новости - Новости компании
новость от 10.09.2019
10 қыркүйекте Төреқұлов көшесінде сумен жабдықтау желілерін тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Сағат 17:00-де көшенің Конаев даңғылымен қиылысында Төреқұлов көшесінің үстінен арнайы өткел жүргізілді. Өткел 1220 мм диаметрлік болат құбырдан жасалған, ұзындығы 24 метр. Бұл өткел диаметрі 900 мм болатын сумен жабдықтау желісі үшін қорғаныс корпусы ретінде қызмет етеді. Болат құбыр алдын-ала орнатылған мықты металл бағаналарға қойылған.
Орнатушылар жұмысты 1 сағат ішінде аяқтады. Жұмыс қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың қажетті талаптарына сәйкес жүргізілді.
Су құбырын қайта құруға тапсырыс беруші – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і, бас мердігер – «Тұрлан Құрылыс» ЖШС-і. Айта кетейік, мұндай жұмыс Шымкентте алғаш рет жасалды. Тамыз айының соңында Конаев-Желтоқсан көшелерінің қиылысында жылдам әрі тиімді қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскедегі құбыр демалыс күндері, көлік қозғалысы аз болған кезде ауыстырылды.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не құбырды ауыстыруға қаражатты Еуропалық
даму және қайта құру банкі бөлді. Жалпы, аталған учаскеде 1,5 шақырым су құбыры
ауыстырылады. Шамамен аяқтау мерзімі – 2019 жылдың қазан айының басы.