русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 06.10.2023

Барлық ұсыныстар маңызды және міндетті түрде қарастырылады

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де кәріз-тазарту құрылғылары кешенінің маңайындағы экологиялық ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар істеуде. Соның ішінде, ағынды судағы зиянды заттарды жоятын, жағымсыз иіс тудыратын элементтерді жоюға әсер ететін жаңа флокулянттар мен химиялық препараттарды зерттеуге кірісті.

Осы орайда, жақында Шымкенттік ағынды су тазарту кешеніне Литва компаниясының өкілдері келді. Олар кәріз ағындысын тазартуда пайдалы бактериялардың әртүрлі штаммының 45-50 түрінен тұратын органикалық өнім – жаңа препаратты қолдануды ұсынып отыр. Литвалық әріптестер препаратты қолданудың схемасын түсіндіру барысында алдымен қаладағы су тазарту кешенінің жұмысымен танысып, оның барлық кезеңдерін зерттеді. Бұл схема экологиялық жағдайды жақсартуға, кәсіпорынның энергия шығынын азайтуға және қосымша жұмыс процестерін қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта препаратты қолдану бойынша екі жоба дайындалуда. Егер ұсыныстардың бағасы мен сапасы көңілден шығып, ең бастысы, Шымкент тазарту құрылғылары кешенінің пайдалану схемасына сәйкес келсе, онда кәсіпорын басшылығы оны сатып алу және  қолдану мәселесін қарастырмақ.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары