новости - Новости компании
новость от 08.09.2019
2 қыркүйекте Шымкент су арнасына Азия даму банкінің мамандары және «КазЦентрЖКХ» АҚ өкілдері келді. Делегация сапарының мақсаты – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і тәжірибесін зерделеу.
Қазақстанда шайынды суларды тазарту қондырғыларын жаңғыртудың арнайы бағдарламасы жасалды. Әдетте, мұндай жұмыс ұзақ уақытқа елеулі қаржылық салымдарды қажет етеді. Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі Еуропалық даму банкі мен Азия даму банкі (АДБ) сияқты халықаралық қаржы институттарының қарыз қаражатын пайдалануды ұсынды. Айтпақшы, Еуропалық даму банкі Қазақстандағы ауыз сумен байланысты инвестициялық бағдарламаларға белсенді қатысады.
АДБ өкілдері Шымкент қаласына «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қызметімен танысу мақсатында келді. Кәсіпорынның қызметі Қазақстанның су шаруашылығы үшін үлгі ретінде келтірілген. Делегация мүшелері инвестициялық бағдарламалардың қалай жұмыс істейтіні, суды бақылау және есепке алу, цифрлық технологиялар қалай енгізіліп жатқандығы туралы білді. Сапарының соңында олар қаладағы кәріз тазарту қондырғылар кешенін аралады.