русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 27.02.2023

Кәріз-тазарту құрылғылары кешенін кеңейтудің басты мақсаты – оның қуаттылығын арттыру. Бұл ауқымды жұмыс, сөзсіз, жаңа технологияны енгізу негізінде іске асады . Сараптамалық тәсілді талап ететін күрделі жұмыс. Жаңа жабдықтар, агрегаттарды жеткізу және кешенде қолданылатын технологияларды жетілдіру мәселелерін қарастырып, талдау үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не польшалық "EKO-KONSULTING" компаниясының өкілі Кшиштоф Городецкий арнайы келді.

Кшиштоф Городецкий "EKO-KONSULTING" компаниясының өкілі

("Дренаждың сапасы да саны да өзгереді. Қазір заманауи жабдықтар көп. Сондықтан, бір жағынан, біз осы қолданыстағы технологиялық тізбекті жетілдірсек дейміз, ал екінші жағынан, тазарту қондырғыларының қуатын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін арттыру жоспарланып отырғандықтан, төртінші кезекті қосуымыз қажет. Бұл дегеніміз - жеке желі ретінде емес, қазіргі қуатымен бір алгоритмде жұмыс істейміз. Дәл қазір осы мәселені талқылап жатырмыз").

Польша компаниясы 12 жыл бұрын Шымкенттің дәл осы тазарту құрылғылар кешенін жаңартуға қатысқан болатын. Қазіргі таңда оның жұмысын бақылап отырады. Яғни, қандай да бір ақаулар туындай қалса, поляк сарапшылары Шымкент кәсіпорнына онлайн режимде технологиялық қолдау көрсетеді. Өз кезегінде, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары кез келген уақытта шетелдік кеңесшілерге жүгініп, кеңес алып отырады.

 ("Құрылғыларды пайдалану кезінде ағынды суды өңдеу, шөгіндіні өңдеу бойынша сұрақтар көп туындайды. Біз ол мәселелерді бірге талқылаймыз, тиісті шешімін бірлесіп табамыз. Өзара алмасқан көпжылдық тәжірибені ұтымды пайдаланатымыз ұнайды маған. Тәжірибемізді басқа да тазарту қондырғыларында қолдануға болады).

Сонымен, тазарту қондырғылары кешенінің қуаттылығы артқан соң, тәулігіне 200 мың текше метр кәріз суын қайта өңдеуге мүмкіндік туады. Қазір кешен аумағында жер дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары