын, су құбыры мен кәріздік қызметтері бойынша төлем  хабарламасын жеткізуші дилерлік учаскелердің жұмысшылары;
- жыл сайынғы сауалнама;
- бұқаралық ақпарат құралдары: басылымдар, телеарналар;
- жарнама материалдары: кітапшалар, бүктемелер, плакаттар;
- мекеме жұмысшыларының тұтынушылармен кездесуі;
- тұтынушыны қызықтыратын немесе тұтынушыларға дилер инспекторларымен тікелей қарым-қатынас арқылы  жеткізілуі қажет мәселелер сол жерде түсіндіріледі.
Мекеме тұтынушылармен сауалнама жүргізу кезінде түскен арыздарды сәйкессіздік талдауын жүргізу, түзету және ескерту әрекеттерін дағдыландыру мен орындау арқылы шешеді. Тұтынушылардың арыздары «Құжаттармен жұмыс жасаудың реттемесі мен тәртібі» ПСК-007 бойынша уақтылы орындалады. Арыздардың түсуі мен олардың шешімдерін растау «Кеңсенің» компьютерлік бағдарламасында тіркеледі. Ал сымтетік арқылы түскен арыздар «Диспетчерлік» бөлімінің компьютерлік бағдарламасында тіркеледі.
Мекеме жұмысшыларының тұтынушылармен кездесуінде абоненттерді қызықтырып жүрген барлық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, үй және көше төрағаларымен кездесулер ұйымдастырылады.
Мекеме бұқаралық ақпарат құралдармен тығыз байланыс жасайды. Қалалық «Рабат» газетінің жеке «ақпараттық  жолағында»  айына бір рет сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері қызметтерінің өзекті мәселелері туралы жаңа ақпараттармен хабардар етіп отырады. Қоғамға ең жаңа жаңалықтарымен жеткізіп отыратын «Қазақстан-Шымкент», «Отырар» және «Айғақ» жергілікті телеарналармен келісім-шарт түзілген.
Мекеме жыл сайын тұтынушылар, қоғамдық мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа қызығушылық танытқан тұлғалардың алдында өткен жылғы қызмет қорытындысы туралы есеп беріп отырады. 2015 жылы 25 сәуірінде монополияға қарсы органдар, қала әкімшілігі, қоғамдық мекемелердің басшылары, мәжіліс депутаттары, бұқаралық ақпарат мемлекеттік органдары өкілдерінің және т.б. қатысуымен есеп беру өткізілді. Есеп беру барысында қатысушылар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің тұтынушыларды сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерімен қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді.



ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

2015 жылы  жұмысшылардың бір күндік жалақысынан ерікті аудару есебінен денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт мекемелеріне 9 301 512 теңгеге «Мейрімділік» қоғамдық бірлестігінен қайырымдылық  көмек көрсетілді:
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, аз қамтылған және көп балалы отбасыларына 1 536 787 теңге.
- білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелеріне 3 271 450  теңге.
- ай сайын ҰОС 442 ардагерлері мен солармен тең тұлғаларға сумен жабдықтау және кәріздік қызметтерге 5 текше метр, яғни 1 572 275 теңгеге тегін қызмет көрсетіледі.
- ардагерлер мен зейнеткерлерге ақысыз көмек ретінде «Аталар сөзі», «Оңтүстік Рабат», «Рабат», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казакстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» «Қазақ үні», «Рейтинг», «Айғақ», «Саясат», «Жанубий Қозоғистон», «Ар-дақ», «Әділет», «Уақыт»  газеттеріне, яғни 2 921 000 теңгеге тегін жазылу ұйымдастырылады.

ЖЫЛ САЙЫН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІ, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ МЕН “СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ” ЖШС-і ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕҢБЕРІНДЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЯДЫ.





Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж