новости - Полезные советы
новость от 09.09.2019
Соңғы уақытта «кәсіби шаршау» термині жиі пайдаланылады. Іс жүзінде әрбір адам кәсіби шаршау не екенін анық біледі және оның белгілерін басынан өткізген: жұмыс істегісі келмейді, жаңа идеяларды ойлап табудан миы бас тартады, ал ұйқышылдық, апатия және әлсіздік оның сенімді көмекшілеріне айналады.
Кәсіби күю жиі стресс алуының, теріс эмоциялардың көбеюінің, жұмыстың шамадан тыс көп болуының және сапалы демалыс жоқтығының нәтижесінде пайда болады. Сондықтан осындай белгілер пайда болмас үшін, өз жұмысыңды дұрыс, сауатты ұйымдастыру қажет. Ол үшін келесі ұсыныстарды ұстануға болады.
Жоспарлаңыздар
Өзініздің әр күніңізді жоспарлауға әдеттеіңіз. Істер тізімін кешке жасаңыз, ал таңертең қайта қарап, түзетулер енгізіңіз. Ең маңызды және шұғыл істерді бірінші кезекте орындаңыз.
Мерзімдер
Барлық белгіленген міндеттерді нақты өз мерзімінде орындаңыз. Ертең жасауға үлгеремін деп кейінге қалдырмаңыз. Орындалмаған іс үнемі сіздің ойыңызда болып, мазалап, көңіл күйіңізге әсер етеді.
Үзілістер
Үзіліссіз жұмыс істеудің қажеті жоқ – бұл ағза үшін артық стресс. Әр сағат өткен сайын 15 минут демалыңыз. Жұмысты ойламаңыз, шай ішіңіз немесе шағын жаттығу жасаңыз.
Күн тәртібін сақтаңыз
Егер сіздің ұйқыңыз қанбаса, уақтылы тамақтанбасаңыз, демалуға уақыт бөлмесеңіз, онда жұмыста сіз өзіңізді нашар сезінесіз.
Алтын ереже: «Барлық жұмыс жұмыста қалады»!
Жұмыстан шыққан соң, жұмыс туралы барлық ойды басыңыздан шығарып тастаңыз. Үйге жұмысыңызды алып келмеңіз, кеш және түні бойы оны ертең қалай орындайтыныңызды ойламаңыз. Егер осы қағидатты ұстанбасаңыз, онда бір күні сіздің бүкіл өміріңізді жұмысыңыз жаулап алады – нәтижесінде сіз шаршайсыз.
Жұмыста болып жатқанның барлығын жүрегіңізбен қабылдамаңыз
Әрине, әрбір кәсіби қызмет проблемаларға, сәтсіздіктерге толы және мұның барлығы адамға әсер етеді. Дегенмен жұмыстағы барлық жамандық үшін жауапкершілікті өз басыңызға алудың қажеті жоқ. Жұмыс қиындықсыз болмайды. Өмір бойы сәтсіздік үшін өзіңізді кінәлаудың қажеті жоқ – қиындықтар барлық адамда кездеседі.
Жұмыс – бұл тек ақша табудың жолы ғана емес. Әрбір адам қолынан келетін өзінің сүйікті жұмысымен айналысуы тиіс. Сондықтан жұмыс адамға өз жасағанынан ләззат алып, қанағаттану сезімін тудыруы қажет. Ал бұл нәрсе жұмыс бүкіл өміріңді жаулап емес, оның маңызды бір бөлігіне айналған кезде ғана болуы мүмкін. Өз күштеріңізді дұрыс пайдалана алаңыз, жұмыстан демалысқа ауыса біліңіз және проблемаларды ұмыта алыңыз – сонда сіз кәсіби шаршаудан аулақ боласыз, өз жұмысыңызды шынайы жақсы көресіз.
Жұмыс сізге тек қуаныш әкелсін!