русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 20.10.2023

Қалаға қосымша ауыз су көлемі қажет

Мегаполис халқының саны артып, қала ұлғайып келеді. Бұл дегеніміз - ауыз су қажеттілігі де артуда, оның  шешімі кезек күттірмейді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де осы күрделі мәселе бойынша ақымды жұмыстар істеуде.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандарының мәліметі бойынша, 2023 жылдың жазында бір тәулікте 250 мың текше метрден астам көлемде ауыз су түтындық. Бағалы ресурстың негізгі бөлігі Ақбай-Қарасу су қабылдағышында (тәулігіне 150 мың текше метрге дейін) өндіріледі, одан басқа Шымкентті сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін тағы 4 су қабылдайтын құрылғы бар. Тұрғындар саны мен және қалалық инфрақұрылымның жәйін ескерсек, қалаға берілетін ауыз су көлемін арттыру  қажет. Сондықтан Ақбай-Қарасу су қабылдағышынан қосымша - төртінші су құбырын тартып, көп ұзамай құрылысы басталмақ.

«Ақбай-Қарасу» су қабылдағышынан диаметрі 800, 1000 және 1200 миллиметр болатын 3 су құбыры салынған. Су көлемі барынша артқан кезде  олардың максималды өткізу қабілеті 150 мың текше метрге жетеді. Шымкентті қажетті көлемде ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету үшін 4-ші су құбырын салу керек, сол арқылы қажетті көлемде су жіберіледі",- де»ді "Су ресурстары-Маркетинг  ЖШС Бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов.

Бұл - өте маңызды жоба. Сондықтан қажетті техникалық сараптамалар жасау, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, жобаны мемлекеттік сараптама негізінде қорғау, қаржыландыру көзін  шешу ұзаққа соатын іс емес. Шымкенттің жаңа шағынаудандары тұрғындарын , мекемелерді ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстарын бастау және қысқа мерзімде аяқтау талабы тұр.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары