Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 04.05.2022
ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДА СУАРМАЛЫ СУ ЖЕТІСПЕЙДІ
Жыл сайын Түркістан өңіріне 180-200 миллион текше метр суармалы су жетіспейді. Себебі, суару арналары ескірген, нәтижесінде судың едәуір бөлігі шығындалуда. Ал, жергілікті шаруаларға толық тариф бойынша төлеуге тура келеді.
Аудандық мәслихат депутаттары тарифтің көтерілуінің себебін білу үшін, Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сұрау жіберген. Онда, Алматы облысындағы ирригациялық жүйелерді қайта құру ісі жүріп жатқандықтан, үлкен шығындардың болып жатқанын айтты. Депутаттар «Неге басқа өңірдегі жөндеу жұмыстарын Түркістан облысы фермерлерінің есебінен жүргізу керек» деп наразылық білдіруде.
Түркістан облысында барлығы 105 магистральдық және 1500 ішкі суару каналдары бар. Кеңестік жылдарда арнаға сол замандағы ең үздік жабдықтарды орнатқан, бірақ қазірде ол жұмыс істемейді.
Түркістанның өзінде Түркістан магистралды каналынан суарылатын 30 мың гектарға жуық суармалы жер бар. Оңтүстік өңір үшін, әлеуметтік-экономикалық дамудың 2024 жылға дейінгі Кешенді жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар ерекше маңызды.
барлық дауыс: 5587
дауыс мұрағаты