русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 09.04.2024

Қазақстанда ұлттық гидрологиялық қызмет құрылады

 Үкімет «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметін құру туралы қаулыны ашық НҚА-ға шығарды.

Коммерциялық емес акционерлік қоғамның негізгі қызметі – жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология саласында деректер базасын және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді құру. Сонымен қатар жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, цифрлық және картографиялық деректер базасын жасап, басқару.

Қаулыға сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қаржы министрлігі Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің жарғысын бекітеді. Ұйымды әділет органдарында тіркеу, мемлекеттік тіркеу, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және ұйымның мүдделерін үшінші тұлғалар алдында ұсынып, құжаттарға қол қою үшін тұлғаны таңдауы тиіс.

«Қазір ел экономикасында жер асты суларын пайдалану үлесі 7-10% құрайды. Біз бұл ресурстарды ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін белсенді пайдалануға ниеттіміз. Құрылып жатқан ұлттық гидрогеологиялық қызмет елдің жерасты су ресурстарын барлау мен қорғауды қамтамасыз етуге арналған», – дейді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қоғамдық талқылау 19 сәуірге дейін жүреді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары