+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.8%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.0%
барлық дауыс: 3226
сұрақтар мұрағаты

Күн сайын су арнасымен танысқысы келген адамдардың саны көбеюде. Бүгін бізде ОҚМУ-ң «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының студенттері қонақта болды. Олар «Су құрамын зерттеу» тақырыбындағы жоспарлы практикалық сабағын су арнасының зертханасында өткізді. Зертхана меңгерушісі Г.Жауылбаева, осы университеттің түлегі, студенттерге суды пайдалану қызметінің жай-күйі туралы айтып берді. Ол жастардың «су» мамандығы арқылы дұрыс таңдау жасағанын және адамдарды таза сумен қамтамасыз ету – бұл өте маңызды миссия екенін атап өтті. Студенттер 3 топқа бөлінді: біріншісі ауыз судың құрамын зерттеді, екінші топ ағынды судың құрамымен танысты, ал үшінші топ суға бактериологиялық зерттеуді жүргізді. Лабораториядан кейін жастар орталық диспетчерлік қызмет бөліміне барды, мұнда қаланың барлық тарату орталықтарының деректері: су қысымы, арыны және басқа да индикаторлар үлкен мониторда көрсетіледі. Бөлім бастығы А.Болатбеков орталық диспетчерлік қызмет тәулік бойы, күндіз-түні жұмыс істейтінін, мобильді бригада қызметкерлері туындаған төтенше жағдайды жоюға кез келген уақытта дайын екенін айтты. Студенттерді басқарып келген ОҚМУ-дың «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының меңгерушісі П.Сұлтанбекова «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і осы жоғары оқу орнының ғылыми-өндірістік базасы екенін айтты: «Біздің студенттер су арнасында үнемі практикадан өтеді. Бүгін олар өздері таңдаған мамандықтың ерекшеліктерімен тағы да бір рет танысты». «Су шаруашылығына келуіміздің мақсаты – теориялық білімімізді тәжірибелік дағдылармен толықтыру. Бүгінгі тәжірибе болашақ мамандығымызда алғашқы іргетасын қалауға көмектеседі деп ойлаймын», - деп үшінші курс студенті Амир Дана өзінің әсерімен бөлісті.

Соңында болашақ мамандар су арнасы мұражайына барып, кәсіпорынның тарихымен танысты. Оқытушылар мен студенттер алдағы уақытта су қабылдағыштар мен қалалық ағынды суларды тазарту қондырғыларына баруға және одан әрі тығыз ынтымақтастықта болуға ниет білдірді.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж