Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 10.07.2023
Елдің оңтүстігіндегі диқандар судан таршылық көріп отыр. Ауыл шаруашылығы және экология министрлері жағдайдың оңай емес екенін мойындады. Олардың айтуынша, диқандар ылғал сүйгіш дақылдар алқабын қысқартуға асықпайды. Сол сепбепті онсызда аз су, бәріне бірдей жете бермейді. Қызылорда облысының Қазалы ауданында дән себілген 545 гектар алқап қурап қалды. Ал шаруалар 200 млн теңгеден астам шығынға батты. Аумақта 19 мың 200 гектар егіс алқабы бар. Мамандар жерді сортаңға айналдырмас үшін кемінде 10 мың гектарына дақыл егілуі тиіс дейді. Алайда су тапшылығы бұған мүмкіндік бермей жатыр. Мысалы, биыл 6,5 мың гектары ғана игерілді. Солтүстік ауданда егілген дақылды дер кезінде тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін 62 текше метр су қажет. Диқандар суды арнайы кестеге сай кезектесіп пайдалануға мәжбүр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
42.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.2%
Жолым түскенде төлеймін
18.7%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.1%
барлық дауыс: 4645
дауыс мұрағаты