ВОПРОСЫ - ОТВЕТЫ - Другое (87)
07.06.2023 (номер вопроса 14913)
задал вопрос: Серік Шолпан АсқарбекқызыВопрос: Сәләмәтсіздерма! Біздің мөлтек ауданда,(мкр Қызылжар, "Құртаев") күн жылып бастаса болды күндіз су өшеді де, түнгі 22:00-дерде бірақ келеді, недеген бассыздық. Сонда халық тіршілігін күндіз қалай жасайды. Неше жыл болды уже, жазда вообще суға түннің жарымында тұрамыз. Осы мәселені де,немесе мәселе бойынша түсініктеме берсеңіздер
Ответ: Шымкент қаласы, Қызылжар м/ауданы, Тереңөзек көшесі №39 үйдің тұрғыны Ш.Асқарбекқызына Сіздің 08.06.2023 жылғы №56-С- W санды кіріс хатыңызға: Хатыңызда көрсетілген Шымкент қаласы, Қызылжар мөлтек ауданы, Тереңөзек көшесі №39 бойынша тексеру барысында анықталғандай су торабынан кейінгі тұтынушының д-15мм су өлшегіш құралының алдындағы (фильтр) толып қалғандығы анықталды. «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-нан және «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері бірігіп көмек көрсетіліп, фильтр тазаланып, толығымен қалпына келтірілді. Қазіргі таңда тұтынушының арыз-шағымы жоқ, су қалыпты жағдайда берілуде.