новости - Новости компании
новость от 08.09.2019
Шымкент су арнасы жас ұрпақты суға құрметпен қарауға тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Ол барлық білім беру ұйымдарымен, балабақшалардан бастап университеттерге дейін тығыз байланыста. 27 тамызда «Ботакөз» балабақшасында «Су – өмірдің нәрі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, өлеңдер, әндер – үлкен топтың оқушылары су, оның пайдасы туралы білімдерін ортаға салды. Тәрбиеші Бағила Аппасова және музыка жетекшісі Бөрібекова Гүлсара балалармен бірге су астындағы сиқырлы әлемге саяхат жасап, онда түрлі балықтармен танысты. Бұл сабақта барлығы сумен байланысты болды: қыздардың қолшатырмен биі, жаңбыр тақырыбында сурет салу, су тақырыбындағы сергіту сәті, тіпті су ағынының астында «тірілген» гүлдер биі.
Суды ұқыпты тұтыну – мұны ерте жастан үйрету керек, бұған біз «Ботакөз» балабақшасында қайтадан куә болдық.