русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.03.2024

Бөржар су жинақтағышына хлорелланың кезекті көлемі төгілді

Тазартылған ағынды су сақталатын Бөржар жинақтағышындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бір жасушалы микроорганизмдердің - хлорелланың  кезекті партиясы төгілді. Ол Перопавловск қаласындағы су зерттеу жөніндегі ғылыми-техникалық орталықтың зертханасында арнайы өсіріліп, біздегі жинақтағыштың жағдайына бейімделген өнім.

Хлорелла - Жер бетінде 2,5 миллиард жылдан бері қолданыдатын бір жасушалы жасыл микробалдыр. Бұл жасушалардың мөлшері бірнеше микрон ғана, олар тез көбейеді - тәулігіне массасын 2-4 есеге дейін арттыра алады. Хлорелла тіршілік ету ортасына оңай бейімделеді, ол қоректік заттардың көзі деуге де болады – әр жасушада 650-ден астам микроэлементтер бар. Әлемде хлорелла медицинада, косметологияда, мал шаруашылығында көп қолданылады: мысалы, жемшөп қоспасы ретінде, өсімдіктерге арналған тыңайтқыштар, сондай-ақ ағынды суды тазарту және су объектілерін биологиялық оңалтуда пайдаланылады.

Ал Бөржар көліне хлорелла осымен екінші рет төгіліп жатыр. 2022 жылдың желтоқсан айында, күздік егіс аяқталған кезде, тазартылған ағынды суда хлорелла бөлетін оттегі мөлшерінің әр литр суда 9,5 – 10 миллиграмға дейін көтерілгені анықталды. Ал балық өсіретін тоғандарда, мысалы форель өсіру үшін тек 9 миллиграммы ғана жеткілікті.

Су қоймасында оттегінің көп болуы ағынды судағы зиянды заттармен қоректенетін микроорганизмдердің қарқынды дамуына ықпал етеді. Бұл -  жағымсыз иісті болдырмайды жалпы акваторияда да, оның айналасында да экологиялық жағдайды жақсартады. Суда көптеген шаян тәрізді-дафнийлер бар және олар басқа балықтарға таптырмас жем. 2023 жылы осы тоғанға күміс тұқы, ақ амур және крестьян тұқы шабақтары жіберілген болатын. 2024 жылдың маусым айында Бөржар су жинақтағышының акваториясына балықтардың тағы бір партиясы жіберілмек.

Бүгінгі таңда су қоймасындағы экологиялық жағдайдың тұрақтылығын суда жүзетін құстардың көбейгенінен де байқауға болады. Олардың көпшілігі оңтүстікке ұшып кетпейді, осында қалады, - дейді мамандар.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары