русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.10.2023

Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін алдағы жұмыстар нақтыланды

«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасын бекітті. Кәсіпорын бас директорының орынбасары Абзал Зейнетаевтың айтуынша, бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарға 3 млрд теңгеге жуық қаражат қаралып отыр. Оның ішінде 13 шақырымға жуық сумен қамту желілері, 12,5 шақырымды құрайтын кәріз желілері жаңартылады деп жоспарланған. Биыл жыл соңына дейін тапсырыс берілетін жұмыстардың егжей-тегжей жоспары нақтыланып, жобалық-сметалық құжаттары, техникалық сараптама құжаттары әзірленеді. Бұл жұмыстар басталып та кетті.

Сонымен қатар, 2024 жылы биылға бекітілген инвестбағдарлама аясында қаланың солтүстік және оңтүстік бөлігіндегі кәріз коллекторлары толық жаңаланып, ағынды су тазарту құрылғылары кешенін ұлғайту жұмыстары аяқталады.   

Қайта құру, реконструкциялау 2024 жылы ерте көктемде қолға алынады. Желілерді жаңарту мәселесін Президент Қ. Тоқаев коммуналды шаруашылық мамандары алдына басты міндет етіп қойып отыр.   Кәсіпорынның мақсаты да осы – ауыз сумен қамту және кәріз желілерін жаңарту жұмыстарын сапалы, тұтынушыларға зиян тигізбейтіндей етіп жасау. Оған қоса, жұмыстар күзгі суықтарға дейін толығымен аяқтау көзделген.    

 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары