+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.9%
БАҚ
13.2%
Басқа
14.4%
барлық дауыс: 3513
сұрақтар мұрағаты

Бүгінгі біздің қонақтарымыз – Шымкент қаласы №72 мектептің оқушылары.Танымдық экскурсияны балалар «Су Ресурстары-Маркетинг» мұражайын аралаудан бастады. Мұндағы тарихи жәдігерлерден бастап, заманауи технологиялардың үлгісі оқушылардың қызығушылықтарын тудырды. Мұражай басшысы Әбдібек Пернебекұлы әуелгі кездегі тұрғындардың су тұтыну құралдары: құдықтар мен қауғалар, жер астынан су шығарғыш қол сорғылары, алғашқы іске қосылған су жүйелері туралы айтып берді. Өздері тұратын қала маңындағы Қошқар ата, Бадам, Қарасу өзендері туралы әңгімеледі. Экскурсияға «БиоТЕХ» ЖШС-ның су тазалау бөлімінің басшысы И.Казаринова арнайы келді. Ол кісі балаларға су қабылдағыш құралдары туралы айта келіп, су тазалау үдерістері жайында, яғни тұтынудан артылған судың арнайы су жинау аймақтарына баратынын, қатты заттардан тазаланған соң сүзгіштерден өткізіліп, құрылысқа жаратылатыны жайында ақпарат берді. Қазіргі таңдағы кейбір тұрғындардың әжетханалық кәріз жүйесіне қоқыс тастап,ол қоқыс құбырларда судың өтуіне кедергі жасайтынын, құбырлардың бітеліп қалуына себепкер болатынын түсіндірді. Оқушыларды ондай жағдайларды көрсе, алдын алып, су жүйесіне кедергі болатынын айтуға шақырды. Оқушылар ұстаздарымен бірге мекеменің диспетчерлік бөліміне де барып, бұл жерде үлкен экраннан осы уақытта қала аумағына жеткізіліп жатқан су жүйесі туралы мәліметтерді бақылап, қадағалап отырған қызметкерлердің жұмысын көріп танысты. Бұл жолғы экскурсияның ерекшелігі – қалалық телеарнадан келген тілшілермен бірге өтіп, оқушылар камера алдында «Су Ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметінің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж