+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
35.0%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
13.1%
Басқа
14.0%
барлық дауыс: 3195
сұрақтар мұрағаты

Шымкент қаласында тарифтердің өзгеруі туралы

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і көрсетілетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтің өзгеру процедурасын Қазақстан Республикасы 1998 жылдың 09 шілдесіндегі № 272 « Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Заңының талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізеді.Коллекторлардағы апаттарға орай, Шымкент қаласының су бұру жүйелерін қайта құруға байланысты, ұлттық валюта бағамының арзандауына, сондай-ақ ірі өндіріс кәсіпорындары бойынша реттелетін қызмет көлемінің төмендеуіне байланысты ҚР ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау Комитеті ОҚО бойынша Департаментінің тарифтерді қарастыру жөнінде ашық тыңдау 01.04.2016 ж. және 01.06.2016ж. өткізілді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тарифтердің жобасын қарастыру бойынша ашық тыңдауға тұтынушылар, қоғамдық ұйымдардың,мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың өкілдері, үй және көше комитеттерінің өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қалалық мәслихаттарының депутаттары және БАҚ өкілдері қатысып, тарифтердің деңгейін құптап, олардың сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін толық ауқымды және сапалы көрсету мақсатында қажеттілігін мойындады.
Одан да басқа, Департамент екі рет Сараптама Кеңесін және отырысын жүргізді.Осы отырыстарда да есептелген тарифтердің деңгейі бір дауыстан құпталды. Жүргізілген процедуралар нәтижесінде 2016 жылдың 16 маусымында № 179-ОД « Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң 2016-2021 жылдарға шайынды суларды бұру және суды тарату желілері арқылы беру қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы», қолданысқа 2016 жылдың 01 щілдесінен бастап енгізілетін, Департамент бұйрығы қабылданды.
Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес бекітілген тарифтер 01.07.2017 – 01.07.2018 жж. аралығында 13,3% көтерілуімен әрекетке енгізілді. Жаңа тарифтердің есептері 23.05.2017 жылғы № 8/3 Оңтүстік Қазақстан газетінде жарияланған.Сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтердің есептелінуі Бірыңғай төлем құжатында текше метрде алдыңғы айдың тарифі бойынша және ағымдағы айдың тарифі бойынша есептегіш құралдардың көрсеткіштерін түсіру графигіне сәйкес көрсетілген. Түсініктеме алу үшін тұрғындармен жұмыс жасау қызметіне мына нөмірлер арқылы 32-12-47 қосылу (225,226) немесе 32-11-80 хабарласуыңызға болады.

ТЖЖҚ-ң бастығы       Әлімқұлов Орынбек.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж