русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.10.2023

Бөржар су жинақтағышына балықтың бірнеше түрі жіберілді

Қалалық ағынды суды тазарту кешенінде бірнеше кезеңде өңделіп, тазартылған су  Бөржар жинақтағышына төгіледі. Сол жасанды көлге 20 мыңнан астам балық шабақтары жіберілді. Оның ішінде ақ амур және күміс, крестьян тұқы балықтары бар. Ихтиофаунаны толықтыру әдісі ағынды суды биологиялық тазарту циклін толық жасау үшін өте маңызды. Осы процесстен соң техникалық дақылдарды суаруға да болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың желтоқсанында Бөржар көліне пайдалы бір клеткалы микроорганизм - хлорелланың бірінші партиясы құйылған болатын. Биыл көктемде Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығының мамандары хлорелланың тағы бір ірі партиясын салды. Микроорганизм зиянды заттарды жойып, оттегін бөледі, ол су бассейнін толық тазартуға мүмкіндік береді. Хлорелла дафния сияқты әртүрлі шаян тәріздес жәндіктер үшін таптырмас қорек. Жақында Петропавл ғылыми-зерттеу орталығының мамандары су қоймасындағы оттегі мөлшерін өлшеді. Керемет нәтиже шықты - литріне 9,5-10 миллиграммды құрайтыны анықталды. Сондықтан "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі келесі қадамға барып отыр. Яғни су қоймасына балық жіберуді ұйғарды. Осылайша азық - түлік тізбегі тұйықталады: хлорелла–дафния-балық және биомасса табиғи жолмен бөлінеді. Нәтижесінде су жинақтағышы аумағында экологиялық жағдай оңалады.

Ескеретін жәйт, Бөржар су жинақтағышында балық аулауға тыйым салынады. Ол балықтарды жеуге болмайды, қауіпсіз емес.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары