+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.3%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.4%
барлық дауыс: 3395
сұрақтар мұрағаты

Тірлігі тындырымды мекемеден шәкірттердің үйренері мол

Тірлігі тиянақты ұжым студенттер қауымына теориялық білімін іс жүзінде сынайтын таптырмас орын. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС –нде қаладағы іргелі оқу орынның шәкірттері өндірістік іс-тәжірибеден өтуде.М. Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан мемлекеттік университетінен келген жастар алғашқы күннің өзінде ерекше білігімен көзге түсті. Оқу ордасындағы білімнің іргесі берік екеніне шүбе келтірмеуге тырысқан болашақ мамандар бұл жолы кез-келген кәсіптің қызығы мен шыжығы қатар жүретінін ұғынды.Тіршілік көзін тұрғындарға таза, сапалы күйде тасымалдау аса жауапкершілікті талап етеді. Тек білім мен білік жеткіліксіз. Кәсіпке деген адалдық, сүйіспеншілік ауадай қажет.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бас¬тап, жастар мәселесі мемлекеттің басты назарында екені даусыз.Осы мақсатта көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып, өскелең ұрпаққа барынша қолдау көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ¬дайын¬дағы да-мудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында жаңа заман талаптарына бейімделу мен жетістіктерге жетудің жолдары қарастырылғанына назар аударған.Осы межеге жету жолында жастардың алаңсыз білім алып, білікті маман атануына негізгі мәнге ие.

Назерке Бердібек, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 3 курс студенті:

Су ресурсы және суды пайдалану мамандығы нағыз өзім ойлаған, қалап оқып жатқан мамандық екендігіне тағы да көзім жетті. «Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС-нің арнайы, жеке музейімен танысудам, өзіме қажетті көп ақпараттарды алдым. Іс-тәжірибе жоғарғы оқу орнында алған білімімді одан сайын толықтыруға көп септігін тигізуде. Мамандық бойынша оқып білгенімді практикалық түрде қолданудамын. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і сияқты ауыз су бойынша ОҚО-да ойып орын алған мекемеде, болашақта мамандығым бойынша қызмет атқарғым келеді.Осында жүргенде менің өз кәсібіме деген қызығушылығым одан әрі арта түсті. Мамандық таңдауда қателеспегенімді мақтана айта аламын.

Әсем Өмірзақова, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 курс студенті:

Мамандығым су ресурсы, суды пайдалану және агротехник. Осы мамандығым бойынша «Су ресурсы-маркентинг» құрамында іс-тәжиребе алып жатырмын. Ең алдымен, біз қауіпсіздік шаралармен таныстық. Қазірде «өндірістік техникалық бөлімде» алған білімімізді шыңдап, іс жүзінде жүзеге асырып жатырмыз. 1951-ші жылдан келе жатқан жәдігерлер сақталған мұражаймен таныстым. Ондағы әр зат көнеден сыр шертеді. Алған әсеріміз өте ерекше. Осы салада аянбай еңбек еткен ардагерлер қызметкерлермен таныстық, олардың жетістіктері арқылы келешекке айнадай бағдар алдым. Сол кісілер сынды менде өз мамандығым бойынша қызмет етіп, мемлекет мерейін өсіргім келеді.

Түйін: Қазақстандық барша жастар ортақ мүд¬деге ұйысып,бір мақсатпен алға жылжуыі тиіс. Ол кең байтақ, ұлан-ғайыр мемлекетіміздің егемендігін мәңгілік ету. Сонымен қатар, мемлекеттің үзік елдермен бәсекеге түсе алатындай қуатты,мызғымас мемлекет болуы. Ұзақмерзімді мақсаттарға қол жеткізіп, тың бастамалар мен стратегиялық шешімдердің басты қозғаушы күші болуы қажет.Діттеген межеге жұдырықтай жұмыла еңбек етсек қана жете аламыз. Себебі, берекелі тірліктің бастауы бірлікете. Сол үшін сөзден іске көшкен жөн

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж