русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 05.01.2024

Жаңа баспанаға су жүйесі қалай қосылады?

Жаңа баспанаға көшкен азаматтарды дәл осы сұрақ мазалайтыны заңды. Ең бастысы, бәрін тиісті талаптарға, ережелерге сәйкес істеген дұрыс! Сонда ешқандай проблема туындамайды. Сонымен, жаңа үй салғандарға су желісін  қосу жолын түсіндірейік.

Бірінші мәселе – техникалық келісім-шарт қағазын алу қажет. Ол үшін сумен қамтушы мекеме - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не келесіз. Жеке басты куәландыратын құжатыңызды, жер теліміңіздің мемлекеттік актісін және жер телімі бойынша үзінді көшірмені ала келуіңіз керек. Және egov.kz-тен меншік құқығын растайтын анықтаманы ұмытпаңыз. Тағы бір маңызды құжат – учаскеңіздің топографиялық түсірілімі. Себебі, кей учаскелердің астынан жерасты құбырлары өтуі мүмкін. Ал құрылыс кезінде санитарлық қорғау жолағын сақтау аса маңызды, сондықтан, осы түсірілім талап етіледі.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің мамандары сізді тұтынушы ретінде желіге қосу мүмкіндігінің бар-жоғын анықтайды. Техникалық келісім-шарт құжаты 5 жұмыс күні ішінде дайындалады.

Келесі кезекте абонент су желілеріне қосылу жобасын жасатуы тиіс (бұл құжат лицензияланған жобалау мекемелерінде дайындалады) және заңды лицензиясы бар мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы келісім түзілуі керек. Құрылыс-монтаждау жұмыстарынан кейін сумен қамту кәсіпорны өкілдері гидравликалық сынақтар (желінің сапасын пайдалануға дейін тексерген дұрыс) жасап, желіге су жіберіп көреді. Егер бәрі ойдағыдай болса, абонент сертификатталған су есептегіш құралын сатып алып, су өлшегіштер торабына орнатады.

Және соңғы талап - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен келісім-шарт түзіп, суды пайдалану үшін дербес шот ашасыз. Біздің мекенжайымыз: Орманов көшесі, 17 үй.

Ал, қаладағы "Су құбырлары және кәрізді пайдалану басқармасы" МКК қызмет көрсететін аймақта тұратын абоненттер сол мекемеге жүгінуі керек, техникалық шартты сол мекемемен түзеді. Ол Қалдаяқов көшесі бойындағы Әл-Фараби ХҚКО ғимаратында орналасқан.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары