новости - Новости компании
новость от 26.10.2022
Біз тұтынған су үшін Каспи арқылы төлем жасаймыз, бірақ төлемақы бірден есептен шығарылмайды, кейде сол сомаға түбіртек қайта шығып тұрады. Себебі неде?
Бұл мекемеге жиі қойылатын сұрақ. Ескерте кетейік, банк пен "су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің автоматты базасы арасында өзара ақпарат алмасу 1 тәулікке дейін созылады. Яғни, осы уақыт ішінде сіздің жасаған төлеміңіз өңделеді және міндетті түрде есептен шығарылады. Сонымен қатар, демалыс күндері кәсіпорын базасы жұмыс істемейтінін ескеріңіз. Мысалы, егер сіз төлемді жұма күні кешке немесе демалыс күндері жасасаңыз, онда ол базаға тек дүйсенбіде түседі. Сондықтан, тұтынушылардан сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін мұндай жағдайда қайта төлем жасауға асықпауын сұранамыз. Және біздің мамандар банк қосымшасындағы төлемді бірден есептен шығару үшін жүйелі жұмыс істеп жатқанын естеріңізге саламыз. Жыл соңына дейін бұл мәселе түбегейлі шешіледі.
голосование