русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 05.10.2023

 

Астаналық мамандар ағынды су тазарту кешенінде болды

 

Елордада ағынды су тазарту кешені тәулігіне 250 мың текше метр суды өңдейді. Халық санының өсуіне байланысты кешенді ұлғайту, қосымша құрылғылар орнату жобасы қолға алыныпты. Екінші кезең жұмысына кіріскен жоба басшылары, мердігер компания мамандары, «Астана су арнасы» МКК-ның бас инженер технологы шымкенттік «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-не қарасты кешеннің технологиясымен танысуға арнайы келді. Қаладағы тазарту кешенінде де бүгінде қосымша имараттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Польшалық компаниямен бірлесе іске асырылған бұл кешенде қаладан жиналатын сарқынды су бірнеше кезеңде тазартылады.

И. Казаринова рассказывает

 

Астана қаласындағы кешеннің қосымша имараты болашақта 188 мың текше метр ағынды суды тазартады деп жоспарланып отыр. Оны іске асыратын мердігер «Интегро Констракшн» ЖШС жетекшілері су тазарту технологиясын орналастыруда қай тұсқа баса назар аударып, нені ескеру керектігін көрді. Польшалық әріптестердің нұсқауымен шымкенттік кәсіпорын мамандарымен сұқбаттасты.

Максим Осенян «Интэгро Констракшн» ЖШС-мердігер компанияның жоба жетекшісі

Өте қызық. Жұмыс нәтижесі жоғары кешен дер едім. Шымкенттік жобаны толық меңгеріп, көріп, біліп, өзімізде Польшалық мамандармен осындай технологияны ендірсек деп отырмыз. Қазір жұмыс тобын құрдық. Енді кәсіби инженерлерді тартпақ ойымыз бар. Жемісті сапар болады деп үміттенемі.

 

1 млн 300 мың халықты сумен қамтып, кәріз желілері бойынша қызмет көрсетіп отырған «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнына бүгінде Европа, Түркия елдерінен және қазақстандық компаниялары да су тазарту кешенін салуға ұсыныс жасап отыр екен. Елордалық әріптестер Шымкенттік «Су ресурстары-маркетинг» компаниясының тәжірибесіне сүйеніп, Польша мамандарына жүгінбек ниетте. Олардың жұмыс нәтижесі қызықтырады, дейді.

Фируза Алдынгурова «Астана су арнасы» МКК бас инженер-технологы

Кешен өте жақсы. Жүйелі жұмысы көрініп тұр. Астанаға қарағанда Шымкенттің орналасқан жері, климаты қолайлы. + Бұл жерде биогаз өндіреді. Тиімділігі жоғары. Ал бізде ол өте қиындау.

 

Бұл соңғы кездесу емес. Түбегейлі зерделеніп болған соң мамандар мен сарапшылар кездесу нәтижесін шығарып, шешім қабылдайды.         

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары