+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
35.0%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
13.1%
Басқа
13.9%
барлық дауыс: 3241
сұрақтар мұрағаты

БҮГІНГІ ОҚИҒА – ЕРТЕҢГІ ТАРИХ

Білім күні қарсаңында Бәйдібек ауданы Сарқырама ауылына жаңа білім ошағы пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде бой көтерген оқу ордасына ардақты ұстаз, соғыс ардагері Оңғар Ормановтың аты берілді. Білім ұясы 150 шәкіртке шақталған. Оқу әдістемелік кабинеттер, спорт, мәжіліс залдары, асханасы бар. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі балаларға тәлім беретін арнайы ұйым қызмет көрсетеді. Мердігер мекеме – «Нұр – Жер» ЖШС-і. Мектептің салынуына жергілікті қазынадан 331 млн. теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстарына 70-ке жуық адам тартылды. Оқу ордасының сметалық құжаттары осыдан 1 жыл бұрын дайындалған болатын. Мердігер мекеме бұл тапсырысты мамыр айында орындап біткен. Жаңа нысанның ашылуы ең алдымен оқушыларды шаттыққа бөледі. Олар бұған дейін тозығы жеткен мектепте білім алып келген еді.

«Өзі жақсының аты өлмейді, ұрпағы жақсының ізі өлмейді». Оңғар Ормановтың ұрпақтары бүгінде ата жолын жалғастырып, елге елеулі еңбек етуде. Әкеден көрген өнеге оларды жақсылық жасаудан тыйған емес. Бүгін де жаңа ашылған білім ұясына демеушлік жасап, мектепке қажетті бірқатар заттармен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, мекемеге су жаңа шағын автобус сыйға тартты. Бүгінгі оқиға - ертеңге тарих. Оңғар Ормановтың және жаңа ғимараттың ашылу салтанатында түсірілген фотосуреттер «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-і жанынан ашылған мұражай төрінде сақтаулы тұр.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж