+7(7252)
321-275
Жеке
кабинет
Түрі:
Дер.нөмір:
Құпия сөз:

Дауыс беру

Біздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
34.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.1%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.1%
БАҚ
13.2%
Басқа
14.1%
барлық дауыс: 3387
сұрақтар мұрағаты

Су құбырлары және кәріз желілеріне қосылу тәртібі

Қалалық су қүбырлары ( кәріз) жүйелеріне қосылуға және объектілердің қосылуына техникалық шарттарды беру тәртібі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 13 сәуiрде № 10705 тiркелдi.

1) жеке тұлға үшiн – объект иесiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, жеке кәсiпкер куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке кәсiпкер ретiнде қызметтi бастауы туралы хабарламаның көшiрмесi, заңды тұлға үшiн – куәлiктiң көшiрмесi немесе мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы анықтама;

2) тұтынушының атауы және реквизиттерi, өндiрiстiк қызметтiң сипаттамасы, тұтынушы техникалық шарттарды алуға уәкiлеттiк берген тұлға туралы мәлiметтер (қажет болған жағдайда);

3) жобаланып отырған объектiнiң сумен жабдықтау және су бұру бойынша бастапқы деректерi (тәулiгiне текше метр (м3 /тәулiк), сағатына текше метр (м3 /сағ), секундына ең жоғары литр (ең жоғары л/с) суды пайдалану түрлерi бойынша, оның iшiнде өрт сөндiру қажеттiлiктерiне (секундына литр (л/с));

4) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерiн өндiрiсте тұтынған жағдайда, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерiн тұтынудың мәлiмделген көлемдерiн негiздейтiн материалдар;

5) тұтынушының өндiрiстiк сарқынды суларды тазарту үшiн жергiлiктi тазалау құрылыстарының сипаттамасы (қолданыстағы объектiлер үшiн);

6) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерiн өндiрiстiк тұтынған жағдайда, елдi мекеннiң су бұру жүйесiне ағызылатын және ағызылуға тиiс сарқынды сулардың

қазiргi жағдайда және перспективада түрлерi бойынша өндiрiстiк сарқынды сулардың шығыстары;

қазiргi жағдайда және перспективада тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары;

қазiргi жағдайда және перспективада жекелеген көрсеткiштер (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивтi) өндiрiстiк сарқынды сулардың құрамы;

шығарудағы тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары жөнiндегi деректермен сипаттамалары;

7) қосылатын объектiнiң сипаттамалары (ғимараттың мақсаты, биiктiгi немесе қабаты, қосалқы тұтынушылардың тiзбесi) қоса берiледi.



Ескерту: Аталған құжаттар қосымша тіркелмеген жағдайда, кәсіпорын Сіздің арызыңызды қабылдауға және су құбырлары және/немесе кәріз жүйелері объектілерін жобалау және құрылысы үшін техникалық шарттарды алдын ала дайындауға мүмкіндігі жоқ.

Арыздардың үлгісін жүктеп алу қажет

Тұтынушының жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде табиғи монополия субъектiсi:

берiлген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексерудi жүзеге асырады;

есепке алу аспаптарын орнатудың дұрыстығын анықтайды және пломбалау жүргiзедi;

жүйелерге гидравликалық сынама жүргiзедi;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң теңгерiмдiк тиесiлiгiнiң шекараларын айқындайды.

Жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламаға тұтынушы:

1) жасырын жұмыстарға арналған акт, электрондық және қағаз жеткiзгiштерде 1:500 масштабындағы тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң сыртқы желiлерi мен құрылыстарының орындаушы түсiрiлiмiн;

2) суды бактериологиялық талдаудың терiс нәтижелерiн ұсына отырып, сумен жабдықтау желiлерi мен құрылыстарын жуудың және дезинфекциялаудың жүргiзiлгенi туралы актiнi қоса бередi.

Техникалық шарттарды беру туралы арыздарға қосымша тіркелетін құжаттарды ресімдеу және дайындауда көмек алу үшін, Сіз өндірістік-техникалық бөліміне жолығуыңызға болады. Каб.211., тел.32-36-32, 32-12-47 (ішкі 222)

Арыздардың үлгісін жүктеп алу қажет

Яндекс.Метрика
Біздің
байланыстар
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і
Мекен-жайы: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17

Шымкент қ. сымтетіктік коды: 8(7252)
Қабылдау бөлімі: 321-195, 321-194, 326-009
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Шұғыл желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш құралы шеберханасы: 373-362, 375-457
Факс: 322-544
E-mail: info@wrm.kz
© Барлық құқықтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі
Дизайны және iстеп шығу "LiO Programs" ЖШС 2013 ж