русский / қазақ
ТОО "Водные ресурсы - маркетинг"
+7 (7252) 321-275Горячая линия+7 (7252) 321-274Диспетчерская служба

новости - Новости компании

новость от 12.09.2019

Үш күн бойы «UROS» фин компаниясының жұмыс тобы Шымкент су арнасының өндірістік процесін зерделеп, 11 қыркүйекте жұмыс нәтижелері шығарылды. Финдік әріптестер мекемедегі цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтіп, компания дұрыс бағытта жүріп жатыр деген қорытындыға келді және өз ұсыныстарын айтты.
Фин компаниясының мамандары суды гидравликалық модельдеу жүйесін «офлайн» режимінен «онлайн» режиміне өткізіп беруді,  кез-келген уақытта жүйенің жай-күйі туралы ақпарат ала алатындай етіп автоматтандыруды ұсынды.
Компания датчиктерді орнатудың тиімді орындарын анықтауда өз қызметтерін ұсына алады, сонымен қатар барлық ақпарат бір жүйеден екінші жүйеге автоматты түрде өтетіндей жүйелер арасындағы байланысты орнатып бере алады. Мұның бәрі болашақта апаттар мен бұзылулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Финдік әріптестер атап өткендей, кәсіпорын жөндеу жұмыстары туралы барлық ақпаратты сақтайды, ол мәліметтер болашақта апатты жағдайлар қайталанбауы үшін терең талдаудан өтуі керек.
Олар сонымен бірге құжаттар айналымын еуропалық стандарттарға сәйкестендіруді ұсынды, барлығы құрылымдалып, жаңа желілерді қосқаннан кейін мәліметтер үнемі жаңартылып отырады.
Жұмыс тобы қызметкерлерді оқытудың бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, ол тек өз қызмет саласын жақсы біліп қана емес, сонымен бірге бүкіл өндірістік процесті басынан аяғына дейін түсінуге үйретеді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң басшылығы финдік әріптестерін мұқият тыңдап, кәсіпорынның тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.



ТОО "Водные ресурсы-Маркетинг"
Республика Казахстан,
160013, г. Шымкент,
ул. Г.Орманова 17
Написать письмо
Центральная диспетчерская служба: 321-274, 323-574
Горячая линия: 321-275
Инспекция водных балансов населения: 321-180
Водомерная мастерская: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 плюс внутренний номер отдела
Факс: 322-544
Телефонный код: 8 (7252)
Приемная: 32-11-94, 32-60-09, 32-11-95
Facebook: Водные ресурсы-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
новые технологии и инвестиции Новые технологии Инвестиции Наша техника
17© Все права принадлежат ТОО "Водные ресурсы-Маркетинг"
Дизайн и разработка ТОО "LiO Programs" 2023
       
вверх