новости - Новости региона
новость от 28.07.2021
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ, - «ҚАЗСУШАР» РМК ФИЛИАЛЫ
Алматы облысында сумен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Бұл туралы "Қазсушар"РМК Алматы филиалы директорының орынбасары Бақыт Несіпбайұлы Әбішев хабарлады.
"Бүгінгі таңда облыстың барлық шаруалары сумен қамтамасыз етілген, біз 132 мың гектар жерге қант қызылшасы, соя, жүгері, сондай-ақ Қаратал ауданында 500 гектар күрішпен және т.б. суару үшін 7 мыңнан астам шарт жасадық. Фермерлер қазір судың барлық көлемін, олардың өтінімдеріне сәйкес алады. Су аймақтағы өзендерде және су қоймаларында жеткілікті", - деді Бақыт Әбішев.
Бұл ретте облыстың бірқатар аудандарында суару жүйесін қайта жаңарту бойынша ИДБ (Ислам Даму Банкі) жобасы аяқталғаннан кейін суармалы жерлердің ауданы 198 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады.