русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 15.04.2024

Шардара ағын су жүйелерін жаңғыртып жатыр. Арық-атыздарды тазарту жұмыстарына облыстық әкімдікке қарасты мекеме жауапты. Мамандардың айтуынша, техникасы сай, бәрі жаңа. Механикалық тазарту жұмыстары қашан басталды? Каналдың қанша шақырымы тазаланады? Шардара ауданындағы су жүйелері соңғы рет жарты ғасыр бұрын тазаланыпты. Арық-атыздардың ішін қамыс басып, табаны лай бақпаққа толып қалған. Тазалау жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Жоба құны - 1 млрд теңге. Оған 12 экскаватор, 2 бульдозер және 3 дредлайн тартылған. Қазір мекеме қызметкерлері Көксу ауылдық округіндегі 370 шақырым болатын ішкі 3 қашыртқының тең жартысын тазалап үлгерген. Экскаваторшы Нұрсұлтан Санаев ауа райы жақсы болса, күніне 1 шақырым қашыртқы тазалауға болады дейді. Өйткені жаңа техниканың мүмкіндігі мол.  Нұрсұлтан Санаев, экскаваторшы: - Экскаваторды айдап жатырмын. Жерді қазып, сбростарды қазып. Тереңдігі 1,5 метр боп жатыр. Күніне 400-500 метр қазып жатырмын. Жаңбырлы күндерде қиындықтар болады. Лай болады. Техника жаңа, бұзыла бермейді. Жұмыс ауыр емес.  Көктемгі жауын-шашынның жиі жаууы қашыртқы тазалау жұмыстарына кері әсірін тигізуде. Жер лайланып, техникалар қозғала алмай қиналады. Десе де шаруалар су жүйелерінің тазаланғанына дән риза. Тек егістікті суару маусымына дейін тазалау жұмыстары аяқталса болды деп отыр. Ерболат Абилдаев, мердігер мекеме қызметкері: - Диқандар мен шаруалар ризашылығын білдіріп жатыр. Артық суды Сырдарияға құямыз. Бұған дейін бұл бітеліп қалған толық. Қиындықтар боп қалады. Кейбір жерлер биік болады, кей жерлерде су бар. Содан тұрып қалады. Жұмыс маусым айының соңына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Шардара ауданындағы Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзыната, Ақшеңгелді және Достық ауыл округтерінде барлығы 939 шақырымдық қашыртқы бар. Олардың дені мүлде тазалау көрмеген. Соның салдарынан егістік жердегі жер асты сулары дұрыс шайылмай, сор басып жарамсыз күйге түскен. Мыңдаған гектар суармалы жер қолданыстан шығып қалған. Мейрамбек Исаев, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы: - Егерде тазалау жұмыстары бітсе, жердің құнарлығы артады. Көксу ауылында 500 гектардай жер іске қосылады деп отырмыз. Қашыртыны тазалап, суды дарияға құйып отырсақ, жердің құнары артады. Өнімді де мол алуға болады. Шаруаларға өте тиімді қолдап жатыр.  Бүгінде ауданда қашыртыларды механикалық тазалаудан бөлек, каналдарды күрделі жөндеуден өткізу, тік дренаждарды қайта құрылымдау жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Оған республикалық бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. «24KZ»


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары