русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 04.10.2023

Виртуалды қоғамдық қабылдау

2023 жылғы 3 қазан күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған кезекті виртуалды қоғамдық қабылдау өтті. Коммуналды қызмет түрлерін тұтынушылар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы сұрақтарын қойды.

Виртуалды қоғамдық қабылдауға коммуналды қызмет ұсынушы компаниялардың, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, іс-шараны монополияға қарсы департамент басшысының орынбасары Айсұлу Әлібекова жүргізді.

Айсұлу Қуанышбекқызы кезекті рет коммуналды қызмет көрсетуші мекеме өкілдерін әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жұмысын күшейтуге, түсіндірме және талдау жұмыстарын белсенді, сапалы жүргізуге шақырды. "СРМ" ЖШС-нің осы бағыттағы жүйелі жұмысын ерекше атап өтті. Күн сайын Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде қалалықтарды, мекеме, кәсіпорындарды сумен қамту және кәріз желілері бойынша ақпарат таратылады. Кәсіпорынның 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалуы бойынша тұтынушыларды хабардар етеді. Су құбыры желілерін жаңарту, кәріз желілерін қайта құру жұмыстары, сондай-ақ коллекторларды жөндеу жұмыстары, желілердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы турасында материалдар беріледі. Сонымен бірге, тұтынушылар көтеретін, көпқабатты, жеке секторда туындаған мәселелер бойынша жедел түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Виртуалды қабылдау модераторы тұтынылған қызмет түрлері бойынша өзара есеп айырысуда ыңғайлы болу үшін чат-бот жүйесін пайдалануды ұсынды. Бүгінгі таңда "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС абоненттерінің 75%-дан астамы Telegram мессенджерінде виртуалды ассистентті (чат-бот) белсенді пайдаланады (сілтеме: wrm_bot).

Осы ретте, тағы да естеріңізге саламыз: Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде кәсіпорынның ашық аккаунттарына хабарласуға болады. Хабарламаны Whatsapp арқылы да +77057581111 нөміріне жаза аласыз.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары