+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
44.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
15.7%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.3%
барлық дауыс: 3310
сұрақтар мұрағаты

ЖАҢАЛЫҚТАР - 05.06.2019

Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан жалпы танысу практикасына M.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының (ММУ ҚФ) студенттері келді. Жастар география факультетінің «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша екінші курсты бітірді. Шымкентте олар екі апта болады, осы уақыт ішінде қаланың барлық негізгі кәсіпорындары мен экономикалық аймақтарға баруы керек. 4 маусымда студенттер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не келіп, Шымкенттің су арнасымен танысты.
Қыздар мен жігіттерге барлығы қызықты болды: қалаға су қалай жеткізіледі, тұрғындар есепке алу құралдарымен қамтамасыз етілген бе, неге біздің су Қазақстандағы ең дәмді су болып саналады, биогаз қондырғысы қалай жұмыс істейді. Олар барлық сұрақтарға толық жауап алды және өндірістік процестерді өз көзімен көрді.
«Тәжірибе барысында студенттер кәсіпорынның және ұйымдардың жұмыстарымен және олардың қоршаған ортаға әсерімен таныс болуы керек. Нәтижесінде әр кәсіпорын туралы есеп жазуы тиіс, жұмыс туралы қысқаша баяндап жазады және негізгі экономикалық көрсеткіштерді көрсетеді », - деді ММУ ҚФ география факультетінің доценті Сергей Сафронов.
Оқытушыға да су арнасының қызметі өте қатты әсер етті. Ол өзі де мамандарға көптеген сұрақтар қойды.
«Шымкент су арнасы бірегей! Бұл бүкіл Қазақстан үшін нарықтық қатынастар мен осы саладағы жаңа технологияларды енгізу бойынша эксперименталды алаң. Бұл желілік басқаруды дамытады және жеделдетеді. Сіздерде энергияны өндірудің дәстүрлі емес әдістеріне қатысты нысандар бар – бүкіл әлем үшін маңызды тақырып. Және, әрине, инвесторлармен жүргізетін жұмыстарыңыз – тіпті астанамызда мұндай модель жоқ», - дейді доцент.
Көптеген студенттер жастығына қарамастан өте кең қөлемді ойлайды. Оларды біздің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі, өндірістің адамзат қоғамдастығына әсері, климат және тағы басқа мәселелер толғандырады. Экскурсия барысында көптеген жастар пәтерлерге судың қалай жеткізілетіндігі туралы бірінші мәрте білді.
«Қаланың тұрғыны бола тұра, қарапайым нәрселерге қарап тұрып, олар қайдан келгені туралы ештеңе ойламайсыз. Мұражайға немесе хайуанаттар паркіне экскурсияға баруға болады, дегенмен, қалыптасқан көзқарасты өзгертіп, мысалы, ағынды суларды тазарту қондырғыларына барсақ! Мен кәріздік жүйелердегі ағынды сулардан таза су алу қаншалықты қиын екенін көрдім. Бұл технологияның қаншама процестері бар екенін, қандай күрделі техника қатысатынын және мұнда қандай білікті мамандар қызмет көрсететінін сөзбен жеткізе алмаймын. Мен үшін экскурсия өте қызықты болды!», - деп Данияр Тоқсанбаев өз әсерлерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж