+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.8%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.8%
БАҚ
13.2%
Басқа
14.3%
барлық дауыс: 3597
сұрақтар мұрағаты

Жетістіктері – бір мұражай боларлықтай кәсіпорын


   Әрбір азамат, мейлі ол егде тартса да, жас болса да және қандай іспен айналысса да, қоғамды алға жетелеуі керек. Әрқайсымыз қолымыздан келетін тірліктің үдесінен шығып, ісімізді өрге домалатсақ мемлекет те алға жылжиды.
   Егемен елдің ертеңі жарқын болу үшін аянып қалмаған тұлғалар арамызда баршылық. Олар ақылымен, іскерлігімен, дарынымен заманауй Қазақстанды жасап жүрген жандар. Қазіргі медиакеңістікте танымал болған эстрада жұлдыздары болмаса, жанымызда жүрген нағыз еңбекқор жандардың насихаты кемшін.
   Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының алтыншы бөлімінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын ұсынған. Шынында бүгінгі алтын ғасырда көпке үлгі болатындай, өз еңбегімен, білімімен, рухани – имандылық мінезімен, ақыл – парасатымен алға озған замандастарымыз көп. «Оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек» деген Елбасы ұсынысы электронды ақпарат саласының басшыларын, мамандарын ойландыратын болар осыдан соң.
   Қазақстанның әрбір жетістігінің артында тұрған алуан түрлі тағдыр иелерінің еңбегі алтын қорда сқталуға лайықты. Өйткені, тек өткеніміз ғана емес, жеткен жетістігіміз бен бүгінгі ұлт мақтаныштарын дәріптеу арқылы да рухани жаңғыруға бетбұратынымыз анық. Мысалыға мен қызмет жасайтын мекеменің жетістіктері тек облыс қана емес, бүткіл Республикаға және кейбір шет елдерге озық тәжірибелері насихатталып, жетістіктері халықаралық ұйымдардың марапатына ие болған. Бар жетістіктерін жинақтап көргенімде қазіргі таңда бір мұражайға жетерлік болды.

Мұражай меңгерушісі
Ә. Тәңірберген
Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж