+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
35.0%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
13.1%
Басқа
14.0%
барлық дауыс: 3195
сұрақтар мұрағаты

Мемлекеттік-жеке серіктестік


Елімізде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке көңіл бөлінуде. Бұл жаңалық сумен қамтамасыз ету мен қалдықтарды өңдеу саласында да бар. Облысымыздағы «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС жаңа технологияларды ендіруде Қазақстанда жетекші мекеме. Оның тәжірибесі Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығын да қызықтырып отыр.

«Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басшыларымен мекеменің жұмысымен бөлісті. Тәжірибе айтарлықтай көп. Сондықтан мекеме елімізде алдыңғы қатарда. Ең алғаш жаңа технологиялар осында енгізілді. Нәтижесінде суды тұтыну деңгейі едәуір төмендеді.

    Анарбек Орман, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС бас директоры: «1 адамның орташа есеппен тәулігіне тұтынатын 465 литр суы 115 литрге дейін азайған. Су есептеуіш құралдары, отбасының су үшін төлейтін ақысы едәуір төмендеді. 17 жылдың ішінде 385 теңгеден 652 теңгеге дейінғ яғни, 69 пайызды құрады. Ал бұл уақытта электр энергиясы мен газ бағасы 10 есе өсті.»

Мекеме қажеттілікті тиімді жұмсау бойынша 18 жылдың ішінде 23 миллиард тенгеге жуық ақша үнемдеген. Орталық өкілдері жаңа технологиялардың енгізілуін тәжірибе барысында да көрді. Су құбырларын қашықтықтан бақылау жүйесі жұмыс күшін азайтып қана қоймай, орын алған прблеманы жедел шеуге мүмкіндік береді.

Қонақтарға су жүйесі мен сорғыларға қойылатын құбырлар да көрсетілі. Орталық мамандарын заманауи су есептеуіш және қалдықтарды өңдеу қондырғылары таң қалдырды. Қалдықтарды тазарту мен газ өңдеу құрылғыларымен толық танысқан орталық мамандары мекеме жұмысын жоғары бағалады.

    Ғалымбек Мамраев, Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы басшысының орынбасары: » Мұнда келіп көрдік, өте тамаша. Біз бұған дейін 2-3 су арнасында болдық. Жаңа технологияның өзін айтпағанда, бір ғана тәртіптің өзін келер болсақ, қажетті құралдардың барлығы тұр. Шашылып жатқан қоқыс жоқ.»

Алдағы уақытта «Су ресурстары — Маркетинг» мекемесінің тәжірибесін еліміздің өзге де су арнасы мекемелеріне енгізу жоспарлануда.

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж