+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.3%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
15.9%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.4%
барлық дауыс: 3398
сұрақтар мұрағаты

СУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Суды есепке алу құралдарына қызмет көрсету регламенті

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і және оның құрамды бөлімщелері, суды есепке алу және тарату қызметтерінде «Коммуналдық қызметтерді көрсету ережелерін» басшылыққа алу тиіс. «Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС-ң пайдаланушы құрамдық бөлімшелерінің міндеттеріне суды есепке алу және тарату жағынан, мыналар кіреді:

  • Тексеру аралық мерзімнің өтуіне байланысты есепке алу құралын ауыстыру;
  • Бұзылған құралды ауыстыру немесе есептеу құралын жуып шаю;
  • Ақаулары бар жұмыс істеп тұрған құралды жоспардан тыс стендте тексеруге шешіп алу;
  • Есептеу құралының калибрін ауыстыру;
  • Жалғама құбырды есепке алу құралына ауыстыру;
  • Есепке алу құралын орнату және жаңадан салынған су құбырларын пайдалануға іске қосу;
  • Су өлшегіш тораптардағы және су өлшегіш желілердегі бұзылуды жою;
  • Өрт сөндіру айналма жолдардағы ысырмаларды пломбалау;
  • Су құбырларын енгізуді өшіру, қосу;
  • ЖШС-ң өкілімен терең шұңқырлар мен құдықтарда есепке алу құралының көрсеткіштерін түсіру;
  • Тұғын үй қорында және бойлердің алдында орнатылған есепке алу құралы туралы ЖШС-ке мәліметтер беру;
  • Тұрғын үй қорында және бойлердің алдындағы су есептегіш тораптарды тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою;
  • Есепке алу құралын ауыстырудың кварталдық жоспарын жасау;
  • Келісімшарттар жасалған тексеру аралық мерзімі өтіп кеткен есептеу құралын ауыстыру жүмыстарына наряд жазып беру;
  • Тексеру аралық мерзімінің өтуіне байланысты есепке алу құралын ауыстыруы жоспарланған су құбырларын енгізулерін тізімдеу инспекциясына ұсыну;

Тұрғын үйлерде,сондай-ақ жеке заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге су құбырын енгізуде орнатылатын салқын су мен ыстық суды есепке алу құралының үлгісін таңдау регламенті

Суды есепке алу құралын орнату және пайдалану ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген « коммуналды қызметтерді есепке алу құралдарын орнату Ережелері»мен анықталады.
1. Есепке алу құралының үлгісі ҚР Мемстандартымен бекітілуге тиіс.
1.1. «Үлгінің сипаттамасына» сәйкес есепке алу құралын орнату көлденең,тігінен,еңкейкі жағдайда болуы тиіс.
1.3. Орнатылатын құралды таңдау кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:
  • ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 "Ғимараттың ішкі су құбыры мен кәріз жүйесі".
  • ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілері мен құрылғылары».

1.4. Есепке алу құралының сенімділігі ГОСТ Р 50193 «Жабық каналдардағы судың шығынын өлшеу. Салқын ауыз судың есептегіші.» талаптарына сәйкес жүргізілген тозуына тездетілген сынақпен расталған болуы тиіс.
1.5. Есепке алу құралын сыртқы бір қалыпты магнит өрісінен қорғау және/немесе магниттік әсерінің көрсеткіші ҚР МемСТ жүйесінде есепке алу құралын таңдау кезінде немесе құралды сертификаттау кезінде өткізілген сынақтармен расталуы тиіс.
1.6. Судың шығынын есептейтін құралды өндірістен шығару кезінде, өндіруші МемСТ талаптарына сәйкес алғашқы сәйкестігіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету тиіс.
1.7. Салқын су мен ыстық суды есептегіш құралының техникалық құжаттамасында пайдалану барысында салқын және ыстық суды есептегіштің орта-иетегралды өзгеру ырғағы МемСТ талаптарына сәйкес келетіні көрсетілуге тиіс.
1.8. Тексеру аралық интервал есепке алу құралдарының үлгісі бекітілген жағдайда салқын су және ыстық су есептегіш құралдары үшін жылдан кем болмауы керек.
1.9.Есепке алу құралдарын пайдаланудың кепілді мерзімі пайдалануға енгізілгеннен кейін 12 айдан кем болмауы және жасап шығарылған сәтінен бастап 18 айдан кем болмауы керек.
1.10. Орнатылатын салқын су мен ыстық суды есепке алу құралдары шығу импульсынмен қарастырылуы керек.
1.11. Құрастырылымы нақтыланған күніне арналған судың өлшенген көлемін есте сақтауын қамтамасыз ететін есепке алу құралдары, есепке алу құралдарының көрсеткіштері елді-мекенге әр жылдың бірыңғай сақталу күніне (мысалы, 1 маусым)орнатылуы тиіс, бұның өзі м/а,ғимараттағы суды тұтынудың және су берудің негізделген жылдық балансын жасауға мүмкіндік береді.

Су берудің және суды таратуды есептеу және бақылау

1. Суды беру және тарату Мемлекеттік өлшем құралдарының тізіміне кіргізілетін үлгі болатын өлшем құралдарының көмегімен берілген деректердің негізінде анықталады.
1.1 Есеп кезеңінде су құбырлары желісіне су беру кезінде төмендегілер ескерілу керек:
  • Беткі көзден сумен жабдықтау кезінде екінші көтергіштің сорғы стансасында орналасқан шығынөлшегіштердің сол кезеңдегі көрсеткіштерінің негізінде, әр сорғы стансасының құралдарының көрсеткіштерінің жалпы санын шығару;
  • Жер асты көздерден сумен жабдықтау кезінде- бөлек ұңғымаларда немесе су қабылдағыш тораптарында орналасқан суды есептегіштердің немесе шығын өлшегіштерінің көрсеткіштерінің жалпы санын шығару арқылы;

1.2. Су беруді есепке алатын шығын өлшегіштер су шығынының жалпы санын есептеуге немесе автоматты түрде жазуға арналған қондырғылармен жабдықтануы тиіс. Осы мақсатта тағы да ақпаратты сақтау,бейнелеу және автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу техникасы пайдалынады.
1.3.Тұрғын үй қорында салқын су және ыстық сумен жабдықтауды есепке алу құралдарының жүйесі салқын су және ыстық суды есепке алу жалпы үйлік құралын су құбырының ғимаратқа енгізуінде орналастыру, ал пәтерлік құралдарды – пәтерлерде немесе тұрғын емес жайларда орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі
1.4.Есепті кезеңдегі су таратуы осы кезеңде барлық Абоненттердің суды қолдануының жалпы санын шығару арқылы анықталады.
1.5. Есепті кезеңдегі Абоненттердің су тұтынуы шығын өлшегіштер немесе су есептегіштерінің көрсеткіштері негізінде анықталады.
1.6. Есептеу құралының көрсеткіштерін түсіру «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң куәлігі бар өкілі және құралға қол жеткізуді қамтамасыз ететін Абоненттің өкілімен бірігіп жүргізіледі.есепке алу құралының көрсеткіштерін түсіру және су шығыны туралы мәліметтерді ұсыну құқығы абонентке берілуі мүмкін. Бұл ретте көрсеткіштерді түсіру және мәліметтерді беру мерзімі келісімделеді.
Көрсеткіштерді дұрыс түсіру және мәліметтерді дұрыс беру «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң өкілінің бақылауында болады.

Су тораптарын пайдалану

Су өлшегіш тораптарын құрастыру және есептеу құралдарының қозғалысын есепке алу пайдаланушы учаскесі су тораптарын пайдалануды жүзеге асырады.
Есепке алу құралын жөндеу және тексеруден өткізуін осы жұмыстарды өткізуге ҚР МемСтандарттымен аккредитацияланған мекемелер жүргізеді.
    Пайдаланушы учаске жұмыстардың келесі түрлерін жүргізуге міндетті:
  • Есепке алу құралын жоспар бойынша жүргізу;
  • Тізімдеу бойынша құралдарды ауыстыру;
  • Есепке алу құралдардың ескі үлгілерін жаңа үлгісіне ауыстыру;
  • Су есептегішке жалғама құбырларын ауыстыру;
  • Су өлшегіш тораптарын байлау;
  • Жаңа есептегіш құралдарды құрастырып және орнату;
  • Су құбырларын енгізуді жою;
  • Су өлшегіш тораптарындағы ысырмаларды жөндеу және ауыстыру;
  • Құдықтарда және шұңқырларда орнатылған есепке алу құралдарының көрсеткіштерін түсіру;
  • Су өлшегіш тораптарындағы апаттық –жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Қажетті жұмыстарды жүргізуге және дайындауға арналған су құбырлары ғимаратын, жалғама құбырларды, су өлшегіш тораптарды зерделеу;
  • Елді мекендегі «Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін пайдалану Ережелерін» ( № 832, 5.06.2009 ж. ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген) қоқырсытқан, су тораптарына жолды бөгеп тастау, пломба үзілген жағдайда және т.б. Абоненттердің бұзған жағдайларда бекітілген нысанда актілер мен ескетрпелерді түзу;
  • Су тораптарына және су өлшегіш құрылғылардың артқы жағына жоспарланған жұмыстарды жүргізу үшін қол жетуді қамтамасыз ету мақсатында Абоненттермен үнемі байланыста болу;
  • Есепке алу құралының көрсеткішін түсіруді автоматтандыру; адамның қатысысыз жалпы су есептегішінің көрсеткіштерін терминал жіне GSM арқылы түсіру;
  • Ескі үлгідегі құралдарды жаңа сезімталдығы төмен және жоғарғы метрологиялық санатты, сондай-ақ беруші құрылғыларға шығатын құралдарға ауыстыру;

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң
суды есепке алу құралдарына қызмет көрсету құрылымды бөлшімшесінің байланыс телефондары
Мекен-жайы: «Север» м/а, б/н;
тел: 87252-37-54-57; 87252-37-33-62.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж