Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.02.2021
ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ.
«Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС өндірістік процестерді цифрландырудың келесі кезеңіне дайындалуда. Мәселелерді шешу үшін, «Simens» компаниясының өкілдері шақырылды.
Өндірістік циклдар сумен жабдықтау және кәріз жүйелерімен байланысты, өте күрделі. Көптеген бөлімдердің жұмысы қазірдің өзінде автоматтандырылған және цифрландырылған. Мысалы, орталық диспетчерлік қызмет бөлімінде қазірдің өзінде арнайы электронды қосымшаны (FMS) қолданады, соның арқасында апаттық жағдайды алдын алу, қалпына келтіру процесстері бақыланып және талданып отыр. Кәсіпорын жұмысында геоақпараттық жүйе белсенді қолданылады, ал абоненттерге есеп айырысу үшін биллинг (автоматтандырылған есептеу жүйесі) қолданылады.
Сонымен бірге, процестерді оңтайландыру үшін, уақыт пен энергия шығындарын үнемдеу үшін, кейбір процестерді біріктіру қажет, мысалы, 1С бухгалтерлік, ГАЖ және FMS бағдарламаларын . Бұл қаржылық шығындарды есептеудің көптеген мәселелерін шешуге, тереңірек талдау жұмыстарын жүргізуге және тағы басқаларға мүмкіндік береді.
«Simens» өкілдері цифрлық өнімді құру бойынша, қажетті мәліметтер жинау мен кәсіпорында дамыған және енгізілген жүйелерді біріктіру мақсатында, Бірыңғай ақпараттық жүйені (ББА) құру үшін жұмыс істеді.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты