русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 23.10.2023

Дәстүрге айналған халықаралық турнир

3 күн бойы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион залы волейбол алаңына айналды. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының, қалалық ардагерлері ұйымының, сондай-ақ "Су ресурстары-маркетинг" ЖШС ұйымдастыруымен және қолдауымен қоғам қайраткері, арда азамат Қуаныш Төлеметовты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық волейбол турнирі өтті. Жарысқа көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның бес бірдей өңірлерінен сегіз команда қатысты.

Қуаныш Асылов  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттап, спортпен кез-келген жаста айналысуға болатынын ұғындырған жарысқа қатысушылар арасында өмірін спортқа арнаған кәсіби волейболшылар да, әуесқойлар да болды. Негізінен, барлығы зейнеткерлер. Олардың кейбірі күні бүгінге дейін спорттың осы түрін дамытып, оны қоғамда насихаттаумен келеді.

Александр Пархоменко Алматыдан келген қатысушы

 ((Зейнетке шығып, диванда жату деген жоқ бізде. Есесіне, өзіміз сергек жүреміз. Денсаулыққа да пайдалы. Бізді жақсы қарсы алды, орналастырып, барлығымызға көңіл бөліп жатыр. Командамыздың және турнирдің барлық қатысушылары атынан Шымкент қаласының "классикалық және жағажай волейбол федерациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті Анарбек Орманға осындай басқосуымызды, турнирді жоғары деңгейде  ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Өте қуаныштымыз, бір серпіліп қалдық)).

Закир Әлібеков Қырғызстан, Ош қаласынан келген қатысушы

 ((Осындай үлкен іс-шараның бауырлас көрші елде, Шымкент сияқты әдемі қалада өтіп жатқанына қуаныштымын! Бізге бәрі ұнады, ұйымдастырушыларға және Анарбек Оңғарұлына қонақжайлылығы мен бауырмалдығы үшін көп рахмет! Барлық ойындар тартысты өтті. Барлық командалардың жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Осындай басқосу, жарыстарға қарап, басқа да ардагерлер спортпен шұғылданса деймін. Және жастар үшін мұндай турнирлер салауатты өмір салтын ұстануға тамаша мотивация дер едім)).

Ойындар өте тартысты өтті. Бірінші орынды Алматылық команда иеленді.Алғашқы орыннан көрінген командаға 1 миллион теңгелік сертификат табысталды. Олармен тартысқан "Су ресурстары маркетинг" ЖШС-нің командасы кәсіби деңгейін көрсетіп, екінші орынға тұрақтады, 700 мың теңгелік сертификатты олжалады. Ал, ОШ және Тараз қалаларынан арнайы келген екі команда 400 мың теңгелік жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, номинациялар бойынша үздік ойыншыларға  да арнайы сыйлықтар табысталды.

Анарбек Орман Шымкент қаласының "Классикалық және жағажай волейбол федерациясы" қоғамдық бірлестігінің президенті

Қоғамдық ұйым мұндай турнирлер мен өскелең ұрпаққа үлгі болар басқа да жарыстарды жыл сайын өткізеді. Бұл спорттың волейбол түрін дамытуға, оған қатысушыларға серпін беруге бағытталған жақсы үрдісті көпшілік қос қолдап қуаттайды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары